Екінші мәселе бойынша «ОҚУШЫЛАРДЫ ҮДЕРІСКЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН КЕРІ БАЙЛАНЫС ТИПТЕРІ»тақырыбында тәжірибелі мұғалім З.Адыбаева таныстырылымымен таныстырды.
Мұғалім өз сөзін Стив Джобс сөзімен бастады. «менің жұмысым адамдар үшін жеңіл болмауы керек. Менің міндетім- адамадардың жасаған иеңбегін көріп, оны әрі қарай одан да жақсы нәтижелерге жетуіне ықпал ету.» мұғалімдер де осылай етуге тырысады, яғни оқушыларға пайдалы кері байланыс ұсынып, олардың ойлау кеңістігін дамытып, аясын кеңейтеді. Таныстырылымда мұғалімдер үшін пайдасы болуы мүмкін кері байланыс берудің 9 типін иұсынды.
Мадақтау.
Қайталап айту.
Ресурстарға сілтеме жасау.
Сұрақтар.
Келесі қадамдармен қамтамасыз ету.
Ұсыныс беру.
Өз тәжірибеңізбен бөлісу.
Мұғалімнің оқушылар арасында өзара әлеуметтік орнатуы.
Қолдау көрсету.
Ұсынылған әр кері байланысты типіне жеке тоқталып, өз сабақтарында қалай пайдаланылатынын көрсетті. Кері байланыстың тоғыз типін тәжірибеге еңгізуде назар аударатын басты нәрсе – сыныптағы әрбір оқушының оқуын жақсартуға қандай кері байланыс типі тиімді екендігін сұрыптай білу . Ол үшін сабақ үстінде ұсынылған кері байланыстарды біртіндеп қолданып көріп, кімге қандай кері байланыс көмектесетінін анықтауға болатынын айтып өтті.
Үшінші мәселе «Оқушыларға тиімді кері байланыс берудің 20 жолы» тақырыбында мектеп тренерлерінің таныстырылымы жүргізіледі. Таныстырылым бойынша мектеп тренері мұғалімдерге пайдалы болуы мүмкін тиімді кері байланыс берудің 20 жолын ұсынды.
Кері байланыстың тәрбиелік мақсаты
Кері байланыс беруде уақытты қатты ұстану
Оқушылардың жеке қажеттіліктеріне мән беру
Төрт сұрақ қою
Кері байланыста нақты білім мен дағдыны қалыптастыру
Мақсатқа жету үшін оқушыларды үнемі «Фокуста» ұстау
«Бетпе бет» конференциясы
Вербальды, вербальды емес және ауызша формадағыкері байланыстар
Бір мақсатта бір қабілетке мән беру
Оқушыларға қосымша уақыт беру
Оқушыларды өзара кері байланыс беруге дағдыландыру
Басқа ересек адамдардан кері байланыс алу
Кері байланыс беруде оқушылардың ұстанымдарын жазып алу
Әрбір оқушының жеке қажеттілігін бақылап отыру үшін жазба жүргізу
Оқушы жұмыстары мен ұсыныстарды басында таратып беру
Әртүрлі әдістерді қолдану
Шынайы мақтау айту
Мен байқадым
Модель немесе үлгі ұсыну
Оқушыларды мұғалімге кері байланыс беруін ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |