Назар аударыңыз! Сынып жетекші мектеп таңдаған интернет-платформаның функционалдық мүмкіншіліктерін түсіндіруі қажет (оқу тапсырмаларын қалай алу керек, Интернет-платформаның мүмкіндіктерін, ата-аналарға арналған функционал, оқушыларға арналған функционал және т. б. ТЖБ және БЖБ орындау).
Оқушылардың оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Сынып жетекшімен байланыста болу;
Синхронды және асинхронды форматтағы сабақтарды ескере отырып, сабақ кестесін сақтау және оқу күнін жоспарлау;
Оқу материалдарын оқу, игеру және белгіленген кестеге сәйкес пәндер бойынша оқу тапсырмаларын орындау;
Жауаптарды Интернет-платформалардың, электрондық журналдардың мүмкіндіктері арқылы тіркеу немесе электрондық пошта арқылы жіберу;
Тапсырмаларды орындау мұғалімнің түсініктемелерін оқып, ұсыныстарын орындау;
Мұғалімдермен қолжетімді режимде жұмыс істеу, қажет болған жағдайда мұғалімге туындаған сұрақтарды жіберу;
Компьютерлік жабдықтың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығына қатысты санитарлық нормаларды сақтау.
2020-2021 оқу жылындағы оқу форматтары
Мектепалды, 1-11 сыныптарда күндізгі оқыту форматы Күндізгі форматтағы оқыту санитарлық талаптардың қатаң шараларын сақтай отырып, елді мекендердегі шағын контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептерде рұқсат етіледі;
Мектептердің күндізгі оқытуы жергілікті атқарушы органдар шешімімен, өңірдегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер келісімімен рәсімделеді.
Күндізгі оқыту форматы талаптары
Барлық сыныптарда, оның ішінде мектепалды сыныптарда, санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтау;
Сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып сабақ кестесін құру;
Оқушылар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшеу;
Дене температурасынормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады, мектеп оқуын штаттық режимде жалғастырады.
Кабинеттік жүйенің болмауы, оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
Әр сынып белгілі бір кабинетте оқиды.
Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда ауысымдар арасында тазарту жүргізу;
Таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;
Мектеп асханасы мен буфеттің қызметін уақытша тоқтату;
Сапалы сумен қамтамасыз ету, өңдеуге арналған зарарсыздандыру құралдарымен аяқ киімге арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз ету;
Медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі.
Қашықтан оқытудың қосымша ресурсы - ТВ-сабақтар
Оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар арқылы оқуға мүмкіндік беріледі.
Телевизиялық сабақтар теледидар эфирінде, әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өткізіледі.
Телевизиялық сабақтардың ұзақтығы 10-нан 15 минутке дейін. Телевизиялық сабақтар жаңа тақырыптың негізгі тұстарын түсіндіруге арналған. Сабақтардағы тақырыпты әр мұғалім бекіту жұмыстарымен толықтырады.
Телевизиялық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің online.edu.kz ресми арналарында тегін қолжетімді болады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу іс-шараларына байланысты бағалау ережелеріне өзгерістер енгізілді;
1 сынып оқушылары бағаланбайды
2-11 сыныптарда пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне күнделікті/формативті, 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) және 1 тоқсандық жиынтық бағалау (бұдан әрі - ТЖБ) жүргізіледі;
5-15 қазан аралығында 2-11 сыныптарда БЖБ, 28 қазаннан бастап 2-11 сыныптарда ТЖБ өткізу ұсынылады. Әр мектеп өз оқу кестесіне байланысты, оңтайлы уақытта өткізеді;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда, электрондық журналдар болмаған жағдайда - қағаз журналдарда жүзеге асырылады.
Оқушыларға арналған оқу тапсырмаларының болжалды көлемі көлемі