Зачет сұрақтары



бет15/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

Жаһандық перспективалар - Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүргізілетін жаңа пән. Бұл пән кіріктірілген оқу бағдарламасына 2012 жылы енгізілді. Негізгі мақсаты - білім алушылардың сыни және терең ойлай білу дағдыларын дамыту және олардың ой-өрістерін кеңейту.
Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс оқушылардың мынадай дағдыларын дамытуды көздейді:

  • түрлі перспективалар мен көзқарастарды сыни талдай білу

  • ойлау және өз көзқарасын дәлелдей білу

  • өз көзқарасына рефлексия жасай білу

  • ғылыми зерттеу

  • коммуникативтік

Жаһандық перспективалар пәні дамытатын дағдылар бірнеше оқу элементтеріне бөлінеді. Оқу элементтері де суб-элементтерге бөлінеді. Аталған суб-элементтер пәннің негізгі оқу мақсаттарын құрайды. Бұл оқу мақсаттары келесідей:
Сыни ойлау - қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді анализден өткізу.
Зерттеу - қорытындыны, аргументті, ойлау жолын және пікірді дәлелдейтін информацияны анализден өткізу.
Рефлексия - зерттеудің адамның көзқарасына әсерін анықтау.
Коммуникация - перспективаны, информацияны және зерттеуді тиімді және сенімді түрде жеткізу.
Жаһандану үрдісінің білім беру саласына әсері
Мақсаты - бірегей әлемдік білім беру деңгейін құру.Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Қазіргі уақытта шекаралар жойылған кезде қашықтықтар маңызды емес. "Жаһандану" термині "өзара тәуелділік" және "интернационализация" сияқты ұғымдарды алмастырды, экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы халықаралық қатынастар жүйесін дамытудың сапалы жаңа кезеңін сипатады. Жаһандану жан-жақты даму үстінде , адам қызметінің әлеуметтік және жеке өмірдің барлық салаларына, сонымен бірге білімгеде әсер етеді. Жаһанданудың басты артықшылығы-діндердің, мәдениеттердің, дәстүрлердің, менталитеттің өзара байланысын қамтамасыз ету және осылайша адамды әлеммен таныстыру.
22. Білім әлеуметтік институт ретіндегі орны мен маңызы
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа саплы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін,әдісін, тәсілін(стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.
Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады,т.б.
23. Білім институтының негізгі функциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет