Зачет сұрақтары


Әлеуметтік институттар мен процестер



бет4/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

5. Әлеуметтік институттар мен процестер.
Қоғамдық құрылым -әлеуметтік қарым-қатынастардың қайталанатын заңдылықтары.Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық қарым қатынасты табуға болады. Бейсбол ойындары, достық байланыстар, отбасылар мен ірі корпорациялар - бұлардың барлығы күнделікті қайталанатын қарым-қатынас заңдылықтары. Бұл заңдылықтардың кейбірі ресми ережемен, яғни заңдармен орнықтырылса, көпшілігі әдет-ғұрыптардың күшімен орындалады.
Әлеуметтік институт - адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі - бірнеше буынның өмірін қамтиды, әрі қүндылықтардың, нормалар мен мәртебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мәселен, отбасы институтының өзіне тән тұрақты ерекшеліктері - өмірлік серігіңді табу және бала тәрбиелеу. «Ұғымдардың қорытындысы : институттарр рөлдер және мәртебелер» кестесінде денсаулық сақтау саласының мысалында негізгі әлеуметтік үғымдардың өзара қалай байланысатыны дәлелденеді.
Адамзат қоғамдары әркелкі болғанымен, олардың әрқайсысының міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан әр қоғамда бірдей типтегі институттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын отбасы институты.
Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика институты.
• Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыратын үкімет институты.
• Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• Дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқаратын дін институты.
6. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам – биоәлеуметтік жан.
Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.
Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:
1.ӛмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;
2. өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;
3. ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуі, ӛзін-ӛзі басқарып отыруы, ӛзін-ӛзі ӛсіріп отыруы және тб.
4. әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.
Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда – адамдардың ӛздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы ӛзара байланыстары мен ӛзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол ӛзін-ӛзі реттеумен, ӛзін-ӛзі дамытумен, ӛзін-ӛзі толықтырумен және ӛндірумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен кӛрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың ӛзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.
Қоғам адамдардың ӛзара әрекетінің жемісі екендігін ӛткен заманның әлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы әлеуметтанушылар да мойындайды. Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше анықтайды. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам – бұл ӛзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Макс

Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 23 бет Барлығы 164


ЯкорьВебер: «Қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған әрекеттердің ӛнімі болып табылатын, адамдардың ӛзара әрекеті». Толкотт Парсонс: «Қоғам – бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда ӛзін-ӛзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады:
Қоғам – адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын ӛзара әрекеттер жүйесі.
Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы ӛзара әркеттердің жүйесі.
Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып кӛрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады.
Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және ӛзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы кӛптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік ӛсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет