Зачет сұрақтары


Этникааралық және конфессияаралық келісім



бет14/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

20. Этникааралық және конфессияаралық келісім.
Этникааралық қатынастар (ұлтаралық қатынастар) сөздің кең мағынасында әр түрлі салаларда – саясатта, мәдениет пен тағы басқа да халықтардың өзара іс-қимылы ретінде түсіндіріледі. Бұл этностардың өмір сүруінің материалдық және рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл әртүрлі ұлттардың тұлғааралық қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек, отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық және басқа да бейресми қарым-қатынас түрлерінде болады.
Ал конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар) арасындағы да, негізгі әлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология, дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен қарайтын адамдар.
Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды факторы болды, бұл қазіргі әлемде де солай қалып отыр. Конфессиялар мен этностық топтардың алуан түрлілігіне тән қоғамдастықтардың тұрақтылығы конфессияаралық қатынастарға байланысты. Конфессиялар арасындағы келісім – бейбітшілікті сақтау үшін және олардың жайлы өмір сүруіне қажетті шарт.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген болатын.
Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге асырылуда – этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету.
Аталған дүниетанымдық ұстаным Қазақстан қоғамының саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылықтық бағдарын айқындайтын негіз болып табылады. Әрбір нақты кезеңде ол байытылады, толықтырылады, нақтыланады, бірақ оның мәні бір болып қалады – көпэтникалық Қазақстанда әрбір адам оның этникалық, діни, нәсілдік және өзге де тиістілігіне қарамастан өзін еркін, қорғалған және өз болашағына сенімді сезінуі тиіс.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Мемлекет бастапқыдан барлық этностар үшін мемлекетті қалыптастыру мүмкіндігін беретін Қазақстанда тұратын халықтардың мүдделерін біріктіру, этностық емес, азаматтық қоғамды қалыптастыру пайдасына таңдау жасады. Кофи Аннан Қазақстан Республикасына сапары кезінде «басқа мемлекеттер үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақтылықтың, орнықты дамудың үлгісі» деп атады.
Әлеуметтік сауалнаманың нәтижесіне сәйкес мемлекетіміздегі ұлтаралық қатынас тұрақты.
Көптеген қазақ (89,8%), орыс (84,8%) және басқа ұлттар (88,3%) респонденттерінің пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері арасында бейбіт достық қарым-қатынас орнаған.
Бұл ретте, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі соңғы жылы ұлтаралық қатынастар саласында қандай да бір елеулі өзгерістер болған жоқ деп санайды.
Сауалнамаға қатысқан қазақ ұлтының 19,7%-ы әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас соңғы жылы жақсарды деген пікірде.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел халқының саны 18 395 567 мың адамды құрайды.
Республика халқының этникалық құрамында ең көп саны — қазақтар (67,98 %), орыстар (19,32 %), өзбектер (3,21 %), украиндар (1,47 %), ұйғырлар (1,47 %), татарлар (1,10 %) болып табылады.
Бүгінде қазақстан халқы – бұл біртұтас идея мен бауырластық рухымен біріктірілген КСРО-ның әр түкпірінен құрылған халықтар. Қазақстандықтар шын мәнінде бауырлас халық, дегенмен де бейбітшілік, келісімге келіп, жаңа Отанды табу үшін көптеген ұлттармен бірге қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.
Өзге ұлттардың Қазақстан аумағына жер аударылуы 1920-1940-шы жылдары басталды. Кеңес өкіметі кейбір халықтарды туған жерлерінен күштеп көшіре бастады. 1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Беларусиядан 360 мың адам жер аударылды. 1937 жылдан бастап мемлекеттік шекараға жақын орналасқан Қиыр Шығыс аудандарынан Орта Азияға корей халқын күштеп көшіре бастады.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1941 жылғы 28 тамыздағы «Поволжьеде тұратын неміс халқының қоныс аударуы туралы» Қаулысына сәйкес, 1941 жылдың күзінде Поволжьеден 1 млн астам неміс қоныс аударды, олардың 420 мыңы Қазақстанда орналастырылды.
1942 жылдың маусымында Краснодар өлкесінен, Қырым АКСР, Армения, Әзірбайжан және Грузиядан Қазақстанға 25 мыңға жуық грек, сондай-ақ 29 мыңға жуық басқа халықтардың өкілдері қоныс аударды.
1940 жылдан бастап 1941 жылға дейін Қазақстанға 100 мыңға жуық поляктар жер аударылды. 1943-1944 жылдары Қазақстанға 507 мың балқар, қарашай, ингуш және шешендер, 110 мың түрік-месхетин, 180 мың қырым татарлары күштеп қоныс ауыстырды. 1937 жылдан 1944 жылға дейін Қазақстанға 1 миллион 209 мың адам, ал көшірілгендермен бірге 1 миллион 740 мың адам жер аударылды.
Жер аударудан кейінгі алғашқы айларда ондаған мың адам аштықтан және аурудан қаза тапты. Тірі қалғандарға жаңа тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынды, әйтпесе олар каторгалық жұмысқа жіберілетін болды. Егер қазақ халқының қолдауы мен жанашырлығы болмағанда, күшті моральдық сынақ пен ауыр жұмыстардан аман қалу қиын болар еді. 
21.Жаһандық перспективадағы білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет