Закон, беречь порядок 10 стр. 2 ИсторИя в лИцах


Полковник Куаныш КОЖАХМЕТОВ



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.03.2017
өлшемі57,6 Mb.
#5493
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7

Полковник Куаныш КОЖАХМЕТОВ

Репортаж

13

Жауынгерлік қызмет ол қызметтің төресі, қызметтің 



басты арнасы. Ол қауіпсіздік, тыныштықтың кепілі. Екі 

көзді, бір басты пенде болғаннан кейін көбіне­көп адам 

баласы  аңғармайтын  дүниелер  көп­ақ.  Мәселен,  күн-

делікті сезініп жүрген мамыражай тыныштықтың қадірін 

де  бағалап  жатпайтынымыз  бар.  Ол  өздігінен  болып, 

құйылып,  жасалып  тұрған  дүние  сияқты  көретінімізді 

қайда қоясың. Бірақ барлығы сіз ойлағандай емес. Сол 

тыныштықтың,  сол  бір  күндік  қауіпсіздіктің  артында 

қаншама асу­асу, белес­белес еңбек жатыр десеңізші. Ол 

ел  үшін  отқа  күйер  азаматтарымыздың  маңдай  тері,  ақ 

еңбегі. Ол стратегиялық нысандарды, шекараны, қоғам-

дық тәртіпті күзетіп, жеме­жемге келгенде елдің кез кел-

ген қауіп­қатерден амандығы жолында бес қаруын асы-

нып, белдерін бекем буған Отан қорғаушылардың еңбегі 

арқылы туған ел бейбіт күнмен тыныстайтынын біле біл-

сек нұр үстіне нұр.

6636  әскери  бөліміне  де  жүктелген  жауапкершілік 

жүгі зор. Жеке құрам Астана қаласы мен Ақмола облы-

сындағы бірнеше түзеу мекемесінің күзетін қамтамасыз 

етеді. Сонымен, біз барғанда старшина Жандос Оңғаров 

бастаған  қарауыл  құрамы  жауынгерлік  қызметте  тұр 

екен. 


Жастықтың аты арын-

дап,

Тас қияға өрледік

Қатаң  тәртіп,  сергектік 

пен сенім жауынгер өмірінің 

бұлжымас  заңы.  Сондай­ақ, 

олар  үшін  әр  сағат,  әр  сәт 

қымбат,  әрі  санаулы.  Атқа-

рылатын  шаруа  бірінен  соң 

бірі рет­ретімен келіп, уақыт-

тан  озып,  бәріне  үлгеру  қа-

жет.  Бір  жылғы  аз  уақытта 

әскери  бөлімге  кіріп,  одан 

жан­жақты  ерік­жігері  ке-

мелденген  азамат  болып 

шығу  қажет.  Отан  қорғау-

дағы  жұмыстың  ұсақ­түйегі 

жоқ.  Жұмыс  тапсырылды, 

әскери жарғыда не жазылды, 

соны  мүлтіксіз  орындаған-

да  ғана  абыройының  артып, 

алдыңдағы  мақсатыңа  же-

тесің.  Осы  өмірлік  қағида 

жолындағы  жауынгерлердің 

қарбаласы таң атысымен­ақ басталып: “Тұрыңдар!” де-

ген белгі берілісімен төсектерін жинастырып, таңсәрілік 

жаттығуларын  жасап,  казарма  ішін  ретке  келтірісімен 

сап  түзегендер,  ертеңгілік  астан  кейін  орталық  алаңда 

шеру  тартып,  еліміздің  Әнұранын  әуелете  шырқайды. 

Орысы да, қазағы да Әнұранның мәтінін мүлтіксіз мең-

геріп  алған.  Командирлердің  бұйрықтары  да  қазақша 

естіледі.  Әскери  байланыс  бөлімінде  мемлекеттік  тілге 

ерекше көңіл бөлінетіндігін аңғарып, риза боласың.

– Тік тұр!

– Сап түзе!

– Қарыштап алға бас! – деген бұйрықтан соң жауын-

герлер ширақ, еркін қимылдайды.

Жолбасшым  әскери  бөлімнің  тәрбие  және  әлеумет-

тік­құқықтық  жұмыстар  бөлімшесінің  бастығы  майор 

Өмірбек Сәрсенбаев бас болып қарауыл қызметінің ты-

ныс­тіршілігімен жете танысуыма мүмкіндік туды. Қай 

ғимаратқа  бас  сұқсаң  да  реттілік  пен  тазалық,  әскери 

қатаң тәртіптің нәтижесі байқалады. Қазақтың ержүрек 

ұлы Бауыржан Момышұлының: “Тәртіпке бағынсаң, құл 

болмайсың”, ­ деген сөзі еріксіз еске түсті. Әскери қатаң 

тәртіпсіз  табыс  та,  жеңіс  те  болмайтыны  аян.  Осыдан 

2 ай бұрын осы бөлімнің табалдырығын имене аттаған 

жас жауынгерлер қатаң тәртіпке мойынсұнғанда ғана, өз 

ТУҒАН ЕЛ 

БЕЙБІТ КҮНМЕН

ТЫНЫСТАЙДЫ

ТУҒАН ЕЛ 

БЕЙБІТ КҮНМЕН

ТЫНЫСТАЙДЫ



Ұлттық  ұландағы  ақбас  тарихы 

ұзағынан  созылып,  даңқты  жауынгер-

лік  жолымен  ерекшеленетін  әскери 

ұжымдардың  бірі  –  6636  әскери  бөлімі. 

Өткенде  ғана  бұл  ұжым  өздерінің  55 

жылдық  асқаралы  белесін  атап  өтті. 

Жақында  біздің  де  жолымыз  аталған 

бөлімге  түсіп,  сарбаздардың  жауынгер-

лік қызметінен арнайы репортаж жасап 

қайтқан едік. 

Ұлттық  ұландағы  ақбас  тарихы 

ұзағынан  созылып,  даңқты  жауынгер-

лік  жолымен  ерекшеленетін  әскери 

ұжымдардың  бірі  –  6636  әскери  бөлімі. 

Өткенде  ғана  бұл  ұжым  өздерінің  55 

жылдық  асқаралы  белесін  атап  өтті. 

Жақында  біздің  де  жолымыз  аталған 

бөлімге  түсіп,  сарбаздардың  жауынгер-

лік қызметінен арнайы репортаж жасап 

қайтқан едік. 

Репортаж

14

ісінің білгірі болатынын анық сезінуде.



Міне,  кезекті  жауынгерлер  қарауыл  күзетінен  орал-

ды. Олар командирлеріне қызмет барысы жайлы баяндап 

жатты.

Тәртіп, тәртіп және тәртіп

Майор  Алтынбек  Нұрманов,  батальон  коман-

дирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс-

тар жөніндегі орынбасары:

– Аталмыш әскери бөлімде басшылық қызметте жүр-

геніме  екі  жылдың  жүзі  болды.  Бөлімнің  жауынгерлік 

дайындық  дәрежесі  өте  жоғары.  Әскери  бөлімде  тәр-

бие жұмысына үлкен мән береміз. Тәрбие басы ­ тәртіп. 

Тіпті,  тәртіп,  тәртіп  және  тәртіп.  Онсыз  болуы  мүмкін 

емес. 

Ұшқан құстың қанаты талған, ол шеті мен бұл шеті 



ұланғайыр,  шексіз  де  шетсіз  кең  дала  бір  кездері  ба-

тыр  бабаларымыздың  кемел  ақыл­ойы  мен  даналығы 

нәтижесінде  бізге  жетті.  Қабанбай,  Бөгенбай,  Қарасай, 

Наурыз бай, Райымбек сынды бабалардың ерлігі еліміз-

ге ұран болып, жат жұрттың табан тіреуіне жол бермеді. 

Батыр лықты  ешкім  де  қолдан  жасамайды.  Оны  уақыт-

тың  өзі  алға  тартып,  жан  беріп,  жан  алысқанда  жүрегі 

Отан ана деп соққан әр жүрек ерекше бұлқынып, ерлікке 

бастары хақ. Міне, біз осыны жауынгерлердің жүрегіне 

жеткізуге тырысамыз.



Достық қарым-қатынасымыз қалыптасты

Дидар Әбілқасым, қатардағы жауынгер:

–  Кеше  ғана  алаңсыз  балалықты  бастан  кешірсек 

ержетіп,  ағаларға  қарап  бой  түзегенімізді  де  байқамай 

қалыппыз.  Алматы  облысы  Жамбыл  ауданы  Ұзынағаш 

ауылынан өткен жылғы қараша айында Отан алдындағы 

азаматтық борышымды өтеуге осы бөлімге келдім. «Бәрі 

оңай  болды»  десем  ағаттық  болар,  бірден  қиындықпен 

бетпе­бет ұшырастым. Әскери өнерді бірден баурап әке-

ту бізге оңайға соқпады. Дегенмен, алғашқы күннен­ақ 

командирлердің айтқанын бұлжытпай орындауға дағды-

ландым.  Казармадағы  барлық  жауынгерлермен  достық 

қарым­қатынастамыз. 

Бір­бірімізді  сыйлап,  біл-

мегенімізді  үйретуге  дағ-

дыландық. Сонымен бірге 

әскери  тәртіп  бойынша 

басшылардың 

айтқа-


нын  бұлжытпай  орындау 

абыройлы 

борышымыз 

екенін  білеміз.  Жауын-

герлер арасында озат ата-

нуыма мектепте спортпен 

шұғылдануымның  септі-

гі  тиді.  Шыныққан  шы-

мырлығым,  төзімділігім 

кездес кен қиындықтардан 

алып шықты.

Алдыңа мақсат 

қойсаң, алынбайтын асу 

жоқ

Ефрейтор  Ерқанат 

Ілиясов, кинолог маман:

– Адам алдына мақсат 

қойып,  жігерленсе  алын-

байтын  асу,  бағынбайтын 

биік жоқ. Бастап қыда әскери қызметші боламын, кино-

лог мамандығын меңгеремін деп ойлаған емеспін. Қызы-

лорда облысы Байқоңыр қаласында орта мектепті бітір-

ген  соң  әскер  қатарына  шақырылып,  Отан  алдындағы 

борышымды  осы  әскери  ұжымда  өтедім.  Кейін  әскери 

өмірді  жаныма  жақын  тартып,  жүрек  қалауымен  қыз-

метімді келісімшарт негізінде жалғастыруға қалдым. 

Аз уақыт ішінде көп нәрсені өмірдің өзі үйретті деп 

ойлаймын. Әскери сала төзімділікке баулыды, нағыз па-

триот болуға үндеді. Әрине, итті баулап, оны қызметке 

үйретудің  өз  қиындығы  бар.  Соған  қарамастан,  менің 

бұл  саладан  үйренгенім  көп.  Кинолог  қызметім  өзіме 

өте ұнайды әрі білгенімді басқаларға үйретуден әсте жа-

лыққан емеспін. Өз басым қызметімде аға сержант Серік 

Фаридовты  үлгі  тұтамын.  Оның  білікті  кинолог  маман 

ретінде  маған  деген  қамқорлығын  айқын  сезінемін  әрі 

сенімінен шығуға әрдайым дайынмын.

Жастардың құлшынысы қуантады

Старшина Жандос Оңғаров, қарауыл бастығы:

–  Бозбала  кезімде  мені  әскерилердің  жып­жинақы 

киімі мен салтанатты жүріс­тұрысы ерекше қызықтыра-

тын. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Леңгір 

қаласында  өмірге  келіп,  мектепті  бітірген  соңғы  бала-

лық арманым Әскери институтқа жетелеп апарды. Бірақ, 

амал  қанша  біреудің  бабы,  біреудің  бағы  шауып,  бізге 

курсант атану несібесі бұйырмады. Әрине, өмір онымен 

тоқтамайды. Кейін қаржыгер мамандығын оқып, жоғары 

білім алдым. 2004 жылы 6654 әскери бөлімінде азамат-

тық борышымды өтедім. Балалық күнгі арман адамның 

аяғын тұсаулап, өзіне икемдей беретіні анық екен. Қан-

ша жерден, қолыма дипломымды алып, енді міне еңбек 

жолымды  бастармын  десем  де,  жүрек  қалауым  әскери 

қызметке тартып тұрды. Ақыры 2010 жылы 6636 әскери 

бөліміндегі  қызметім  басталып,  содан  бері  осы  салада 

еңбек етудемін. 

Қазіргі  кезде  жастар  әскерден  бой  тасаламайды, 

керісінше Қарулы Күштер қатарына баруға деген ынта-


Репортаж

15

ларымен  ерекшеленеді.  Әрине,  бұған  қуанамыз 



әрі  бұл  еліміздегі  әскери  қызметтің  мәртебесін 

де  байқататыны  анық.  Жас  жігіттерге  әскери 

өмірдің  берер  тағылымы  мол.Таяуда  Өскеменде 

әскери өмірде өздерін жақсы жағынан көрсеткен, 

екі  ұландық  жауынгердің  қылмыскерді  ұстағаны 

жайлы хабарды естіп, бір марқайып қалдық. Айта 

берсек  Ұлттық  ұлан  сабында  мұндай  мысалдар 

көп. Бұл бізге мақтаныш, зор абырой. Өз қатары-

мызда да үздіктер баршылық. Олардың қатарында 

старшина  Б.  Қайырбеков,  сержанттар  С.Сайке-

шов, Қ. Көпеков, сарбаздар ефрейтор А.Айдархан, 

қатардағы М.Әбетов, қатардағы С.Тұрсынбековты 

айрықша атап өткім келеді. Алдыға қойылған мін-

деттерді елгезектікпен, жоғары жауапкершілікпен 

атқаратын осы азаматтардың арқасында ұжымы-

мыздың тасы өрге домалап отыр. 



Отан - оттан да ыстық

Прапорщик  Рахим  Ганиев,  қарауыл  бас-

тығының көмекшісі:

– Кімнің болса да жүрек түкпірінде туған жер-

ге, Отанға, отбасына да деген қимастық сезімі бо-

лады.  Осылардың  ең  биігі  елжандылық,  отансүйгіштік 

қасиет.  Бұл  қастерлі  ұғым  арқылы  қоғамның  негізі  қа-

ланады. Отан отбасынан басталады, демек өзіңнің ата­а-

наңды қалай қастерлесең, Отаныңды да сондай қасиет-

тей біл. Ер жігіт елі үшін туады деген ғой. Отан қорғау 

саласында  еңбек  етуімнің  өзі  елжанды  болуымнан  деп 

ойлаймын.

Ақмола облысының Жақсы ауданында өмірге келіп, 

есейдім. Әскер қатарында 1993 жылдан бері қызмет етіп 

келемін. 20 жылдан аса уақыт Қарағанды қаласындағы 

6505 әскери бөлімінде қызмет атқарсам, өткен жылдың 

соңынан бері осы әскери бөлімінде жұмыс істеудемін.

Қазір  біраз  тәжірибе  жинақтадым,  еңбегім  де  еле-

усіз емес. Отбасымда үш балам өсіп келеді. Біздің басты 

қызметіміз – жауынгерлік қызметті ұйымдастыру, сапа-

лы атқарылуын қадағалау. Бұған біз жіті көңіл бөлеміз. 

Нәтиже жаман емес, қазір әрбір жауынгер Отан қорғау 

абыройлы іс екендігін жан­тәндерімен сезінуде.

Бірлік түбі  - береке

Иә, қай ұжым болса да бірліктің орны бөлек екенін 

білеміз.  Жеке  құрамның  жоғары  беделге  ие  болуы,  әр 

қызметкерінің  маңдайы  арайланып  құрметке  ие  бо-

луы  түптің  түбінде  ұжым  ынтымағына,  мұнан  кейін 


Репортаж

16

барып  қана  кәсіптік  біліктілікке,  сауаптылық  пен  жеке 



бастың  дарындылығына  тірелетіні  баршаға  аян.  Осы 

орайда  «Жақсы  маман  ұжым  үшін  үлкен  олжа»  деген 

М.Горькийдің  сөзі  ойымызға  орала  береді.  6636  әскере 

бөлімінде  болып,  ондағы  қарауыл  қызметімен  таныса 

жүріп, мұндағы әр әскери қызметшінің оңай шағылмас 

жаңғақ  екенін  аңғардық.  Өз  міндеттерін 

жақсы біледі, жұмыстарына қағілез, қы-

рағылықта  қапы  қалмайды.  Нағыз  қара-

уылға  қажетті  қарым­қабілеттер  де  осы 

емес  пе?!  Олай  болса,  оны  мұндағы  жі-

гіттердің бойынан бірден тануға болады.

Біздің  пікірімізді  осындағы  ЕЦ  – 

166/10 түзеу мекемесінің бастығы әділет 

полковнигі  Нұрлан  Әбен  де  қуаттап, 

өз  ойымен  бөлісті:  «Біздің  қызмет  бір­

бірімен  тығыз  байланысты.  Ұландықтар 

мекеменің  сыртқы,  ішкі  қауіпсіздігін 

қамтамасыз етеді. Жігіттер жайлы айта-

рым,  тек  жақсы  сөз.  Қызметтеріне  қы-

рағы,  жинақы,  ұтқыр  да  ұқыпты  ұжым. 

Сыртқы қарауыл және ішкі бақылау қы-

зметіндегілер  техникалық  тұрғыдан  да 

жақсы  жарақтандырылған.  Есірткі  зат-

тарын,  қару,  басқа  да  тыйым  салынған 

заттарды табуға арналған арнайы құрал-

дармен  әр  маман  қамтамасыз  етілген. 

Сондай­ақ,  қарауыл  қызметінде  иттері 

де  бар.  Барлығы  да  лайықты  орында 

ұсталып, салпаңқұлақтарды қызметтері-

не  баулуға  білікті  мамандар  бекітілген. 

«Біз  үшін  иттің  көмегі  ауадай  қажет. 

Әлі күнге дейін түзеу мекемелеріне сы-

рттан келетін есірткі сынды қауіпті зат-

тар азай май отыр. Осы орайда мекемеге 

келіп­кетушілер  ұландықтардың  қызмет 

итінің  көмегі  арқылы  жіті  тексерістен 

өтеді.  Әрине,  күндіз­түні  қауіпті  кон-

тингентпен жұмыс істеп, оларды күзету, 

қарауыл  мұнарасында  жанар  тауысып 

қауіпсіздікті  бекемдеу,  біле  білсек  оңай 

қызмет емес. Ол бойында төзімділігі бар, 

шыдамды  да  шымыр,  рухани  күшті 

жандардың қолынан келетін ғана іс. 

Мұндағы  жігіттерді  мен  сондай  ал-

даспан  жандар  деп  білемін,  Оларға 

қызметте жеміс, бастарына амандық, 

өмірлеріне  толайым  табыстық  жол 

тілеймін».



Сөз соңы. Намыс, ерлік, адамгер-

шілік,  патриоттық сынды  игі  қа-

сиеттерді  бойына  сіңіріп  өскен 

мұндағы ұландықтар Отан қорғау-

ды абыройлы іс деп түсінеді. Олар-

дың сөйлесе отырып, әңгімелерінен 

әрқайсының  ел  мүддесі  жолында 

отқа түсуден тайынбайтындығын 

байқадық.  Олар  өмірде  бір-ақ  рет 

қабылданатын Әскери антқа адал 

болуды  алдыларына  мақсат  етіп 

қойған. Сондықтан, оларға жарғы-

дан  тыс  әрекет  жат.  Осылайша, 

парыз  бен  борышты  бәрінен  де  жоғары  қойған  қару 

асынған жауынгерлерге қарап тұрып нағыз қазақ сар-

баз осылардай болсын деп ой түйдік.

Майор Арман ӘУБӘКІРОВ

Наука – побеждать

17

Военный  институт  Национальной  гвардии  Рес-



публики Казахстан находится в числе передовых во-

енных  вузов  страны.  Его  показатели  и  количество 

желающих поступить в него растут с каждым годом. 

Так,  например,  в  прошлом  году  альма-матер  войск 

правопорядка  завоевала  первое  место  в  III  Спарта-

киаде Вооруженных сил РК среди курсантов высших 

военных учебных заведений. К слову сказать, курсан-

ты  ВИ  часто  занимают  первые  и  призовые  места  в 

конкурсах, первенствах и олимпиадах.

Здесь можно узнать историю военного искусства, 

теорию воинского воспитания и экстремальную пси-

хологию, постичь науку управления огнем, вождения 

боевых машин, обрести навыки боевой стрельбы. О 

том, что такое боевая учеба и с чего же она начина-

ется  рассказали  заместитель  начальника  кафедры 

вооружения и стрельбы подполковник Ринат Сайфу-

динов и преподаватель цикла тактики подполковник 

Артемий Куренков.

Руслан Кайыркенов: – С чего начинается боевая 

учеба для курсанта и как данная программа наращи-

вается от курса к курсу?

Ринат Сайфудинов: – Как только абитуриент посту-

пает в военный вуз и становится курсантом, с 1 августа 

он проходит курс молодого бойца. Он знакомится с таки-

ми дисциплинами, как тактика, огневая и строевая подго-

товки, Уставы Вооруженных сил Республики Казахстан. 

Во время огневой подготовки курсанты изучают матери-

альную часть автомата Калашникова и ручных осколоч-

ных гранат, правила стрельбы из стрелкового оружия и 

выполняют начальные упражнения учебных стрельб.

РК: – Как связана огневая подготовка с другими 

дисциплинами?

РС: – В огневой подготовке применяются элементы 

строевой и тактической подготовок в выполнении норма-

тивов №1 и №2. Элементы дисциплины «Защита от ору-

жия  массового  поражения»  –  ведение  стрельбы  из  лю-

бого вида оружия в противогазе. Элементы физической 

подготовки – выполнение упражнений учебных стрельб 

в составе войскового наряда и скоростная стрельба с пре-

одолением дистанций.



РК: – Усложняется ли программа обучения с каж-

дым курсом?

РС: – Программа усложняется с каждым семестром. 

Сначала курсанты выполняют стрельбу по неподвижным 

целям, затем по появляющимся, движущимся. Проходят 

упражнения  на  время,  на  скорострельность,  стрельбу  в 

составе войскового наряда, стрельбу в условиях ограни-

ченной видимости, ночную стрельбу. К тому же, особен-

ности климата нашего региона воспитывают в курсантах 

выносливость, стойкость при выполнении стрельб.



РК: – Когда курсанты начинают стрелять с броне-

транспортера?

РС: – На втором курсе. После изучения материальной 

части вооружения БТР и правил стрельбы.



РК:  –  В  Военном  институте  обучение  ведется  по 

семи специальностям. Должны ли уметь стрелять из 

различных видов оружия курсанты, обучающиеся на 

автомобилистов, связистов или у них узкое направле-

ние – АК и ПМ?

РС:  –  Каждый  курсант,  независимо  от  выбранной 

специальности,  должен  уметь  стрелять  из  всех  видов 

оружия, стоящих на вооружении Национальной гвардии.

РК: – А как определяются лучшие из лучших?

РС: – После каждого рубежного контроля, сдачи сес-

сии  специалисты  кафедры  подводят  итоги  по  ротам  и 

курсам  –  выявляют  успеваемость  каждого  курса,  ведут 

сравнительный анализ с прошлыми сессиями, далее де-

лают соответствующие выводы по дальнейшей програм-

ме  обучения.  После  практических  занятий  выявляются 

упущения  –  определяются  темы,  по  которым  курсанты 

отстают, также анализируются результаты стрельб, под-

водятся итоги. С теми курсантами, которые показывают 

слабые  результаты,  проводят  дополнительные  индиви-

ПУТЬ БУДУЩИХ ОФИЦЕРОВ:

ПУТЬ БУДУЩИХ ОФИЦЕРОВ:

сквозь тернии к звездам


Наука – побеждать

18

дуальные занятия. Отстающих не 



должно быть.

РК:  –  В  начале  февраля  ка-

федра физической подготовки и 

спорта  чествовала  спортсменов 

и  в  докладе  начальника  кафе-

дры  указывалось  количество 

курсантов,  выполнивших  нор-

мативы  мастеров  спорта.  Су-

ществует ли подобная практика 

для стрелков?

РС: – На практических заняти-

ях по огневой подготовке мы вы-

являем курсантов, показывающих 

стабильно  высокие  результаты.  И 

уже при отборе команды для уча-

стия в соревнованиях в масштабе 

Национальной  гвардии  кафедрой 

физической  подготовки  и  спор-

та  рекомендуем  таких  курсантов, 

ведь мы тоже заинтересованы, чтобы наши ученики по-

казывали  хорошие  результаты  уже  в  масштабе  войск  и 

Вооруженных сил Республики Казахстан. На соревнова-

ниях  они  выполняют  разряды  по  стрельбе  из  штатного 

оружия. В 2015 году курсант 3 курса Есетхан Узембаев 

выполнил нормативы мастера спорта по военному трое-

борью, а данный вид спорта включает в себя и стрельбу. 

Раньше  в  масштабе  войск  проводили  соревнования  из 

трех видов оружия – стрельба из автомата Калашникова, 

пистолета Макарова и снайперской винтовки Драгунова. 

Позже стрельба из СВД была исключена, так как в ней 

должны  участвовать  только  военнослужащие  подразде-

лений специального назначения. Некоторые курсанты с 

первого курса стремятся попасть в это элитное подразде-

ление Национальной гвардии и с большим интересом из-

учают материальную часть оружия и тактику действий. 

Есть  курсанты,  которые  подают  большие  надежды  в 

снайперском деле.

РК:  –  Ваша  кафедра  вооружения  и  стрельбы  по-

дает какие-либо предложения по совершенствованию 

качества обучения?

РС:  –  Исходя  из  опыта  российских  военных  вузов, 

казахстанских  военных  учебных  заведений,  идеальный 

вариант – наличие на кафедре интерактивного лазерно-

го  тира,  который  позволяет  обучать  стрельбе  из  писто-

лета,  автомата  и  снайперской  винтовки.  Для  отработки 

действий  в  ситуациях  максимально  приближенных  к 

боевому скоротечному бою на коротких дистанциях раз-

работаны  3D  программы  из  серии  «Тактика»  («Такти-

ка­Здание», «Тактика­Улица», «Тактика­Колония», «Так-

тика­офис»,  КСУ  «Тактика»,  КСУ  «Огневой  контакт»). 

Тир  предназначен  для  приобретения  навыков  стрельбы 

из боевого штатного оружия в обстановке, максимально 

приближенной к боевой. Отрабатывая навыки стрельбы 

в тире, стрелок становится участником кинофильма, в ко-

тором сюжет разворачивается в реальном времени, а си-

туация мгновенно изменяется в зависимости от меткости 

выстрела. Преступники падают при попаданиях или про-

должают  свои  действия  в  случае  промаха.  Количество 

возможных сюжетов для тира, упражнения, типы мише-

ней и варианты их развития не ограничены. В зависимо-

сти от подготовки стрелков преподаватель имеет возмож-

ность упростить или, наоборот, усложнить упражнения и 

мишени для стрельбы. Помимо стрельбы в кинофильме, 

интерактивный тир включает «Курс огневой подготовки» 

(начальные упражнения, основной 

курс,  упражнения  для  спецназа 

и  групп  захвата,  разнообразные 

мишени  для  стрельбы),  а  также 

дополнительные  упражнения  для 

стрельбы  по  неподвижным,  по-

являющимся  и  перемещающимся 

мишеням.  В  тире  результат  каж-

дого выстрела фиксирует компью-

тер  и  хранит  эту  информацию  в 

базе  данных  на  каждого  стрелка. 

В  последующем  преподаватели 

могут получить сведения о любых 

изменениях.  Результат  каждого 

выстрела  выводится  на  экран  в 

виде cтоп­кадра или изображения 

мишени с указанной точкой попа-

дания каждой пули или всех пуль 

с  указанием  средней  точки  попа-


Наука – побеждать

19

дания. К сожалению, пока в Военном институте не пред-



усмотрен закуп тренажеров.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет