Ой сергіту жаттығуы «Самурай, айдаһар, ханшайым»
Оқушылар екі топқа бөлініп, екі қатарда бір- біріне қарап тұрады. «Айдаһар, Ханшайым, Самурай» ойыны. Айдаһар ханшайымды, ханшайым самурайды, самурай айдаһарды жеңеді. Оқушылар кейіпкерлерді сомдайды: ханшайым етегін жайып иіледі, самурай қылышын сермейді, айдаһар қорқытады. Егер жүргізуші бір дегенде бірінші топ айдаһардың кейпіне, екінші топ ханшайымның кейпіне енсе, бірінші топ жеңеді. Жеңімпаз топ марапатталады.
Үй тапсырмасын пысықтау Өткен тақырып бойынша оқулықта берілген тапсырмадағы жобаларын тақтада қорғайды, топта талдайды. Өзара бағалайды.