Зачет сұрақтары


Қазақстанның 1991 жылдан бері экономикалық жүйесі



бет20/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

Қазақстанның 1991 жылдан бері экономикалық жүйесі:
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнет ақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғымамырда – 8,2 %). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседенастамөсті.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:
1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3) макроэкономикалық тұрақтандыру;
4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
32. Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары.
Жұмысбастылық жүйесінің негізгі элементтері:
Еңбек нарығы- еңбек потенциалын тиімді қолдану мүмкіндігін береді, жұмыс орындары үшін бәсеке тудырады, кәсіби өсу мүмкіндігін береді, жұмыс күшінің мобильділігін тудырады, .жұмыс берушілер мен еңбек күшін сатушылар мүдделерін үйлестіру механизмі. Еңбек нарығы- бұл тауар болып табылатын еңбек
ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен
ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді
Еңбек нарығының ерекшелігі – оны ретке келтіретін экономикалық факторлармен қатар:
1.әлеуметтік-психологиялық сипат;
2.демографиялық жағдай;
3.еңбекке жарамдылардың экономикалық белсенділіктерінің дәрежесі;
4.еңбек құндылықтары тәрізді факторлар тән.
Қазіргі замандағы еңбек нарығының ерекшеліктері:
1.Жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне еркін ауысу мүмкіндігіне байланысты біріңғай
еңбек нарығының болмауы.
2. Жұмыскерлердің білім,кәсіби біліктілігі, еңбек қызметі мәртебелерінің әркелкілігіне т.б байланысты
еңбек ақы көлемінің деңгейінің бірдей болмауы
3. Еңбек орнын таңдау және еңбек мотивтері тек материалдық сыйақыға емес, сонымен қатар еңбек
мазмұнымен, жағдайымен, қызмет мәртебесімен анықталады.
4.Еңбек нарығындағы жұмыскердің жағдайы және мүмкіндіктеріоның демографиялық сипатымен
байланысты / жынысы, жасы, отбасылық жағдайы.
5. Көп жағдайда еңбек нарығы секторына ену территориялық-тұрақ құрылымымен
анықталады: ірі қала тұрғындары, немесе ауыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет