Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали бақЫТҚа жету әліппесі астана 2014



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата19.01.2017
өлшемі424,89 Kb.
#2252
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жиырма бірінші тарау

Сипаттарын тану

Сонымен   өз   затыңды   танымақпын   Хақ   нұрлы   тағаланың   тұр-

тұлғасын   таныдың.   Өзіңнің   куәландыруыңмен,   Хақ   Нұрлы  Алла 

тағаланың пәктігі мен ғазиздігін таныдың. Енді Әзіреті Хақ нұрлы  Алла 

тағаланың пәктік мұбарәктігіне  келсек,  ол  сап таза  және ғазиз теберік  те 

және қиялдайтын нәрселерден  де таза. Ешбір жай,  Алла тағаланың тұрақ 

38


жер-мекені деуге болмайды.  Адам  жаратылысында  да  бұндай жағдайдың 

белгілері бар.

Рух   ақиқатына   діл   деп   ат   қойдық.   Бұл   –  сап   таза,   оған  өлшем, 

мөлшер,   сызу,  eceп,  әдет  сыйыспайды,   жоқ   десек   болады.   Олардың 

қажеттігін керек етпейді. Оның түс-тұлға реңі де жоқ. Әр нәрсенің рең-

түсі   болмаса   өлшемі   де   болмас,   қиялдап   сипаттауды  да  қолына   түсіре 

алмас. Қолына түсірген оны кезімен көрген, немесе сол сияқты бір нәрсені 

көрген  адам   жоқ.   Алуан   түрлі   реңдер   сыртқы   –   тұлғалардан   бөлек   көз 

және қиялмен нені көріп, нені болжай аласың? Мәселен ешкім білмеген 

нәрсені  бұл  немене  деп  сауал  қылса   айтар  еді.  Немене  деудің  мәнісі  – 

қандай тұлға, үлкен бе, кіші қандай реңде демек. Ол нәрседе бұл сипаттар 

болмаса   бұл   қандай   деп   сауал   қою   жоққа   шығар   еді.   Егер   де   көңілің 

қаласа,  немене  өзі   дегенге   жол   таппай   тұрған  нәрселерді  айтар.   Өз 

ақиқатыңа қарағанда, ақиқат орны ілім-білім болар тағдыр-жазмыш қабыл 

қылмасқа, өлшем мен мөлшер жол таппас. Егер бір кісі саған сауал қойып: 

«Рух немене өзі?» десе, жауабы: «Немене деудің өзі оған баратын жол таба 

алмас» дегін. Уақытымен өзіңді осы сипатта танысаң, Хақ  тағаланың caп 

тазалығы, дәулеттілігі шектен тыс екенін білесің. Ал адамдар таңқаларлық 

діни болмыстағы  түрлі  нәрселер  не  үшін тұрлаусыз болар?  Адамдар өз 

тәніне дұрыс есеп берсе көптеген нәрселер тұрлаусыз, баянсыз. Мысалға 

ғашықтық   дертін   алайық,   оның  азабы   мен   ләззаты   неліктен   деп   сауал 

қоюдың өзі дұрыс  емес.  Егер адам дыбыстың, дәм  мен  иістің ақиқатын 

білейін десе, қандай рең, қандай бейнелі суретте  екенін  біле  алмас.  Бұл 

тұрғыдан алғанда, неліктен дейтін қиял талабын тек көрумен ғана жүзеге 

асатынын білер еді Алайда сол нәрселерді құлақпен естіп  білуге болар, 

көздің   одан   алар   ешқандай   үлесі   жоқ.   Өйткені   дауысты   көзбен  көріп 

болмас.   Сол   сияқты   сурет   пен   рең,   түрлі-түстен   құлақтың   бахар   алар 

ешқандай   үлесі   жоқ.   Ол   нәрселерді   ақыл,   ой   және   ділмен   ғана   білуге 

болады.   Бұл   сөздердің  талдауын   «Мақұлықат»   атты   кітабымда   кеңінен 

талдағанмын.  Осы  айтқандарымның өзі жеткілікті шығар. Басты мақсат 

бұл   айтылғандардан,   адам   өз   затындағы   сырт   көзге   сезілмейтін   рухани 

ішкі   жұмбақ   сырлары   көп   екенін   білуі   керек.   Хақ   тағала   заты   болмыс 

тұлғасындағы: «Ол немене, неліктен?» дейтін қасиеттерін де білгенің жөн. 

Жан – бар  нәрсе,  ол – дененің падишасы. Дененің ішінде көп нәрсе бар, 

оны жіті сезім, зерек пайымдылықпен білуге болады. Соның  бәрі де – 

жанның мемлекеті. Бұған ұқсас пәруәрдігер ғалам күллі әлемнің падишасы 

болар.   Ол   мекенсіз  де,   тұлғасыз  да.   Әр  нәрсенің  мекені   мен   Өзіне  тән 

тұлғасы арқылы сипатталатын зат екені белгілі.Әр нәрсенің белгілі мекені 

мен өзіне тән тұлғасы бар.Сондықтан діл бұлардан өзгеше, діл – Әзіреті 

Алла  тағаланың  мемлекеті,  сопы иелігінде  болар. Ол – пак  тазалықтың 

белгісі.   Әзіреті  Нұрлы   Хақ  тағала   бір   мекен-жайда   тұрады   деп   айтуға 

болмайды. Мәселен жан, қол мен аяқ,  не баста немесе  басқа  бір ағзада 

деуге  болмайды, мүмкін дененің барлық ағзасы  тағдырын  қабылдар, ал 

39


жан   тағдырын   қабылдамас.   Қош   тағдырды   қабылдамайтын   нәрсе, 

тағдырды   қабыл   қылатын   нәрсе   де,   қарар   табар,   ол   уақытта,  жан   да 

тағдырды   қабыл   қылушы   болмағы     ләзім  болар.  Сонымен   жан,   ешбір 

бөлек ағзаға тән емес және бірде-бір бөлегі оның ықпалынан шығып кете 

алмас, барлық дене жанның қамқорында.  Ешбір  нәрсе  оның  ықпалынан 

шетте емес. Мүмкін денедегінің бәрі де дене жанының бұйрығын орындар. 

Жан - жалпы, дене

Жиырма екінші тарау

Хақ нұрлы Алла тағала – бүкіл ғалам падишасы

Сонымен Хақ тағаланың сипатын танымақ  -  әрбір адамның міндетті 

парызы.   Оның   сипаты   ежелден   белгілі   мекенсіздігі   және   тұлғасыз 

екендігі.Заман-замандардан бері қарай оның мекенсіздігі мәлім болды.Бұл 

жағдайды   білмектің   кілті,адам   өз   жаратылысын   танымақта   екені 

баяндалды.   Хақ   тағаланың   бүкіл   ғалам   мемлекеті   падишасы   болуының 

себебі   неліктен?   Бұны   қайсы   дәлелмен   білуге   болады?   Періштелердін 

бұйрық   қылмағы,періштелердің   бұйрықты   орындамағы   және   ғалам 

істеріне   періштелердің   көңіл   бөлмегі,   аспаннан   жерге   бұйрықтарды 

жеткізбегі, аспан мен жер және жұлдыздарды сейіл қылмағы,және рызық-

несібелердің қоймасын аспанға қоймағының себебі неліктен? Бұл тарауда 

осылардың   ақиқатын   баян   етемін.Хақ   тағаланың   ілімін   үйретпекте   ұлы 

қасиеттер   бар.   Бұны   кең   пейіл,   ұлық   Алла   дер.Өйткені,әуелгі   тарау 

-Алланың заты мен сипаты деп атаған еді. Сондықтан ұлық Алла сипатын 

танымақтын да кілті адамның жаратылысын танымақта болар. Егер де өз 

денеңнің   мемлекетіне   падишалық   етуді   білмесең,   ықпалынды   жүргізе 

алмасаң,   Хақ   тағаланың   падишалық   ету   ықпалының   сипатынан   не 

білерсің?   Әуелі   өзінді   танығын   және   өз   сипатынды   білгін.   Мәселен 

«Бисмилланың»   пайда   болуын   білгің   келсе,   ол   адамның   тілек-талап, 

мақсатында пайда болар. Ал оның мұратын шешуші діл болар. Бір парша 

ет-жүрек   көкіректің  сол  жағында  тұрар.   Сонымен  ділден  кеуде  арқылы 

көмейін әрекет келер. Бұл кеудедегі жүрек сөздерін тәуіптер рух деп атар. 

Барлық   қуат,   іс-әрекеттер   бұлармен   байланысты,бірге   болар   және   бұл 

рухқа өлім жол табар. Адам мен хайуандардың өлуімен бірге бұл рухта 

өлер,бұны хайуандық рух дейді. Бір рух бар-біздер оған діл деп ат қойдық. 

Бұл - жануарларда жоқ нәрсе. Әр уақытта өлім оған жол таппас және бұл 

рух   –   Құдай   Алла   тағаланың   ілімінің   орны   болар   бөлек,уақытымен 

хайуани рухтын көмейіне жетсе «Бисмилла» суреті сол көмейдін қазынасы 

болар. Қуат пен  қиялдын мекені сонда пайда болар және көмейден асып 

аяқтарға жетіп барлық денеге тарар. Жіпке ұқсап таралып,бармақтардын 

40


ұшына дейін тарар. Бұл сіңірлі жіптерді арық адамның қол-аяғынан көруге 

болады.   Енді   бұл   жіп-сіңір   тамырлар   саусақтарды   әрекетке   кіргізеді. 

Сонымен «Бисмиллах» қиял қазынасында сурет сипатында қағазда пайда 

болар. Бұл суреттің қағазда пайда болмағы сезім талабы жәрдемі арқылы 

болар. Сондықтанда ол көзбен байланысты,қашан көз қиығы түспегенше 

болмас. Пенденің қылар ісінің әуелгі талап-тілек қалауыда көнілде пайда 

болар.   Бұған   ұқсас,   Әзіреті   Хақ   нұрлы   Алла   тағаланың   сипаттарының 

бірін   пайда   қылар.   Алғашқыға   байланысты,қатынасы   бар   барлық 

істер,жігердін   сипаты   болар.   Сондықтан   пенденің   қалауымен   жігерінің 

пайда болатын жері әуелі-ділде пайда болар,одан кейін ділдің көмегімен 

өзге ағза қуатқа кірер. Хақ тағаланың жігірлендіру әсері әуелі ғарышта 

пайда   болар,одан   кейін   басқаға   жетер.   Сондықтан   пенденің 

жаратылысында   көкірек   көзі   пайда   болар.   Бұған   хаиуандық   рух   деп   ат 

қойдық,ділдін   тамырларынан   бұл   із-таңбаны   көмейге   жеткізер.   Осыған 

ұқсас   Хақ   тағаланың   жігерлік   із-таңбасы   ғарыштан   күрсіге   жеткізетін, 

жауһарлы   сөздер   бар   екен,оны   періште   деп   атайды   немесе   рух   дейді. 

Кейде рұхл Құддус та дейді

Сондықтан   пенденің   күш   жігерінің   ізі   көмейіне   жетіп,   ділдің 

қазынашысы   болар.   Бұған   ұқсас   Хақ   нұрлы   Алла   тағаның   жігер 

сипатының   ізі   ғарыштан   күрсіге   жетеді   екен,күрсі   ғарыштын   астында 

болар,   сондықтан   пенденің   пейіл   құнының   суреті   көмей   қазынасының 

алдыңғы бөлігінде пайда болар. Одан кейін ғана сыртқы сипатын табар. 

Осыған  ұқсас әр нәрсе  де ғаламда  пайда болар. Олардың  суреті ләуһіл 

Махфузда пайда болып,одан кейінғана ол нәрселер ғаламда пайда болар. 

Көмейдегі сөз қуаты сіңір-жүйке тамырларын іске қосар. Саусақ сіңірлі 

тамыр түзілісін,қаламдыда іске қосар. Бұған ұқсас Хақ тағаланың ғаршы 

күрсіге   тиісті   періштелері   бар,   олар   аспан   жұлдыздарын   іске   қосар. 

Көмейдегі   қуат   сіңір-тамырлары   арқылы   саусақтарды   қимылға 

келтіргендей,   періште   қызметкерлер   жұлдыздар   орталығы   және   уақыт, 

сағат, ғаламдық төрт асыл (төрт элемент) – топырақ, су от, желді  әрекетке 

келтіріп іске қосар. Яғни қызулық, ылғал және құрғақтық ,ыстық-суықтық 

іске қосылатын болар.

Содан кейін қалам, сияны бөлек-бөлек пайда қылып дайындар. Енді 

«Бисмиллах»   суреті   қағазда   өрнектелер.   Осыған   ұқсас   періште 

уәкілдіктері   ыстықпен   суық,төрт   асылды   іске   қосар.   Қағазбен   сияны 

істегенге   ұқсас   төрт   асылдың(элемент)   ылғалы   сияқтыны   қабыл   қылар. 

Құрғақтық   ол-көріністі   сақтаушылардан,егер   де   ылғал   болмас,өрнек 

көрінісі   пайда   болмас.   Егер   құрғақтық   болмаса,өрнек   тұрақтамас. 

Сондықтан   саусақтар   көмегімен   қалам   іске   кірісіп,   өз   істерін   орындап, 

«Бисмиллах»   суреті   қазынайы   қиялдағы   өрнекке   сай,   қалау   сезімдері 

жәрдемімен қағазға сурет болып жазылар. Осыған ұқсас төрт асыл- ыстық 

пен   суықта   іске   кірісіп,   періште   өкілдерінің   жәрдемімен   өмір   және 

өсімдіктер дүниесі бәлкім, жалпы жаратылыс суреті, ләуһл Махфуздағы 

41


суретке   сәйкес   дүние   майданына   келер.   Сондықтан,пенденің   қылатын 

істері   әуелі   ділде   пайда   болар.Сонан   сон   адам   діліндегісін 

өрнектегенде,дене мемлекеті оны амалға асыруды мақұлдар. Бұған ұқсас 

Әзіреті Хақ тағала ғарышты жаратқыш және ғарыштың иесі бар құдырет 

кемелімен   бірге   ғарышты   жаратып,ғалам   мемлекетін   жасауды   амалға 

асырушыдан.Жүніс сүресінің 3-аятында: «Әзіреті Хақ тағала ғарыштында 

иесі. Барлық ғалам мемлекет істерін амалға асырушы болар». Білгін,бүл 

қажетті   де   белгілі   ақиқатта.   АҚЫЛИ-ақиқатқа   ашылған   жаңалық-анық 

көрінуімен   мағлүм   болар.   Ақиқатты   білу   керек,падишалықты 

падишалардан   өзге   кісі   білмес.   Егер   Хақ   нұрлы   Аллах   тағала 

жаратылысының   мемлекетінде   ділді   падиша   қылмаса,   Әзіреті   Құдай 

тағала ғалам падишалығын білмес еді. Енді шүкір қылғын,ол падиша ием 

сені   жаратты,сол   жаратылысының   мемлекетіне   сені   падиша   қылды. 

Сонымен   саған   ділді   ғарыш   дайындап   берді.көмекейлі   күрсі   пайда 

қылды,қазынайы қиялдан ләуһл Махфуза берді.Көзбен құлақ-бес сезімнен 

періштелерді пайда қылды.

Көмей   күмбезінен   барлық   сіңірлі   тамырларды   таратып,оны 

аспанмен жұлдыздар іспетті жаратты. Және саусақпен қалам, сияны ділге 

мүдделі   етіп   бас   игізді.   Сонымен   сені   жалғыз   Аллах   мекеніңді   де, 

Тұлғанды да баянсыз етті.Бұлардың бәріне сені падиша қылды және Хақ 

тағала   саған   тапсырды:өзіңнен   және   падишалығыңнан   ғапұл 

болмағың,бұлардан   ғапұл   болсан-пәруәрдігерден   ғапұл   болғаның.   Шын 

мәнінде Аллах тағала адамды өз суретіне ұқсастырып бірге жаратты.

Ей, адам өзіңді білгін және жаратушыңды білгін!



Жиырма үшінші тарау

Жаратушы ғаламның періштелері

Сонымен   адам   баласының   падишалығы   және   жаратушы   ғалам 

падишалығын танымақты Ұлы мәртебелі Алла екі ілім жолымен тануды 

ишарат етіпті: әуелгі ілім – адам өз жаратылысын танымақ болар. Ағзалар 

қатынасының   түзілісі   және   қуаттар   мен   сипаттар   ақуалын   білмек.   Бұл 

ілім-ұшы қиыры жоқ үлкен ілім. Оның баяны бұл кітапқа сыймас. Екінші 

ілім   –   Әзіреті   жаратушы   ғалам   мемлекетінің   періштелерімен   қатынасы 

және   періштелердің   бір-бірімен   байланысы.   Ғарышы   мен   күрсі   және 

аспанның   алыс-берісі,қарым   қатынасы   жайлы   ілім,өте   үлкен   салмақты 

дүние. Бұл ілімі де әуелгіден ұзағырақ. Мақсат-бұл ілімдердің ишаратын 

білуі   шарт.   өйткені   әрбір   кісіде   зеректікте,даналық   та   болады.   Бұл 

ілімдерді   үйреніп   қана   қоймай   оны   меңгеріп   өзіне   бағындырумен   Хақ 

нұрлы Аллах тағаланың жаратылысын танығай. Әзіреті жаратушы ғалам 

сипатынан, оның биік дәрежесінен хабарсыз (алдану зиянын көрген), оның 

жамалының   кемелдігінен   хабарсыз,   құралақан     мақұрым   қалған   кісі   - 

42


нағыз   надандар   қатарында   болатынын   өздері   де   білмес.   Ол   бейшара 

құралақан   қалғандардан;   табиғат   танушылар,   астрономдар-ғалам   істерін 

жұлдыздар   ықпалында   деп   даурығатындар   да   баршылық.   Бұлардың 

мысалы-шамамен майда шымалға ұқсайды,қағаздың үстімен жүріп, оны 

өзі байқар.қағаз бетінде жүру нәтижесінде өзіне тән сиялы із-өрнек пайда 

болар. Қаламды көріп шаттанып «Бұл істін ақиқатын білдім,бұны пайда 

қылған қаламғой» - деп айтады екен. Бұл табиғат жайынан мысал,төмен 

мәртебелі   әрекеттерге   тән,   мәселені   жетік   біле   бермес.   Табиғи   деп 

(материялистік   тұрғыдағы   көзқарас)   ғалам   ішінде   пайда   болған   бар 

нәрселерді   аспан-көк   және   уақыт-дәуірге   байланыстыларды   айтар. 

Мысалы көктем кезінде гүлдердін ашылуы,уақытында суық болмағы және 

мұз   қатпағы,өз   дәуірінің   табиғатынан   деп   білер.   Ал   одан   үлкенірек 

құмырсақа келіп айтар-сен қате істедін,бұл істін ақиқатын мен жақсы біліп 

алдым,бұл нашық-өрнекті пайда қылушы қалам емес,бәлкім саусақтар,ол 

сол   саусақтарға   тәуелді   дейді.   Бұл   жұлдызшылардың   мысалы   болар. 

Табиғатты жұлдыздарға бойұсын.атын тәелді де дейді. Бұлда таңданарлық. 

Өйткені   жұлдыздардың   періштелерге   тәуелді   екенін   білмейді   сонымен 

жұлдызшы   (астроном,астрологтар)жұлдыздардан   жоғарыға   жол   таба 

алмапты. Сондай-ақ табиғатшылар мен жұлдызшылар арасында да шектен 

тыс   қарама-қайшылықтар   бар.   Толығырақ   айтсақ,   ғалам   жаратылысы 

денелерін   жан-жақты   талдасақ,ғалами   әруақтан   сондай   несібе   тапса 

болады екен. Бұл дәрежеден артық қосуға ұмтылмаса да бұл топтар не 

ғалами   әруақ   (рух   ғалами),   не   жол   таба   алмас-тосқауылға   тап   болар. 

Сонымен ғаламдық әруақ-ғаламның қош иісі іспетті,одан да бұл сияқты 

қиыншылық тосқауылдар есепсіз. Кейбірінің дәрежесі жұлдыздарға ұқсас 

және   кейбірінің   дәрежесі   айға,бағзысы   күнге   ұқсас   болар.Бұл   жағынан 

қарағанда,   ол   кісінің   ғарыш   алдындағы   Миғражы   болар,аспанмен 

періштелерді   оған   көрсететін   шығар.   Сондықтан   да   Хақ   нұрлы   Алла 

тағала Ибраһим Халиоллаға  хабар бергені жөнінде Анғам сүресінің 75-

аятында  «Яғни,біз  Ибраһимге  дүниенің  ғажайыптарын  көрсеттік»  депті. 

Осы   мағанаға   байланысты,   Әзіреті   Расули   акрам   (с.а.у)   хабар   берген 

хадисының мәнін «Мушакатул анбар» (Нұрлар зиясы), «Сифатул асрар» 

(Сырлар сипаттары)кітаптарында баяндағанмын.

Басты мақсат-табиғатшыл бейшаралар, ғалам ісін ыстықпен суыққа 

байланыстыратының айту. Шындығында егер ыстық-суық Алланың құрал 

аспабының тобынан болмаса дәрігер-тәуіптік ілім жоқ болып құрыр еді. 

Алайда   бұл   жөнінен   қате   қылар   еді,назары   шектелген   төмен   мәртебені 

ыстық-суық   деп,бұны   асыл-негіз   деп   білер.   Кімге   тәуелділігін   бой 

ұсынатынын   білмес.   Қадірін   де   кемелін   де   танып,қызметкерлігін 

танымас.Ыстықпен суық-ең төмеңгі дәрежедегі қызметкерлер тобынан.

Астрологтар   жұлдыздарды   Алланың   құрал-аспабы   тобынан 

санауда,шындығында   егер   сондай   болмаса,күндіз   бен   түн   болмас   еді. 

Сонымен   ыстық-жалын   жұлдыздар,   ғалам   раушандығы,   ыстықтығы 

43


сонымен бірге болар. Зымыстан-қыс,жадыраған жаз барабар болар ма еді. 

Жаздың ыстықтығы шектен тыс болар,ыстық-аспанның ортасында жақын 

жүрер.Жаратқан құдай аспанды ыстық және жарық қылыпты, Сатурнды 

суық етіп және құрғақ етіпті және Шолпанды ыстық және ылғалды етіпті 

деп сендірудің мұсылманшылыққа ешқандай зияны жоқ. Алайда астролог 

жұлдызшылар   ол   себептерден   бір   бөлек   түсіндіріп   жұлдыздарды   асыл-

негізі деп санап ғалам істерін оған жүктейді. Жұлдыздардың кімге тәуелді 

екенінен хабарсыздығын байқатар. Ағраф сүресінің 54-аятында: «Ыстық 

күн мен ай  жұлдыздар  Хақ  нұрлы Алла  тағаланың  әміріне  бағынышты 

және бой ұсынатындар» деп басқа біреудін жарлығымен іс қылатындарды 

айтады.   Ал   жұлдыздар   өздігінше   ешқандай   жұмыс   істей   алмас,бәлкім 

періштелер   жарлығымен   іс   қылар.   Сондықтан   сіңір-тамыр,жүйке 

атқаратын істері - тұтас денені қимыл мен іс-әрекетке кірістіру көмейдегі 

қуаттың   әсерінен   болар.   Сондықтан   жұлдыздар   соңғы   мәртебедегі 

қызметкерлер тобына жатады. Егер де ескеретін заттардың бастылары өз 

дәрежесінде болса да тәуелді ғаламнан болар төрт асыл элементтері ұқсас, 

төменгі мәртебедегі  қызметкерлерден.  Яғни,жазушы қолындағы қаламға 

ұқсас деуге болады.



Жиырма төртінші тарау

Табиғаттанушы-материалистер осалдығы

Халық арасында бүл мәселеден толығырақ түсініп берілсе бәрі де 

шындық   деп   айтар   еді.   Бірақ   бағзылары   көрмесе   де   көріп-білгендердін 

дауын   айтар.   Бұлардын   мысалы   -   көзі   көрлерге   ұқсас   деуге   болады. 

Есіткенім бар еді – олардың мекеніне бір піл келіпті. Кілен көзі көрмейтін 

көрлер   жиналып   келіп,   пілді   қолдарымен   сипап   танымақшы   болады. 

Кейбіреуі пілдін құлағын, біреуі аяғын бірі тісін сипап асып-сасып ол жер-

бұл   жерлерін   ұстап,   байқағансып,қалған   соқырларға   піл   жайлы   хабар 

беріп,аяғын үстағаны-үстынға ұқсаған екен десе,тісін ұстағаны-япырай піл 

пышаққа ұқсаған нәрсе екен дейді. Ал құлағын сипап көрген-піл кілемге 

ұқсаған болады екен дейді. Бұлардың бәрінін де-шындық,бірақ қате айтып 

тұр. Пілдің барлық ағзаларын танығанмен тұтасынан,толық бітім тұлғасын 

танудан   көңілдері   күмән.   Өйткені   кейбір   ағзаларын   қолымен   ұстап 

танығанымен   өзге   толық   түр-тұлғасынан   хабарсызы   екені   ақиқат. 

Жұлдызшы,табиғаттанушы (материалист) қауымы да, Әзіреті Хақ нұрлы 

Алла тағаланы қызметкерлерінің кейбірін таныпты. Алланың құдіретіне 

таңданып, Қазі Рәббі падиша осы екен депті. Алла тағала бұларға да анық 

жолды   көрсетіпті.   Бәрінің   де   кемшілігін   көріпті.   Бұлар   да   біреудің 

жарлығымен болған шығар,бәрі де тек қызметкер – Құдайлыққа жарамас.

44


Жиырма бесінші тарау

Ғаламның түзілісі

Жұлдыздар мен табиғат және аспан күмбезіндегі жұлдыздар,күннін 

жылдық   қимыл   және   әрекет   жолын   бойлап     жайласқаны   он   екі   екен. 

Ғарыш   бұлардан   өз   алдын   бөлегірек,басқаша   ерекшелігі 

бар.Падишаның,мысалы,отыратын үйі бар. Уәзір де,падиша жанында,сол 

үйде   отырады   және   бұл   үйдің   маңайында   қоңсы-көршілері   болар. 

(Олардың саны он екі- хамал, сәуір, зауза, сары атан, әсет, сүмбіле, мизан, 

ақырап, қауыз, жәди, дәлу, хүт). Сол он екі көршілес үйлердің сипатында 

уәзірдің   орынбасары   отырар,және   жеті   атты   жолбасшы   бұл   он   екінің 

сыртқы   жағынан   айналар.   Бұл   жеті   ат   үстіндегі   жолбасшылар   уәзір 

орынбасарларының   жарлығына   бағынады.төрт   жаяу   бұғау   салғыш 

құрықшылар, жеті ат ұстіндегі жолбашылардан аулақтай маңайда, Әзіреті 

падишадан қандай жарлық келеді деп, мұнтаздай болып дайын тұрар. Төрт 

бұғау   қоғанақты,төрт   жаяуға   беріпті.   Олар   жарлық   талабына     кейбірін 

падиша жаққа тартса,кейбірін аулақ алыстатар. Әзіреті Алла тағаланын бір 

үйдегі   уәзірінің   мемлекетіндегі   періште   сұхбаттастары   оның   қарарында 

болар.

Көк күмбезіндегі жұлдыздар сол бір үйдін пеш хайуаны іспетті.Он 



екі   жұлдыз,он   екі   сипат.   Уәзірдің   орынбасарлары   бірнеше   періштелер 

болар.   Бұлардың   дәрежесі,уәзірмен   сұхбаттастығы   болғанымен   сәл 

төменірек   болар.   Бұлардың   бәріне   ілімді   істі   тапсырып   қойыпты.   Жеті 

жұлдыз жеті атты жолбасшыға ұқсас. Әрдайым сипан маңайын айналып 

жүрер және әр сипаннан әртүрлі жарлық оларға жетер. Олар әр нәрсе төрт 

асыл   деп   аталатын.   Олар   –   от,   су,   жел,   топырақ,   яғни   төрт   жаяу 

қызметкерлер, бұлар өз отандарынан сапарға шықпас және бұларға төрт 

тәуелділер бар. Олар – ыстық, суық, ылғалдық және құрғақтық. Бұл төрт 

бұғаулы   құрықтар,   төрт   асылдын   қолында   болар.   Мәселен   уақытында 

біреудің   хәлі   ауырлап,   дүниеден   жүз   үйіріп   қайғымен   уайым   жеңіп 

дүниенін қызығы да ризығы да көңіліне жақпай ақырет қамы оған басым 

келсе, тәуіп бұл ауру қапашылық меланхолиясы деп атайды екен. Бұнын 

емі   қызыл   реңді   дәрі   шөп,   дәмі   тықырлау   ащы   болар.   Оның   қайнатпа 

шербеті есінен айырылған құсалық, рухани кеселдерге дауа болар дейді. 

Кейбір   көңілдегі   дітімен   болжайтын   тәуіп,бұл   кесел   қыстың   зымыстан 

құрғақ   суығы   салдарынан   пайда   болған,   көктем   келіп   ылғал   басым 

болмайынша,   дені   сауықпайды   дейді.   Жүлдызшы   айтар:   «Бұл   кесел 

жалқық   көбіктің   кобеюінен,   бұл   жағдайдың   қалыптасуына,   Меркурий 

ықпалы бар. Егерде Меркурий Марсқа жақындаса , сөз жоқ кесел пайда 

болады.   Уақыты   келіп   Меркурий   екі   дәреже-алшақтық   дәрежесіне 

жеткенше, бұл кеселден айыға алмайды» дейді.Сонымен бұл аты аталған 

топтардың бәрі де шындық айтқан іспетті,бірақ тек өз білгендерін ғана 

45


айтар.   Алайда   бұл   топтарға   Әзіреті   Хақ   тағала   кеңдігімен   олардың 

бақытына сол екі жол басшы,дана керуенді Меркурий мен Марс деп атауға 

өкім  етіпті.   Ол  заттар  уақыты  жетіп,жер  жаяулық  кеңдігінен   аспан  көк 

кеңдігіне жаяулап шығады екен. Ұзын бағаулы құрықты көмейдін басынан 

іліп,дүние   ләззатарынан   жүз   үйіріп,   ғам   қайғының   қамшысын   ұрып, 

жігерлене   талап   шылауын   қолына   алып,   Әзіреті   Алла   тағала   кеңдігіне 

қарай   тартар.   Сонымен   бұл   тәуіптік   ілім   табиғат   ілімі   және   астролог 

ілімінен болмай,бәлкім бұл Пайғамбарлық телегей теңізінің тамшылары 

шығар-барлық атрап мемлекет және барлық басшылар да бағынушылар да 

қызметшілер де қәзіретке мұхит болар. Сонымен бұл ілімді білушілер әр 

кісіні не үшін жаратқаны және жаратушыны қалайша талдап түсінер және 

қайсы істен шет қалдырар? Ал енді астролог,тәуіп табиғатшылар тобы әр 

сөзді айтар,не айтса да шын айтар. Бірақ Қәзіреті падиша мәртебелім және 

оның сыпайы салт атты қызметкерлерінің ахуалынан хабар таба алмапты. 

Хақ тағала бұл сияқты бәле-кеселдерді саудайы (Меленхол) бейнет пен 

кеңдігіне  жетелер  және ол  кесел емес  деп  айтады  екен.  Бәлкім ілтипат 

мархабатымен   бұғауына   түсіріп   өзіне   тартар.   «Әулиелерімді   сол   бұғау 

арқылы   өзімен   тартамын   деген   сипатты.   Яғни   «Ақиқаттан 

қиыншылық,әуелі Пайғамбарларға,одан кейін соларға ұқсастыларға лайық 

депті.   Сонымен   сен   бұларға   кеселді   назарымен   қарама,бұлар   мына 

топтағылардан: я Мұса, бұлар жөнінде мынандай хабар бар, кесел болдым, 

бәрібір   жат   қылмадың   мені,   Мұса!   (бұл   жерде   егер   кеселді   барып 

көргенінде,мені көрген болар едің мағынасында). Сонымен әуелгі мысал, 

адамның   денесіне   падишалығы   дәлел   болар.   Екінші   мысал-адамның   өз 

денесінен өзге мемлекетте падишалық ету. Осы тұрғыдан алғанда бұларды 

білмек те қазіреті Хақ тағаланы танымау жағдайынан екенін айта кету еді. 

Бұл   себептен   де   ілім-білім   мағрифаттың   жаратылуын   әуелгі   етіп   алға 

тарттық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет