АКТ қолдану
дағдылары
|
Оқушылар мұғаліммен бірге компъютермен, интернетпен, слайдтары мен видоематериалдарды көрсету үшін интерактивтік тақтамен жұмыс жасайды
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар Ежелгі Қытайдың саяси және діни ойларын біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
(БЫМ) Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісін қолдана тұра, Сиань қаласындағы. атақты жерлеу орындарынан табылған жартылай жерленген терракоталық жауынгердің суретін көрсетіледі. 1974 жылы Қытайда бір шаруаның құдық маңынан ескі терракота кесектерін тауып алғанын, содан кейін археологтар осы жерде қазба жұмыстарын бастағанын түсіндіреміз
(Б) Келесі сұрақтар қойылады:
- Бұл фотосуреттерде нені көруге болады?
- Осы фигуралар табылғанда археологтар не ойлады дейсіздер.
- Бұл жауынгерлер қандай мақсатпен жасалған және неге олар сол жерде жерленген?
- Осыған орай, Сіздер, бүгіңгі сабағымыз қай тақырыпқа арналады деп ойлайсыздар?
Сыныпта талқылау жүргізу.
(Б) Бұл фигуралар не үшін жасалған және неге жерленген себептері түсінідіріледі.
|
Жартылай жерленген терракот жауынгерінің бейнесі
http://otpusk.mirtesen.ru/blog/43964900847/GOROD-SIYAN-TERRAKOTOVOE-VOYSKO
http://travel.nationalgeographic.com/travel/world-heritage/mausoleum-first-qin-emperor/
|
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
10 минут
5 минут
5 минут
7 минут
|
(М) Оқушыларға Қытайдың тұңғыш императорының портреті мен оның империясы слайдтағы картадан көрсетіледі. Келесі сұрақтар қойылады:
- Бұл портретте кім бейнеленген?
- Картадан оның империясының аумағына қарап, империя туралы не айтуға болады?
(М) Мұғалім ол бүкіл Қытайды біріктіре алды деп айта тұра, қандай жолдармен осыған жеткені туралы әлі айтпайды
(Т/Ж) Жұппен жұмыс. Сұрақ:
- Видеоматериал және Ежелгі Египеттегі билеушілерді жерлеу салттары негізінде қандай себепттермен мұндай билеуші өзін осылай жерлесін деп өсиетеді
(Б) Оқушылардың болжамдарын қабылдаңыз
|