10. Қоғам, теңдік және теңсіздік.
Қоғам – жалпы мағынасында,мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы;тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Теңсіздік-экономикалық ресурстарға,әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың әртүрлі мүмкіндіктері..
Әлеуметтік теңсіздіктің түрлері:
-Игіліктерді бөлудегі теңсіздік
-Бастапқы позициялардағы теңсіздік
-Өзін-өзі жеілдіру мүмкіндігі теңсіздігі
-Қоғам құрылғысымен негізделген теңсіздік - Игіліктерді бөлудегі теңсіздік д/а.
-Ақпарат көздеріне, ақпараттың молшылығына, адам өскен әлеуметтік ортаға, материалдық молшылыққа қол жеткізудің жеңілділігіне байланысты жақсы білім алуға мүмкіндік. Бұл дегеніміз қандай да бір игіліктерге қол жеткізу перспективасы кейбір бастапқы шарттарға байланысты қойылады. Мұндай шарттарды «Бастапқы позициялардағы теңсіздік» деп атайды.
-Ерекшелік пен дербестікке деген ынта қоғамдық қызығушылықтың намысына тиеді. Сол себепті қоғам тыйым сала бастайды, өзін-өзі жетілдіруге қажеттілікті қиындата немесе, керісінше, көтермелей бастайды. Бұл теңсіздік түрін «Өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі теңсіздігі» д/а.
Теңдік
Қоғамдағы әлеуметтік теңдік немесе әлеуметтік теңсіздік ең төменгі деңгейіне қол жеткізу және қолдау философияга,дінге және өзімшілдік деп аталатын өз тамырына кететін еуропалық сананың дәстүрлі құндылығы болып табылады.
Теңдік түрлері
-Мүмкіндіктер теңдігі
-Бастапқы шарттардың теңдігі
-Нәтижелердің теңдігі.
Әлеуметтену және бірегейлік теориялары(Г.Х.Мид,Т.Парсоне)
-Мид Джордж Гербет-прагматизм мен натурализмнің көрнекті өкілі Мидтің шығармалары жөнінде айтатын болсақ, ол өмірді құбылыстардың, оқиғалардың қосындысы ретінде түсінген. Әлеуметтік өмірге деген көзқарасы феноменологиялық социологияға жақын. Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы. Қоғам мен тұлғаны адамдардың байланысы ретінде қараған. Тұлғалардың деңгейі басқа адамдардың рөлін қабылдау қабілетінде. Тұлғаның байлығы адамдармен қарым - қатынасының байлығында. Мид символикалық интеракционизм теориясының негізін қалаушы. Танымал микроәлеуметтану теориясы нышандық интеракционизм теориясы болып табылады. Нышандық интеракционизмнің басты белгілері — ол адамдардың мінез-құлқын түсіндіргенде, жеке тұлғалардың әуестігінен гөрі қоғамдық мүдде мен қажеттілікті басшылыққа алады. Сондай-ақ, адамның заттармен, табиғатпен, басқа адамдармен, адамдар қауымдастығымен және қоғаммен әр алуан байланыстары нышандар арқылы жүзеге асады деп біледі. Негізгі еңбегі "Ымдаудан рәмізге дейін". Бұл еңбегінде нышандық интеракционизм негізінде тілдік және басқа нышандық жүйеде тіркелетін әлеуметтік рөлдер жиынтығы — әлеуметтік қызмет жайлы ұғым жатыр.
Қәзіргі қоғамдағы теңсіздік және теңдікті бағалау.
Әлеуметтік теңсіздік әрдайым болады.Адамдар өзінің физикалық және ақыл ой қабілеттері,сыртқы түрі,табысы,білімі,жынысы,жасы,кәсібі,билігі,меншігі және басқада көптеген белгілері бойынша ерекшеленеді.Бірақ бұл айырмашылықтар әлеуметтік маңызды емес.
Әлеуметтік теңсіздік туралы адамдардың параметрлердің қандайда бір айырмашылығы инстутуциональдық бекітілген және адамдардың өздерінің өмірлік мүмкіндіктерімен бөлінетін топтар бойынша бөлінуі үшін негіз болған кезде ғана айтуға болады.
Әлеумметтік теңсіздік-бұл яғни тек әлеуметтік емес,сонымен қатар мәдени өсімдік.Яғни қоғамдағы теңсіздіктің болуын мойындау адамдардың қандайда бір қарым-қатынаста қандай мағынаға салатындығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |