Заңды тұлғаны тоқтату екі жолмен өткізіледі: қайта құру және тарату арқылы. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату күні болып ол жөнінде мәліметтерді Мемлекеттік Реестірге енгізу күні саналады. Қайта құру дегеніміз – ол, мирасқорлық негізінде оның құқықтары мен міндеттерін басқа заңды тұлғаға ауыстыру арқылы, заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Ол бес нысанда өткізіледі: бөлү, бөліп шығару, қосу, біріктіру және өзгертү. Қосу, біріктіру және өзгертү кезінде мүлкі жөнінде өткізу (тапсыру) актісі жасалады, ал бөлү және бөліп шығару кезінде бөлү балансы жасалады (ҚР АК 47 б.) Қайта құруға қарағанда, тарату – ол, мирасқорлық негізінде оның құқықтыары мен міндеттерін өзге тұлғаға ауыстырмастан, заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Заңды тұлғаны тарату заңда белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі (ҚР АК 50-51 б., б.). Оның негізгі ұғымдары: «тарату комиссиясы», «тарату балансы», «аралық тарату балансы», «несие берүшілердің талаптарын қанағаттандыру кезегі», «төлемдерді капиталға айналдыру».
Қазіргі кезде заңды тұлғаны тарату негіздерінің бірі - банкроттыққа ұшырау болады. Банкрот деп тану тәртібін реттеуде қолданылатын нормативтік құқықтық акт - ол 1997 жылы 21 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңы. Азаматтық өрістің субъектілері ретінде төлемдерін өтеу қабілеттілігінен айрылған борышкерлерді сақтап қалу мақсатында мемлекет әр түрлі ақтау шараларын қарастырады және сол шаралардың еш бір тиімділігі болмаған жағдайда ғана, сот, борышкерді банкрот деп тану жөнінде шешім қабылдайды. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер де банкрот деп танылуы мүмкін (ҚР АК 21 бабы). Банкроттыққа ұшырау ерікті және ықтиярсыз болады, несие берүшілер бастамасымен немесе борышкердің өз бастамасымен өткізіледі. Банкроттыққа ұшырау тәртібі толық түрде жоғарыда аталған ҚР «Банкроттық туралы» Заңымен реттеледі. Банкроттық – ол, борышкердің, соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болып табылатын, дәрменсіздігі болады. Дәрменсіздік түсінігі 52 баптың екінші тармағында берілген. Жоғарыда айтылғанмен қоса, заңды тұлға таратылғаннан кейін қалған мүліктің тағдыры жөніндегі ережелерді білү қажет (ҚР АК 50 б. 8 т., 51 б. 5 т.).
Заңды тұлғалардың жіктелүі оларды коммерциялық немесе коммерциялық емес түрлерге жатқызуға байланысты.