Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали бақЫТҚа жету әліппесі астана 2014



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата19.01.2017
өлшемі424,89 Kb.
#2252
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Сыртқы ілім мен сыртқы-ішкі ілім

арасындағы қарым-қатынас және

қарама-қайшылықтар

Сонымен   көрер   көзге   аян   –   тысқы   ілім   қабығы,   ішкі   ілім   ақиқат 

маңызы екені білдік. Адам ерекше жеделдік әрекеттерімен   тысқы ілімді 

және соқыр сеніммен орындалатын ақылға қияс және жұртшылықты өзіне 

тартуымен ақиқатты таба алмайды. Ондайлар тек тәкаббарлықпен, барлық 

ілім   менің   білгендерім   деп   күмән   келтірер.   Бұл   сияқты   күмәнданушы 

кеудемсоқтар, ақиқат жолына  тек перде  болар. Егер адамдар бұл сияқты 

кеудемсоқтықтан   аулақ   болса,   тысқы   және   ішкі   ілім   ақиқатына   тосқын 

перде   болмайды.   Тысқы   ілім   құралымен,   өте   қиын   істерді   жеңілдетіп, 

оның ақуалының мәртебе дәрежесін көтеріп, кемеліне келтірер.

29


Алайда бағзы сопылар ашудың атына мініп, мүдесіне жетемін деген 

ұзаққа созылған қияли, негізсіз, бос әурешіліктің тұтқынында қалып, ұзақ 

уақыт   шүбәлі   перденің   тасасында   қалар.   Сонымен   қатар,   кісі   ілім 

шырағын қолына келтірді дейік. Бұл жағдайда шүбәлі ойдан аман, кеселді 

қатерлерден сау-саламат табандылардан болар. Егерде тысқы ілім – ақиқат 

жолындағы   перделер   деген   сөзді   ұлық   уәлилер   және   білгір   кәсіпкер 

дәрежесіне   жеткен   кісіден   аңғарсан   таңданбағын.   Бірақ   ұят   дегенді 

жинастырып   қойып,   жеңілдікке   салынып,   арам   және   мәкүрі   істерді 

өздерінше халал немесе мүба (халал мен арамның ортасында) деп біліп 

жеңіл табиғаттылардан болғансып, киелі жерді тәуап еткен болып және 

қабірстандарға зиярат етіп, пірлерімнің қызметінде болдым деп жүргендер 

бүл заманда  пайда  болыпты. Әр уақытта мүндайлар ақиқат жолын таба 

алмас   хабарсыз  болар.  Бірақта,   олар   кейбір   ғибраттарды   сопылар 

қауымынан жат алыпты, бұл сияқтылардың қылар істері қыдырымпаздық 

пен қонақ болу мардымсыз, жағымпаз сөздермен жұртты алдап, өсек-аян 

таратып, халықты тура жолдан шығуға итермелер. Ол үстіне сопылардың 

шекпенін   киіп,   беліне   белбау   байлап,   мойындарын   түрлі-түрлі   моншақ 

тәспімен   безендіріп,   ілімді   ғұламаларды   наһақтан   жамандаудан  да 

қайтпайды.   Бұлар   сияқтыларды   өлтіру   керек.   Олар   шайтанның 

қызметкерлері, шайтандық сипаттағылар. Құдай тағала мен Расулилланың 

дұшпаны  болар.  Құдай   Расулилла   барлық   халыққа   ілім   үйретуді 

бұйырыпты.

Анықтап айтсақ, бұлар сияқты жеңіл табиғатты опасыздарда қандай 

кісілік   болмақ.   Ілімді   ғұламалар   ілімге   тән   мәліметгер   жайлы   теріс 

үгіттерін   айтып,   тіл   ұзындығын   жасар.   Ал   шын   мәнінде,  Алла  тағала 

Расулилла С.Ә.У-нің Хадис Шәрібінде, Құран Кәрімде сан рет ғұламалар 

мен ілімді мадақтапты.

Сонымен бұл мұңдар-опасыздар ілімнен, не діннен ләззат ала алмай, 

не  тысқы   ілімнен   несібесін   таппай,   бұл   сияқты   жағдайға  не  үшін   тап 

болған?   Бұл   сияқтылардың   ақуалы   ақымақтардың   халіне   ұқсайды, 

Есіткенім бар еді, химиягерлік  алтын  жиғаннан абзал деп, өйткені одан 

өлшеусіз алтын пайда болар. Абзалдығы – ақиқат, бірақ алтын зерін асыл 

дейді ғой. Бұл тұрғыдан қарасақ, олар химиягерліктен түк  те  хабарсыз. 

Химия   –  алтыннан   абзал   деп   лапылдап   сөз   айтқанымен,   әүре   көр-

саналықтан, яғни аштық аш-көздіктен опат болар. Шын мәнінде, әулие-

әнбиелердің жаңадан тапқан кереметтері химияға ұқсайды. Олардың ілімі 

де алтынға Қадір-мәртебесі  химия  зерінен анағұрлым абзалдығы белгілі. 

Солай болғанымен,  бұнда да аз да  болса бір өлшем қасиет бар. Мысалы 

бір   кісіде   жүз  динар   алтыны  болып,   химиягерлікті   білсе,   мың  динар 

алтыны бар кісіден абзал емес пе? Химиягерлік деген сөз ғаламда есепсіз. 

Бірақ химиягерлікті игеріп қолына келтіргендер бұл кезде табыла бермес. 

Алайда, ол бір тобыр-топтар химиягерліктің қилы тарабынан  сөз  айтар, 

олардың түп мақсаты, өздерін ғана  ойлап ,  өзгенің көзін бояп алдау. Ал 

30


сопылардың  да  халі   дәл   осыларға   ұқсас.   Адамдар   қиыншылықпен 

сопылық жолға    кіргенімен , кемел  дәреже таппағы қиын, шамалы ғана 

болар. 

Ақиқат  жолына   сондай  дәреже   тапқанымен   ғұламалардан  артық 



болмаc. Және сопылардың халі осындай жағдайда бола тұрып , бастапқы 

кезеңде кейбір нәтижелерді көрер. Шариатқа теріс істерінің себебінен, ол 

мәртебеден   түсер.   Кейбiреулері  қияли   делбе   ақылдан   азғындағандар 

қатарында болар. Одан ешқандай   нәтиже шықпас. Күмәнданушылар де 

болар   осы    жолмен   білім   дәрежесіне   қолы   жетер   деген.   Алайда   бұл 

үміттен түк те шықпас. Бәлкім ғұламалардан ол кісілер абзал шығар, іліми 

ақиқатта елеулі жетістікке жеткен, дін исламға қатысты барлары болады. 

Ілімді  кісіден  үйренбекке   қажеті  болмай  өз    алдына  Аллалық  Ладуный 

ілімді игеріп, бұл мәртебеге душар болған шығар. Әнбие мен әулиелердің 

ілімдегі ашқан жаңалықтарын куәландыра білгін. Бұл сияқты мұндарлар 

халінен   аулақ   болмақпен   бірге,   әулиелердің   де   жоғарғы   құрмет 

дәрежесінен   ықыласыңды   аудармағын,   олардың   айтқандарын   жоққа 

шығарушы   болма.   Кімде   кім   ілім   мен   ғұламаларға   құрмет   көрсетпей 

менмендік   аңғартса,   әлбетте,   ол   –   бұл   дүние   де,   ол   дүниеде   де 

несібесіздіктің белгісі болар.

Он 

   жетінші тарау

 

 

Адамдардың биік бақыты, ой-пікір санасын жетілдіруге бағытталған 

тәлім-тәрбие, оның дәлелі

Діл   –   адамдардың   биік   бақыты,   Әзіреті   Хақ   нұрлы  Алла  тағаланы 

танымақта себепкер екенін қандай дәлелмен білеміз? Оны мына дәлелмен 

білгенің   жөн.   Әр   нәрсенің   бақыты   –   сол   нәрселердің   рахаты   мен 

ләззатында болар, егер оны табиғаты жақтыратын болса. Ал табиғаты оны 

жарата   қойсын,  оны   ол   не  үшін   құрметтер,  не  себеппен   мадақтағай? 

Байқасаң, шаһуат құмарлығының қалауы – өз талап тілегіне жетуді ойласа, 

ашу ғазаптың қалауы қарсыласын сынамақ, яғни өшін алудың жолында 

болар.Көздің   қалауы   –   келісімді   сұлу   сурет,   көрікті,   табиғи   әдемілікті 

қалар. Құлақтың қалауы – әсем ән, әсерлі дауыс естігісі келеді. Осыларға 

ұқсас ділдің қалауының 

 

өзіне тән қасиеті болар. Ділді сол үшін құрметтер. 

Діл адамның ардақтайтын қалаулы қасиеті. Ділдің қасиеті сол болар, Хақ 

нұрлы  Алла  тағаланы аспан көк сипаттарынан бастап, барлық дүниедегі 

заттардың   ақиқатын   білуінде.   Барлық   шаһуат   шабыты,   ашу-ғазабы, 

басқаларды  да   бес  сезім   жолымен   білуге   болады.   Бұл   қасиет   үй 

жануарларында да  бар,  осы тұрғыдан алып қарағанда, адам өзі білмеген 

нәрселерді білмекке талап, әрекет қылады. Оны уақытында білсе, көңілі 

шаттанар.   Егер   білуге   ықыласы   болмаған   жағдайда,   көңілсіз   болмас. 

Мысалы шатраж ойынына ұқсас шатражды білетін адамға, ойнамағын деп 

31


айтсаң, сабыр етіп тоқтауы өте  қиын. Өйткені, ол өте қызық ойын. Оны 

ойнауды   мақтаныш  та  мәртебе   көрер.   Ділдің   қалауы   –   ақиқат   жақсы 

істерді білу  болар.  Қай нәрсенің ілімдік тағлымы, ғазиз және игілікті іс 

екенін,   оның   ләззатының  да  толық   екенін   білгейсің.Біреу  уәзірімен 

көңілдес болып, падиша ақуалынан хабары болса, әлбетте, шат болар. Ал 

падишамен   дос,   көңілдес   болып   мемлекет   жағдайынан   хабардар   болса, 

оның шаттығы одан асып түсер. Егер сызу ілімін меңгеріп, аспан-көктің 

мөлшерін білген кісінің ләззаты, падишаның ләззатынан, шатранж білген 

кісінің ләззаты одан да артығырақ. Әр түрлі нәрселерді білу жақсы қасиет. 

Жақсының ләззаты да ұлығырақ.

Сонымен,   дүниеде   бар   нәрсенің  Алла  тағаладан   артығырағы   жоқ. 

Барлық   нәрселердің   жақсылық   шарапаты   соның   қолында.   Жалпы 

ғаламның   падишасы  да  —   сол.   Бұл   ғаламның   ғажайыптары  да  Хақ 

тағаланың   жарату   құдіретінің   күшінен   болар,   яғни  Алла  құдіретінің 

нышан   белгілері   болар.   Шын   мәнінде,   ол   ешқандай   ілім-білім   Хақ 

Тағаланың    білімділігінен   ғазиз  да,  артық  та  емес.   Ешбір   көрегендік 

Әзіреті   пәруердігер   ғалам   иесінің   ғажайып   өнері,   теңдесі  жоқ   күш 

құдіретінің   көрегендігінен   артық  та,   ләзатты   да  емес.   Өйткені,   ділдің 

табиғи қалауы да, талабы да, тілегі де осы. Ділді сол үшін жаратыпты.

Сол ділде, бұл ілім-білім қалауы да, талабы да, дерті де денеге ұқсас 

қарама-қайшы  екен.  Оның  назарында   киім  мен нанның   парқы  болмас. 

Егер   дертті  жанның   сауығуына  дәрі   беріп  іштаһасы  ашылып,   тәбеті 

жайына   келмесе,   ол   дертті  бақытсыздығынан   әуре-сарсаң  болар.   Ол 

дүниенің көңіл   зауқына басым келіп, Әзіреті Хақ нұрлы Алла Тағаланың 

ілім-білімге   деген  зауқына  сай   болмаса,   әлбетте,   ол   дертті   болып  қала 

бермек.   Егер   жедел   шара  қолданбаса,дүниеде   қарабет   болып  жеңіліс 

табар.   Турлі  ерекшеліктің   өзіне   тән   ләззаты  болар.  Көңіл   зауқы  да 

адамның  денесінен   орын   тебер.   Бәрі   де   текке  өлмекпен  жоқ  болар.   Ол 

зауықпен ләззаттар,  ал  қаншама ренжу мен азапты  еңбектері  зая кетер. 

Әзіреті  Хақ,Нұрлы    Алла  тағаланың  ілім-білімі мен ләззаты ділден берік 

орын тауып, өлген күнде де жоқ болмас. Бәлкім сан рет іске асар, бәрібір 

адамдық  діл  жоғалмас.   Аллалық  білім-ілім   де   ділде   мәңгі  бақи 

сақталар,  таза  күйінде   раушандана   берер.   Бұл   сөздердің   жалғасын   осы 

кітаптың   соңындағы   «Махаббат   жолдары»   тарауында   баяндармын. 

Иншалла Тағала.

Он 

   сегізінші 

 

 тарау

 

 

Дене, адамның жаратылысындағы

сан-түрлі ғажайьптар

Діл   ғаламы   гауһарының  сипаттары  бұл   кітабымда   мұншалықты 

айтылғаны жететін шығар. Егер де оқырман бұдан көбірек білуді қаласа 

32


«Ғажайып   құлып»   деген   кітапта   баяндағанмын.   Ол   кітапты   жақсылап 

оқысын. Сонда да екі кітапты оқығанымен, адам өзін түгелдей тани алмас. 

Өйткені, бүл екі кітапта да адамдағы ділдің кейбір сипаттары ғана еді.

Біліп алғын,  діл  сипаты бір таяныш тіреу болса, тон сипаты  да  бір 

таяныш   тіреу   сияқты.   Тән   –   адамның   жаратылысы.   Ол   бастағы 

болмысында көптеген ғажайыптар бар және әрбір мүшелерінің сырты мен 

ішінде ғажайып мағыналар мен әрбірінде тіпті, кем ұшырайтын хикметтер 

сырлар бар.

Адамның тәнінде неше мың сіңір мен тамыр және сүйектер, әрбірі бір 

бөлек   бола   тұра,   бір-біріне   тәуелді   байланысты     болып   түзілген.  Бір 

сипаттары арнайы жолдармен ұштаса демеп, бір-бірінің мүддесіне қызмет 

ету   үшін   жаратылыпты.   Бұлардың   сен   бәрінен   де   хабарсызсың.   Қолды 

ұстау үшін, аяқты жүру үшін, тілді сөйлеу жаратқанын білерсің. Жалпы 

біліп алғын, көзді  он  қабат түрлі-түрлі нәрселерден жаратыпты. Бұл он 

қабаттың әрбірінің тосқауыл зиян жетсе көруге нұқсан келтірер. Бұл  он 

қабаттың әрбірін Хақ тағала бір-біріне мұқтаж етіп қошеметпен қызмет 

етуге  жаратыпты.  Көрудің   бұларға  не  үшін   қажеті  бар?  Көзді   ғылыми 

кітаптарда жан-жақты зерттеп талдапты. Жануарлардың ішкі ағзаларының 

қасиетінен бей  хабарсың.  Мысалы    бауыр, қараталақ, өт,  бүйрек, дәрет 

сақтайтын қуық және  тағы басқалды жаратыпты.

Біліп алғын, түрлі қажетті тағамдар асқазан арқылы бауырға барар, 

бауыр   оның   қажеттісін   сұрыптап,   қанның   қалабына   түсірер.  Денеге 

сіңіруге   қолайлы   жағдайлар  жасар.Уақытымен   қан   бауырда   жетіліп, 

шамаға   келсе,   одан  біраз  залал-зардап   қалдығы   шығар,   олар   запыран 

сияқты. Бұларды   бауырдан бөліп алу үшін, қараталақты  жаратыпты.Ол 

запыран  сияқтыларды өтке жинап, қанды тазартып, денеге жіберер. Өтті 

сол  үшін  жаратыпты.   Ол   сары   көбік  сауда   запыранды   бауырдан  сорып 

алар.  Кейде  қан бауырдан шыққанда қою және қуатсыз болар. Ол үшін 

бүйректі     жаратыпты.  Ол  запыран   көбікті  бауырдан  алар,   сол   сияқты 

артық  суды да  алып, қан  сауда  запырансыз  тамырларға жетер. Ал егер 

өтке   зиян   жетсе,   қанға   запыран   араласып   барады.   Ондай   жағдайда 

адамның көзі, денелері сарғайьп  кетер.  Сары  кесел пайда болады. Бұдан 

басқа  да  запыранға   байланысты   кеселдер   бар.   Ал   қараталақ   зияндалса, 

сары   көбік   сауда   қанға   араласар.   Содан   барып   саудайлық  кеселі  пайда 

болады. Ал егер бүйрекке кесел жетсе, су қанға араласар одан қарынға су 

жиылу   кеселі   пайда   болар.   Айта  берсек  бұларға   ұқсас   ғажап   жайлар 

дененің   сырт   және  ішкi  дүниесінде   әрбіреуін,   әрбір   істі   атқару   үшін 

жаратыпты. Денеге- бұларсыз нұқсан келеді. Адамның денесі бұл сипатта 

шоғырланғандығынан   әлемдегі   барлық   жанды   нәрселерден   кемелдісі 

болар. Бұл ғаламда неше түрлі нәрселер бар болса,адам денесінде олардың 

бір   белгісі   бар   деуге  болады.  Сондықтанда,  сүйек   тауға   ұқсар.  Тамыр 

жаңбырға,  дене   түкктері   талдарға,   таңдай   аспанға,   қалау   қасиеттері 

жұлдыздар   нышанына   ұқсар.   Айта   берсек   бұл   сипаттағы   сөздер 

33


түсініктемесінің есебімен саны жоқ. Бәлкім дүниедегі бар нәрселердің бәрі 

де адам денесінде бар сияқты.

Сондықтан да доңыз, бөрі және итпен басқа да төртаяқтыларды, пері 

мен   періштелер   және   басқаларды  ж о ғ а р ы д а   м ә л і м д е д і к . 

Барлық әлем ішіндегі өнерлілер мысалын адам денесінен көруге  болады. 

Мәселен қуат сипатын   қарынмен байланыстырар, қарын аспаз мысалы, 

тағамды   пісіріп   бір   жөнге   келтірер   және   ол   қуат   тағамның  т а з а 

м а ң ы з ы н   бауырға, ал ауыр қалдықтарын керексізін ішекке қарай бөліп 

жіберетін   бағбан   сипатты.   Ол   қуат   тағамды   бауыр    арқылы   қан   реңіне 

келтіріп   рең   беретін     бояушыға   ұқсас.  Сол   қуат-қанды   қатындардың 

көкірегінде ағартып сүт етеді. Еріннің тіл астынан ас сіңіруге себепкер 

сілекей   су   шығарып,   тағамның   керектілерін   өзіне   тартар.   Тағы   да   сол 

қуат, бауырдың суын тартып, қуыққа жеткізетін қушығы ұқсар.

Тағы да сол қуат деген қалдықты ішек арқылы тысқа шығаратын 

сыпыратын қызметкерге ұқсар. Сол қуат денедегі сауда запырандар зиян 

етпеу үшін тысқа шығарып жіберетін әділ емірлерге ұқсар. Бұл сөздердің 

де талдайтын, тусініктеме беретіндері өте көп. Жалпы айтылмақ мақсатты 

білгенің жен

,

 дененің ішкі әлемінде есепсіз жан-жануар, жәндіктердің бәрі 



күндіз-түні сенің қызметіңде болып бір сәт те дамыл таппайды.

Алайда сен ұйқы ғапілетіненсің, не бұл қызметкерлерді білерсің, не 

білмессің.   Білсең,   бұл   қызметкерлерді   берушіге   шүкірлігіңді   айтып 

ризалық борышыңды орындарсың. Егер саған бір адам бір қызметкерін бір 

жылға пайдалануға берсе, бар өміріңде сол адамға рахметіңді айтып, оның 

алдында борышты екеніңді мойындайсың.  Алайда Алла  тағала сан мың 

қызметкерлерін  денеңдегі  ішкі  және  сыртқы  дүниеңе   қызмет  етуге  сый 

етіпті. Олар бір сәт те қызметінен хабарсыз болмас. Сол ұлық затты, оның 

сыйлағын   қызметкерлерін,   еш   жадыңда   сақтамайсың.   Шүкірлік   ақысын 

қайтаруды ойыңа  да  алмайсың. Енді перзент, білгенің жөн, тысқы және 

ішкі ағза мүшелерін зерттейтін ілімді «ташрих» (анатомия) деп айтар. Ол 

ілімнен халықтың көбі хабарсыз. Оны дәрігер тәуіп болу үшін оқиды. Ал 

дәрігерлік емдеу ілімі керемет   жақсы ілім. Оны ұстаз болу үшін оқиды. 

Егерде бұл ілімді білмеген жан, тағлім ілімін біле алмас. Алайда бұл ілімді 

білген   кісі   Хақ   нұрлы  Алла  тағаланың   ғажайып  сирек  кездесетін 

жаратылыс құдіреттерін білумен үш қасиет пайда болар. Біріншісі — бұл 

дүние, бұл қалыпты жаратушы өзінің  қадір-қасиетімен ең кемелділерден, 

ешқандай   айып-кемшілік     оның   құдіретіне   жол   таба   алмас.   Әр   істі 

қалауынша істей алар және ешнәрсе де одан ғажабырақ емес. Бір тамшы 

судан адам жаратып, оны халық қатарына қосады. Ал бұл сияқты керемет 

иесіне өлгеннен соң тірілтпек тіптен оңай. Екіншісі – Хақ тағала ғұлама ең 

кемелділерден,  өйткен оның керемет жақсы ілімдері мұхит сипатты. Бұл 

сияқты ғажайып мақлуқаттарды ұлы даналықпен жарату, кемел ілімінсіз, 

негізінен,   сірә  да  мүмкін   емес.   Үшіншісі   –   Әзіреті   Хақ   нұрлы  Алла 

тағаланың   пенделеріне  жарылқаған   мархабаты,   қамқорлығы   адам 

34


баласынан басқа  ешкімде де  жоқ, пенделерге  керекті нәрселердің бәрін 

жаратьпты.  Ешнәрседен   кем  қылмапты   және   ол   нарселердің   болмағы 

кажет екенін біліп, бәрін де түгелдепті. Сондықтан діл мен бауыр  және 

басқа  да  адам ағзалары, қол  мен  аяқ, тіл  мен  көз, басқа  да  мүшелердің 

болғандығынан – тән сұлулығы пайда болар. Бұларға да ие қылыпты, сол 

сияқты түктердің қаралығы, еріннің қызылдығы, қастың иірлігі, кірпіктің 

туралығы   және   бұдан  да  басқа   көріктілік   қасиеттерді   беріпті.Хақ 

тағаланың   қамқорлық   сыйлары   жеке   бір   адамға  тән  емес.   Семірікқұс, 

шегір баяннан масаға дейін, пілден шымалға дейін, бәрі де жаратылысқа 

жат   емес,  қатынасы   барлардан.   Бәрін   де   түрлі-түрлі   сурет,   рең 

өрнектермен сипаттар беріпті.

Сонымен дененің жаратылысына, түзіліміне назар салмақтық – Хақ 

нұрлы  Алла  тағаланың   ілім-білімінің   кілті   болар.   Сол   себептен   де   оны 

ілім-шарип   деп   атайды.  Шарапаты  тәуіптердің   ісі   түскені   ғана   емес. 

Сондықтан   «Шердар»   және   өзге   де   кітап   өнерлерінің,   өнеркәсіп 

ғажайыптары   мен   оны   кемде-кем   кездесетіндері   шайр   ақындар   мен 

жазушылар,   өнерпаздар,   қадірін   білерсің.   Хақ   нұрлы    Алла  тағаланың 

ғажайып сирек кездесетіндерді жарату   құдіретін көре білудің өзі

.

 Әзіреті 



Хақ   нұрлы   тағаланың   сипаты     мен   жолын   танудың   бір   кілті   болар. 

Сонымен, дене ілімін білмек – өз жаратылысын танымақтың бір тарауы.

Бірақ,   ол   –   діл   іліміне   қатынасты   сипаттама   берумен    қысқаша 

тұжырымдалмақ.   Алайда,   тән   –   мінеітін   ат-көлікке   ұқсас,ал   діл   –   атқа 

мінетін   шабандозға   ұқсайды.  О   баста   жаратылысынан   арғымақ  аттар 

шабандоздар ушін  жаратылыпты.  Енді өзіңді оңай тани білгін, ешнәрсе 

өзіңе   өзгеден   жақын   емес.   Әр   кісі   өз   жаратылысын   танымай,   өзге 

нәрселердің ақиқатын білуді қаласа, ол – кедейлерге ұқсас. Ол жеуге нан 

таппаса  да  қаладағы мүсәпір бейшараларға нан берсем деп, бостан-босқа 

әуреленер. Бұл сияқты құрғақ талаптың сырты бүтін болғанымен, іші бос – 

бір нәрсе бар сияқты болар.

Он тоғызыншы тарау

Адамға сый – діл гауһары

Жоғарыда айтылғаннан діл гауһарының шарапаты және ұлықтығын 

білдің. Енді сол ғазиз гауһарды саған кім берді жөне денеңе кім пайда 

қылды?   Сол   қымбат   баға   гауһарды   талап   қылмасаң   құралақан   бос 

қаларсың.   Бұл   жағдай   өзіңе   ісгеген   қиянат   және   зиянкестік   болар. 

Жадыңда болсын, діл гауһарын қалап, дүниенің сан түрлі оны-бұнысының 

парқын ажыратып, шарапатын кемелдендіре біл. Ділдің ақыреттегі іззет-

шарапаты сол болар – оның өлшеусіз мәңгі бақилығы, есепсіз құдіреттілігі 

және шүбасыз білімділігімен Хақ тағаланың жамалын көрмектік. Жалпы, 

ділдің   бұл   ғаламдағы  шарапаты   сол   –  ділдің   ақіретте   іззет  шарапатын 

35


көрмек-ті.   Оны   табуды   лайықты   істермен   қолға   түсіргейсің   және   бұл 

күндерде адамнан сорлы бейшаралау нәрсе жоқ шығар – аштық пен сусау, 

ыстық пен суық, бейнет пен қасірет қайғылардың тұтқыны деуге болады, 

Әр нәрсе оған ләззат,  рахат  кейде зиянды  да  жеткізеді. Олардың ақыры 

ренжу, машақаттар болып шығар.

Сонымен,   әр   кісінің   ізеті  мен   шарапаты  ілім   және   күш-   қуат 

құдіретімен,  не  қымбатымен  не  болмаса   сұлу   сипат   суретімен  болар. 

Адамның   іліміне   назар   салсаң,   одан   азапты   жоқ.   Егер   көмейдегі   бір 

тамырға зиян жетсе, қатерлі хал  болар,  оның ләжі  не болар? Егер  оның 

қуаты  мен  қүдіретіне   қарасаң,   одан   әлсіз   нәрсе   жоқ,   егер   маса-сона 

тұмсығын қадаса ұйқысызданып бей-жәй болар. Егер оның қымбаттығына 

назар   салсаң,   тағамнан   бір   ноқат   сияқты   нәрсе   зардап   жеткізсе,  ренжу 

болар.  Егер  жамалы  мен  суретше  назар  салсаң,   халі  мүшкілдерден.   іші 

толы бір былғаныш, екі күн өзін жумаса кір-қоңдылықтан рәсуә болар.



Хикаят. Бір күні шайық Әбу-Сайд сопыларымен сейілге шығып бір 

жерге жетеді. Әжетхана қыйын сол жерге шығарып тастаған еді. Сопылар 

мұрындарын   ұстап   беттерін   бұрып   тұрды.   Шайық   біраз   басын  төмен 

салып тұрды мүридтеріне қарап: «Бұл лас нәжістердің маған айтқан сөзін 

естідіңдер ме?» деді. «Аңғармадық» деп жауап берді мүридтері. Шайық 

айтты:   «Бұл   нәжістің   маған   айтқаны,   мен   кундіз-түні   әр   түрлі   әсем 

безендірілген күйімде сатушылар мен аспаздардың алдында тұратын едім, 

сіздер   қалталарыңыздан  динар,   дирхем  теңгелерін   беріп,   мені   қолға 

түсірдіңіздер. Сіздерменен бір түн де сұхбаттас бола алмастан, бұл халге 

түстім.   Менің   сіздерден   қашқаным   жөн  бе,   я   сіздер  менен   қашасыздар 

ма?» деді. Мүридтер бұл істерден қатты қынжылды.

Сонымен ақиқатына келсек, адам бұл ғаламда есепсіз олқылық, әлсіз 

шарасыздықтан, опасыздықтан құры емес және оның барар жайы қияметте 

болар. Егер бақыт химиясын көңіліңе алсаң, оны амал қылсаң, хайуандық 

мәртебесінен   періштелік   мәртебеге   көтерілерсің.   Ал   егер   дүниеге   көңіл 

қойсаң, қиямет күні ит пен доңыздан жаман боларсың. Саған  айтарым, 

ғаріптер  топырақ  болып, тозақ    азабынан   аман,  тыныш  болар  екен.  Ал 

күнәлілер,   тозақ  азабына    тап   болады   екен.   Сондықтан   шарапат   жол-

жорығын  таныдың.   Енді  кемшілік,  бейшаралығыңды  да  білгейсің.   Ілім-

білімнің пайда болуы – Хақ тағала ілімдерінің кілті. Енді өзіңді танымаққа 

лайықты   айтылған   сөздер,   жеткілікті   шығар.  Бұл  кітап   қысқаша 

болғандыктан бұдан артық талдауды көтер алмас.



Жиырмасыншы тарау

Тағаланы тану

Өткен  әнбиелер   кітаптарында   мына   қаулы   жазылыпты:   «Өз 

жаратылысыңды   танысаң,   өз   пәруердігеріңді   танырсың».  Ақбар 

36


шығармасында   айтылыпты:   «Әрбір   кісі   өз  жаратылысын  таныса, 

пәруердігерін   де   шын   мәнінде,   ақиқат  таныр».   Бұл  сөздер   жоғарыда 

айтылғандарға   дәлел  болар.Адам   жаратылысы   айнаға   ұқсар.   Егер   кісі 

айнаға қараса Хақ Тағаланы көрер. Көптеген халықтар жаратылысының 

айнасына  қараса  да  Хақ   тағаланың   жамалын   көре   алмас.   Сен   Хақ 

Тағаланы көретұғын жолмен, сол айнаға қарау тәсілін білгейсің. Ол екі 

түрлі тәсілмен қолға түсер. Әуелгісі жасырын, (халі мүшкіл қураған ағаш 

сияқты) көптеген адамдар ол тәсілдің пайымына  жете алмас.  Сондықтан 

кісі  пайымына  сыймайтын   сөзді   айтудың   өзі   орынсыз.   Екінші   тәсілді 

жалпы  халықтың пайымдауы оңай. Бұл оңай дегеніміз адам ез заттының 

болмысынан, Хақ нұрлы Алла тағаланың заты міндетті түрде орындалуға 

тиіс   болмысын   таныр.   Өзіндегі   сипаттардан,   Хақ   тағаланың   сипаты

құдіретті   тағлымын   білер.   Өз   мүлкі   –   өз   денесін   қолына   алып,   иелік 



жасаудан Құдай тағала ғаламаның күллі ғаламға иелік етуін байқар. Бұл 

сөздердің   ман-мағынасы,   кісі   –   уақытында   өз   болмысын   таныса, 

бұлғаламға келместен бұрын атасының беліндегі бір тамшы судан пайда 

болғанын білер еді. Онда ақыл-ес, құлақ, көз, қол, аяқ, сүйек, сіңір, ет

,

 тері 


жаратылған  жоқ.  Ал  бұл  ғажайыптар   адам  болмысына  өзінен-өзі  пайда 

болды ма,  я  біреу  пайда  қылды ма?  Ал сен  осы халіңде бір   түк сияқты 

нәрсені жаратуға шамаң келмес. Ал сен ол кезде бір тамшы су едің, бұдан 

да  әлсіз  халде  едің.   Енді   сол   әлжуаз   затыңда   бүл   дәрежеге   жеткізген, 

қадірлі   табандылығымен,   күш-қуатымен   ерекшеленген   ғалам 

пәруердігерінің   құдіретін   тамаша   қылғайсың.   Әруақытта   адам   өз 

денесіндегі тысқы және ішкі ғажайыптарына назар салса, жаратушының 

таңқаларлық   құдіреттерін   білер   еді.  Бір   тамшы  судан   жетілдіріп,   бұл 

сипаттағы   кемелділікке,   көрік-келбет,   керемет   сұлулыққа   ие  eтіп 

жаратыпты.

Сонымен,   адам   өз   сипаттары   ағзаларының   сирек   кездесетін 

қасиеттерін көре білсе, сол сияқты тысқы ағза – қол, аяқ, көз, құлақ, тіл 

және   ішкі   ағза   –   бауыр,   қараталақ   жүрек  және  бұдан   басқа   барлық 

таңданарлық  та,  сирек  кездесетін  сипаттарының   керемет   екеніне  тан 

берер.   Xақ   тағаланың   ілімі   мен   құдіреттерін,   кемелін   білгейсің.   Құдай 

тағаланың іліміәр нәрсені мүхитша орап алған. Оның білеітін, ілімінен тыс 

еш   нәрсе   жоқ.   Егер   барлық   нәрселер   топтасып   қол   ұрғанымен   адам 

ағзаларының   бір   бөлігін   де   дәрежесінде   жарата   алмас.   Хақ   тағала 

жаратқан   суреттен   артығырақ,   сұлуырақ   сурет   жасай   алмайтынына   ой 

жіберіп ұялса, ұқсату мүмкін емес. Мәселен, денедегі тіс  суретінің  және 

бір басқа суретте болмағын ойланса жетеді. Сонан соң, сол ауыздағы отыз 

екі  дана  тістерінің алдындағыларының ұшы өткір тағамды кесіп немесе 

үзіп   жер.  Ал  азу   жақ  тістер  тістердің   анасы   сипатты.  Ол   тек  тағамды 

жаншып диірмен сияқты майдалап ұсақтаса, тіл астынан сілемей су пайда 

болып,   шайналған   азыққа   су   қосып   дәм   кіргізіп   асқазанына   дайындап 

37


берер.   Енді,   жалпы   ғаламның   ақыл-есі   барлары,   бұдан   жақсырақ   бір 

суретті жаратып жүзеге келтіруі мүмкін емес. Осыған ұқсас саусақтар – 

басбармақ төртеуінен бөлек суретте,  басқаларынан оқшаулау орналасқан, 

жуан,келтелеу.   Бұлардың   әрбірінің   атқаратын   міндеттері  бөлек  екені 

мәлім.   Төрт   бармақтың   буындары   үшеуден,   басбармақтың   буыны   екеу. 

Қолмен қалаған нәрсені ұстар, бұдан  да белек  қызметтерді атқарар. Егер 

барлық ақыл ғаламы жиналып, саусақтар суретін басқа бір сипатта болуын 

қалаған  жағдайда,   мәселен   саусақтың   бәрі-бірдей  болуын  немесе   үш 

саусақтың  бір  суретте  болуын,  я  саусақтардың  алтау,  я  төртеу  болуын, 

бұдан   өзге  де  суретте   жаратылуын   қаласа,   әлбетте,   бәрібір   ойдағыдай 

жетілген кемелділікте бола қоймас. Шындық осыны дәлелдер. Хақ нұрлы 

Алла  тағала   аса   бір   шеберлікпен   жаратқаны   мәлім   екенін   осылардан 

байқауға болады. Жаратушы – бар ғаламға мүхит сияқты екенін,барлық 

ғаламдағы   нәрселердің   даналықпен   өз   орнына   сай   жаратылғанына 

осылардың өзі дәлел.

Сонымен   адам   ағзаларының   әр   бөлігінде   бұл   сияқты   керекті 

жайттерге назар салсақ, ол ағзалар тағам мен киім-кешек мезгіл мен мекен 

және   бұдан  да  басқа   темір   мен   мыстан   болған   құралдар,   басқа  да 

иерселерді   Хақ   Нұрлы  Тағаланың   өз   қалауымен   жаратыпты.   Енді   бұл 

пайда   болған  сөздерден   пенделердің,   Хақ   тағала   пенделеріне   деген 

мейірбандығын     білуі   шарт,   Сондықтан   Хақ   тағала:   «Менің   мейірім-

шапағатым   ғазабымда   белгілі»   депті.   Әзіреті  пайғамбар  (С.Э.У.):  «Хақ 

тағаланың   пенделеріне   шапағаты   және   мархабаты   сүт   емізген   балаға 

анасының шапағат мархабатынан   да  артық»   депті.  Енді  адам затының 

күш-құдіретіне   Әзіреті  жаратушы  қадірімен   кемелділігі   белгілі   болды. 

Қоршаған ортаның күш-қадірінен,  Алла  тағала ғаламының ілімі, барлық 

нәрселерге   мухиттығын   аңғартар.   Бұл   өз   атырабының   мән-мағынасын 

және ғажайып қасиеттерін біліп, хабардар болуы – Хақтағаланың құдіреті 

мен кемелдігін көрсетер. Пенде өзіне керексіз болатын,  я  қажет уақытта 

керек  болатын   әсемдік,   безену   үшін   керекті   нәрселер   өзінде,   өзінің 

ықтиярында.   Барлығы   Хақ   тағаланың   өлшеусіз   жарылқайтын 

мархабаттарын білдірер. Осы себептен де өз жаратылысыңды танымақ – 

Хақ нұрлы Алла тағала ілімінің кілті екенін білгін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет