Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту



бет2/2
Дата28.03.2022
өлшемі32,1 Kb.
#29067
1   2
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.

Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
1 Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). 

2 Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады.
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады.

. Кәсіптік бастауыш білім беру
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады.

Кәсіптік орта білім беру
Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл.

Кәсіптік жоғары білім беру
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім
Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы жаңартылған білім

Жаңартылған білім беру болашақтағы сапалы білім кепілі деп тануға болады. Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдау мақаласында айтылған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің жолын ұстап, саналы ұрпақ тәрбиелеп, қоғам жүгін қатар көтерісетін азаматтарды қалыптастырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің сапында болу қай-қайсымыздың да көкейімізге қонары хақ! Елбасының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», «Жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алуы керек» деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық ретінде бағалау жатыр. Қазіргі күнде білім беру саласындағы тың өзгерістер мен жаңалықтардың болуы заман талабына да байланысты болса керек. Қоғамның  өз біліммен толыққанды сусындаған тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер еліміздің білім беру жүйесін қайта құру қажет екенін көрсетеді. Білім беру саласына өзгеріс енгізу - болашақ ұрпағымыздың  терең де жан-жақты білім алып, өмір көшінен қалмауы болып саналады. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы білім мазмұнын жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып , үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру Елбасының айтуымен « білім жүйесін инновациялық дамыту» атты мемлекеттік бағдарлама құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты- білім беру ұйымдарын технологиялармен қамтамасыз ету. Аталмыш бағдарламаның арқасында уақыт өте келе еліміздің электронды оқыту жүйесі дамып келе жатыр. Электронды білім беру ұстаздар мен ата-аналарға балалардың бағасын қарап, білімін бақылап отыруына да өте ыңғайлы .

Шынында да отандық білім беру жүйесі үлкен өзгерістер алдында тұр. Қазақстан да әлемнің 167 елі сияқты COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты қысқа мерзімде қашықтан оқыту форматына көшті.


Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология.

Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. [1]

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта,  техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning)» енгізілетін болады», -  деп қарастырылған. Осы аталған бағдарламада: "Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік - тақырыптық жоспарын, топ журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтың қызметін директордың орынбасары жүзеге асырады. Электрондық оқыту жүйесі оқушылардың қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытады және өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Электрондық оқыту жүйесі қазіргі білім берудің «өмір бойы білім алу» мен «баршаға ортақ білім беру» қағидаларына сәйкес оқушылдардың жеке және ұжыммен жұмыс жасауына жағдай жасалуы тиіс. 

Заманауи білім берудің ерекшілігі

-Жаңа ақпарат беру
-Заманауи технологияны меңгеру
- Іздендіру
-Өз бетімен жұмыстарды орындау
-Қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру
-Ой-қиялын дамыту

Қазіргі заманғы қашықтықтан білім берудің кемшіліктері:



Теңгерімсіз даму. Интернеттің көмегімен ғана аяқталатын қашықтықтан білім беру Қазақстанның кейбір ауылды аймақтарында қашықтықтан білім беруді дамытуда қалалық аймақтарына қарағанда басымдығы жоғары.Сондықтан, елге біріздендіру үшін тиісті саясатты қалыптастыру қиын, соның салдарынан қашықтықтан білім беру стандартталған емес. Сонымен қатар, жақында қашықтықтан білім берудің мәртебесі туралы сауалнамада есеп беру кезінде студенттердің біліктілігі жоқ екендігі анықталды, ал кейбір оқушылар онлайн-оқытудың шарттарын көрсетпеді, бұл синхронды емес оқыту мен оқуға, тіпті оқытуды тиімсіз ұйымдастыруға әкеледі. Оқу-әдістемелік ресурстардың көшірмесі. Заманның даму қажеттіліктеріне сай болу үшін көптеген мектептерде оқыту жұмысына онлайн біліммен ұштастыра үлкен мән беріледі.Кейбір білікті мектептер желілік қашықтықтан білім беруді дамыта бастады, бірақ әр мектептің қашықтықтан білім беруді дамытуда көптеген проблемалары бар.Соның бірі Бір аспект - оқыту ресурстарының қайталануы. Оқытуды басқару жүйесін қоспағанда, көптеген мектептер қашықтықтан оқытуды жүзеге асырған кезде, әр курс жаңадан дамып келеді.Бұл тек үлкен қаражатты ғана емес, сонымен қатар көптеген адам күштерін қажет етеді. Қазіргі уақытта көптеген желілік қашықтықтан білім беру кәсіпорындармен бірлесіп құрылды.Кәсіпорындар қаражат пен технологияны қамтамасыз етеді, ал мектептер мұғалімнің күші мен мұғалімнің бақылауын қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет