Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А-бөлім: Ежелгі Қытай


(Б) Оқушылардың болжамдарын қабылдай отырып, мәтін туралы жауаптарды талқылаңыздар. Тапсырмаға арналған дескрипторлар



бет4/7
Дата24.01.2023
өлшемі37,48 Kb.
#62671
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы не айта алады(1)

(Б) Оқушылардың болжамдарын қабылдай отырып, мәтін туралы жауаптарды талқылаңыздар.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар.

Кем дегенде 3 сұраққа жауап береді.

Императордың қара халық туралы ойларын дұрыс көрсете алады

Императордың заң және тәртіпке қатысты қөзқарасын дұрыс түсіндіреді
(М) Цинь Шихуандидың өмірі мен қызметі туралы материалдар таратылады және келесі сұрақтар қойылады
(З) – Мемлекеттік басқаруда легизм ілімінің рөлі қандай болды?
- Қытайдың тұңғыш императоры туралы өз ойларынызды жазыныздар
- Конфуций мен Лао-Цзы қытайдың тұңғыш императоры туралы не ойлауы мүмкін еді?
Тапсырмаға арналған дескрипторлар

Қытайдың алғашқы императоры туралы пікірлерін түйіндейтін сөйлем жазады

Мемлекеттік басқаруда легизм ілімінің рөлін көрсетеді

Конфуций мен Лао-Цзыдың Қытайдың алғашқы императоры туралы не ойлауы мүмкін еді деген сұраққа жауап беріп, қорытынды жасайды

(М) Цинь Шихуанди императордың билікке келуінен бұрын Қытайдың өзара бәсекелес патшалықтары үнемі шабуыл жасайтын көшпелілерден қорғану үшін қабырғалар салғандығын түсіндіріңіз. Бұрыннан бар қабырғаларды біріктіру арқылы Цинь Шихуанди Ұлы Қытай қорғанына айналдырды.. Цинь Шихуанди әулетінің билеген кезеңінде пайда болған Ұлы Қытай Қорғаны белгіленген картаны және Қорған бөліктерінің қазіргі кездегі көрнекілік суреттерін көрсетіп, сұрақтар қойыңыз.
- Қандай мақсатпен және қалайша Ұлы Қытай Қорғаны салынды?
- Ұлы Қытай Қорғанын салынуы туралы халық аңыздарын оқығаннан кейін қаншалықты бұл қорған Цинь Шихуанди туралы пікірлеріңізді өзгертті?
Қорғанды салушылардың ауыр еңбегі туралы деректердің шынайы екенін, қабырғаны тұрғызуда мыңдаған қытай шаруалары мен құлдардың қаза тапқанын түсіндіріңіз. Цинь Шихуанди император дәл осындай әдіспен Қытай аумағындағы жолдар мен су арналарының тамаша жүйесін жасағанын түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет