Ұзақ мерзімді жоспар: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Күні



Дата06.01.2022
өлшемі19,28 Kb.
#13689
түріСабақ
Байланысты:
Дене шынықтыру 1 сынып




Ұзақ мерзімді жоспар:Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Күні:23.04.20ж



Әдіскер: Авакриев Э.Х.

______________

Тәжірибе жинақтаушы: Қайратқызы А.


Қашықтықтан оқыту Пәні: Дене шынықтыру

Сынып: 1

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Секіруді дамыту үшін тапырмалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1. Бірлескен жұмысты және көшбасшылық дағдыларды сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Секіруді орындау кезінде секіру қимыл-қозғалыс реттілігін сақтау қажеттілігі.

Екпін алып секірудің маңызыдылығын жетілдіреді және жинақтайды, сабақ барысында көрсетеді.


Бағалау критерийі

Дене қимыл-қозғалыс,секірудің маңызыдылығын жетілдіреді, ретілігін сақтайды, түсінеді және сабақ барысында үдерісті көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ескертулер

Дайындық бөлімі:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сапқа тұру;

-Түгендеу, сәлемдесу; -Оқушылардың спорт киімдеріне көңіл бөлу; -Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу;

-Арақашықтықты сақтау;

-Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік ережесі:



  • Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауға болмайды.

  • Секіру кезінде секірушінің екпіндей жүгіретін жолында және оның секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.

  • Спотр құралдарында (үлкен, кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т.б. жаттығу орындағанда) секіргенде міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсуі керек.

  • Арқан бойымен төмен түскенде екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.

  • Акробатикалық және гимнастикалық құралдарда орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз немесе команда берілмей бастауға болмайды.

  • Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

  • Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спотр құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

  • Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға бомайды.

  • Сабақта, үзіліс кезінде басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай, күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

10 мин


Негізгі бөлім:

(К, Т) Сыныпты оқушылар секіру дағдыларын дамытуға алып келетін тапсырмаларды орындайтын шағын топтарға бөлу.
1. Жылдам жүгіру кезінде әр бес қадамда итеріліп, «адымдап» секіруді орындау (5-6 рет).

2. Тізені кейдеге тартып, кедергі арқылы орнынан тұрып секіру (5-6 рет).

3. «Отырған» күйінде қонуымен орнынан тұрып жоғары секіру (мысалы, гимнастикалық мат) (5-6 рет).

4. Жүгіріп келіп аяқты қайшылап, биіктікке секіру (5-6 рет).

5. Қону орнына жақын орналасқан кедергі арқылы бес-алды қадам жүгіріп келіп секіру (5-6 рет).

6. Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).

7. Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).
Секіруді жақсарту үшін қолданатын арнайы жаттығуларды оқушыларға ұсыну. Әр түрлі кедергілерден секіру, ілінген заттарға секіріп жету жаттығулары.
Сызықтан секіру 

Ойынның мақсаты: Қос аяқтап секіру тәсілдерін үйрету. 
Мазмұны: Ойын алаңының бір шетінен түзу сызық сызылады. Сыныптағы оқушылар санау арқылы төрт командаға бөлініп, олардың біріншілері сол сызықтың үстінде тұрады. Осы сызықтан 4-5 қашықтықта бір-бірінен ара қашықтығы 40-50 см болатындай өзара параллель 8-10 сызық жүргізіледі. 
Мұғалімнің белгісі бойынша әр команданың бірінші тұрған ойыншысы бірінші сызыққа дейін жүгіріп келіп , аяқтарын біріктіріп ұстап, паралелль сызықтардан қос аяқтап секіріп өтеді де, қайтып келіп, тізбектің артына барып тұрады. 
Мұғалім секіріп өткен балалардың секіру әдістерін бағалап, басқа ойыншыларды көмекке шақырады. Бұдан соң келесі қатардағы төрт ойыншы секіріп өтеді. 
Ойын осылай барлық ойыншылар секіріп өткенше жалғасабереді. Ойынның соңында әр қатардағы қос аяқтап жақсы секіретін балалардың аты аталады. 
Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатуға болады. 
Ойынның ережесі 
1. Ойыншылардың тез секіргені емес, дұрыс секіргені бағаланады. 
2. Секіру кезінде балалар арасындағы ара қашықьтықтар сақталуы керек. 
3. Оқулықта көрсетілген секіру техникасы орындалуға тиіс. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Ойынды 1-2 рет өткізгеннен кейін, сыныптағы қос аяқтап секіру техникасын жақсы меңгерген екі-үш баланың секіргенін басқа ойыншыларға көрсетіп , басқа ойыншылардан солар сияқты секіруді талап ету керек. 


7 мин

8 мин


Қорытынды бөлім:

Үй тапсырмасы.Секіру жаттығуларын видеороликқа түсіру.

-Бастапқы қалыпқа келу;

-Сабақты қортындылау;

-Лектен шығарып салу.




5мин



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет