Коммерциялық ұйымдар – ол қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін заңды тұлғалар. 1995 жылы 1наурызда күшіне енген ҚР Азаматтық кодексы (жалпы бөлімі), заңды тұлғалардыњ тек белгілі бір құқықтық-ұйымдастыру нысандарын қарастырған және бұрынғы барлық заңды тұлғаларды осы талапқа сай қайта тіркеуге міндеттеген. ҚР АК сәйкес (өзгерістерімен, қосымшаларымен қоса) коммерциялық заңды тұлғаларға келесі құқықтық-ұйымдастыру нысанында құрылған заңды тұлғалар жатады: мемлекеттік кәсіпорындар (шаруашылық жүргізу құқығындағы және жедел басқару құқығындағы (қазыналық кәсіпорындар); шаруашылық серіктестіктер (толық, сенім, жауапкершілігі шектеүлі және қосымша жауапкершілігі бар); өндірістік кооперативтер мен акционерлік қоғамдар.
Коммерциялық емес ұйымдарға заң шығарушы келесілерді жатқызған: қоғамдық бірлестіктер (саяси партиялар, қозғалыстар, орталықтар және т.б.), қорлар (зейнетақы, қайрымдылық), діни бірлестіктер, мекемелер (мемлекеттік және мемлекеттік емес) және тұтыну кооперативтер (пәтер иелерінің кооперативы, гараж кооперативы, саяжай кооперативы және т.б.), ассоциациялар (одақ) түрінде құрылған заңды тұлғалар бірлестігін. Коммерциялық емес зағды тұлғалардың кейбір түрлері коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде де құрылуы мүмкін (мысалы: зейнетақы қоры). Коммерциялық емес заңды тұлғалар - өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйымдар. Оларға заң шегінде кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілсе де, таза кіріс табу негізгі мақсатына жатпайды. Коммерциялық емес ұйымдардың негігзі мақсаттары: әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, басқару, қайырымдылық, заңды мүдделерді қорғау, жанжалдарды шешу, денсаулық сақтау, өз мүшелерінің игіліктерін қамтамасыз ету, саяси, т.б.
Әр заңды тұлғалар жөнінде Азаматтық құқықтың жалпы нормаларына қосымша ретінде арнайы нормативтік құқықтық актілер қабылданған. Мысалы: 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы, 1998 жылдың 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы, 2001 жылдың 16 қаңтарындағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, 2001 жылдың 8 мамырындағы «Тұтыну кооперативы туралы» ҚР Заңы және т.б. Заңды тулғалардың жіктелүінің өзге негіздері: заңды тұлғалардың міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың жауапкершілігінің шегі мен мөлшері; құрылтайшылардың ең аз және ең көп мөлшері; олардың субъектілік құрамы; заңды тұлға таратылған жағдайда оның мүлкіне деген құрылтайшылардың құқығы және т.б. Мысалы: өндірістік кооперативтің құрылтайшыларының (қатысушылары) саны екі адамнан кем емес, тек ғана жеке тұлғалар болады. Олар жарғылық капиталына өз үлестерін қосып ғана қоймай, кооператив қызметіне де өз еңбегімен қатысады. Сондықтан, казіргі кезде ондай заңды тұлғалар аса көп емес. Ал ЖШС бір және одан да көп тұлғалармен және жеке тұлғалармен де, заңды тұлғалармен де құрылуы мүмкін. ЖШС қызметіне құрылтайшылар өз еңбегімен қатысуға міндетті емес, жарғылық капиталына өз үлестерін қосса да жеткілікті болады.