12. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. 1)Бірінші реттік әлеуметтану - балалық шақта қоғамды қабылдауды білдіреді. Бала әлеуметтенеді, ол тәрбиеленетін отбасының мәдени жағдайына және айналасындағы үлкендердің әлемді қабылдауына назар аударады. Демек, біз ата -аналар баласының алғашқы әлеуметтік тәжірибесін қалыптастырады деп қорытынды жасай аламыз.
2)Екінші реттік әлеуметтану - уақыт шектеусіз және адам белгілі бір әлеуметтік топқа кіргенше жалғасады. Бала жасына қарай әр түрлі формацияларға түсе бастайды, мысалы, балабақшада немесе спорт секцияларында, ол жаңа рөлдерді үйренеді және осының негізінде өзін басқа жақтан қабылдауға үйренеді. Айта кету керек, көбінесе әлеуметтену мен жеке тұлға кейбір сәйкессіздіктерге тап болады, мысалы, отбасылық құндылықтар таңдалған топтың мүдделеріне сәйкес келмейді, содан кейін адам өзін-өзі анықтайды және тәжірибе мен сезімге сүйене отырып таңдау жасайды.
13. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады.Отбасының мемлекеттің бір бөлшегі ретінде жеке адамның ие болуында алатын орны орасан зор. Сондықтан отбасы қазіргі кезеңде де, кейінгі ұрпақта да жас жұбайлардың некелік өмірін қалыптастырудың, дүниеге бала әкеліп тәрбиелеудің, ондағы мәдени құндылықтардың, адамгершіліктің материалдық қажеттіліктің ұрпақтан-ұрпаққа берілу ортасы болып қалады. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар әсерімен бүгінгі отбасының дағдарысқа ұшырап отырғаны белгілі. Атап айтсақ, отбасының табысқа жетуі күрделеніп, бұқара халықтың әлеуметтік тұрмыстық әл-ауқатының төмендеуі, жоқшылыққа ұшырауы, отбасы өмірінің ыдырауы тереңдеп, некенің тұрақсыздығының артуы, қалыптасқан өнегелі-этикалық нормалар мен салт-дәстүрдің бұзылуы, жұбайлар арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды, жанжалдың күшеюі, отбасының жеткілікті түрде материалдық қамтамасыз етілмеуі және кедейленуі, ата-аналардың жұмыс бастылық деңгейінің жоғарылануы олардың бала тәрбиесі мен дамуына өнегелік адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына және физиологиялық-психологиялық денсаулықтарының дұрыс жетілуіне кері әсер етуі, төмендеуі, некесіз баланың дүниеге келуі, әкесіз, жетім, тастанды балалар санының өсуі, жалғыз басты аналар мен ажырасқандар санының көбеюіне әкеліп отыр. А.С. Макаренко жастар тәрбиесінің қиындығын айта келіп, былай деп жазды: «Балалар тәрбиесі — біздің өміріміздің ең маңызды бөлігі. Біздің балаларымыз — біздің еліміздің келешек азаматтары және әлем азаматтары. Бұлар келешек әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тэрбиелейді. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы ана болып өсуі қажет. Біздің балаларымыз -бұл біздің ар-ұжданымыз, біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие — бұл біздің бақытты қарттығымыз, нашар тәрбие — бұл біздің келешек қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, барлық ел алдындағы айыбымыз».
Отбасының қызметi функциясы (мiндетi)-оның белсендiлiгiн көрсету құралы. Барлық қоғамда отбасы өз мiндетiн орындайды: халық санын ұдайы өсiру, бұған физикалық (бала туу) және адамның отбасыда рухани-адамгершiлiктi ұдайы өндiру; Шаруашылық–тұрмыстық. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық мiндетi жеке қосалқы шаруашылығымен, бау-бақшасымен, отбасы мүшелерiнiң өз-өзiне қызмет етуiмен, тұрғын жайдағы санитарлық-гигиеналық тазалық, отбасы бюджетiн сақтаумен көрсетiледi; Тәрбие. Отбасының әлеуметтiк тәрбиелiк мiндетi ата-аналардың балаларға рухани – адамгершiлiк, саяси, әдептi тәрбие берумен айқындалады; Бос уақытты пайдалану мен ұйымдастыру. Оның мақсаты - отбасы мүшелерiнiң таланттарын, мұмкiндiктерiн жемiстi ету, рухани байлықтарын белсендi демалуға пайдалану.