«Оқыту барысындағы тиімді кері байланыстар» жас мамандарға арналған оқыту семинары
Рефлексивтік есеп
Мен бүгін 5-сыныпта математика пәнінен сабақ өткіздім.Сабағымды жоспарлауда біраз іздендім.
Оқу мақсатына сәйкес бағалау критериилерін жаздым.Сабақ мақсатын анықтадым,сабақ мақсатына сәйкес тапсырма құрастыру оңай болмады.Тәлімгерім апайдан көмек сұрадым.Сол кісінің берген бағдары бойынша тапсырма құрастырдым.Тапсырмаларға дескриптор жасадым.
Енді осы жасаған жоспарлау сабақ өткізу барысында қалай жүзеге асты?Менің байқағаным,үш тапсырма оқушыларға көптік етті.2-тапсырмам күрделі болды,деңгейі жоғары 3 оқушы ғана толық шығарды.Қалған оқушылар көмекті қажет етті.Менің ойымша,мұндай күрделі есепті берген де дұрыс.Мейлі,3 оқушы ғана шығарса да,қалған балалар жолын түсінді деп ойлаймын.Бүгінгі сабақ мақсатына екі тапсырма ғана алуым керек еді.Уақытты жоспарлауда сынып деңгейін ескермеген екенмін.
Бағалау бойынша да өз кемшілігімді түсіндім. Барлық 10 балды дұрыс бөлмеппін. Белсенді болған оқушыларға артық балл қарастырмаппында.
Деңгейі төмен оқушыға саралау тапсырмасын қарастыруым керек еді. Жұптық жұмыс кезінде ол оқушым тек көршісінің көмегімен шықты. Кері байланыс беруде де кемшілік болды. Тек өзін ғана оқушыларға бердім. Ал оқушы оқушыға кері байланыс беруді ұйымдастыра алмадым. Жалпы сабақ барысында тек 1 – тапсырма кезінде ғана «Ойлан. Жұптас.Бөліс» әдісін қолдандым, тиімділігі бар екенін байқадым. Қалған екі тапсырманы орындатуда әдіс тәсіл пайдаланбадым. Келесі сабақты жоспарлау кезінде өзім анықтаған кемшіліктерді ескеретін боламын.
«Оқыту барысындағы тиімді кері байланыстар» \жас мамандарға арналған оқыту семинары\
2022-2023 оқу жылында арнайы жас мамандарға арналған «Оқыту барысындағы тиімді кері байланыстар» тақырыбындағы мектепішілік семинардың
ХАТТАМАСЫ
Күні: 14.09.2022
Уақыты: 12-00
Қатысқаны:12
қыркүйек айының 14-і күні арнайы жас мамандарға арналған «Оқыту барысындағы тиімді кері байланыстар» тақырыбындағы мектепішілік семинар өткізілді.