Назар аударыңыз! 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде оқушылардың көптеп қатысуымен мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
Назар аударыңыз! Мектеп қашықтан оқытудан әдеттегі режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша (шектеу іс-шаралары аяқталғанға дейін) қашықтан оқытуда қалуы мүмкін. Ол үшін ата-аналар өтініш беруі керек.
Назар аударыңыз!Мектеп асханасы мен буфеттің қызметі уақытша тоқтатылады.
Қашықтан оқу кезіндегі баланың жұмыс орны
мүмкіндігінше жұмыс үстелі табиғи жарыққа жақын болуы керек;
мүмкіндігінше баланың жұмыс орны жас балалардың қол жетімділігінен алыс болуы керек;
жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдануға болады, жарық жоғарыдан пернетақтаға түскені дұрыс;
баланың жұмыс істейтін үстелінде жазатын қолы жағынан (әдетте оң жақта) қағазға жазып жұмыс істеу үшін орын қалдырған дұрыс;
баланың жұмысы кезінде бөлмедегі теледидар өшіріліп, мүмкіндігінше тыныштық пен жұмыс ортасы қамтамасыз етілгені дұрыс.
Қашықтан оқыту кезіндегі баланың оқу режимі және демалысы
Басты міндет: балалардың оқуға деген қызығушылығы жоғалмауы үшін оқу үрдісін ыңғайлы ету
Ұйқыдан тұру
Гигиеналық процедуралар
Таңғы ас
Қысқа демалыс (10-15 минут)
Кесте бойынша сабақтар
Түскі ас
Қысқа демалыс (10-15 минут)
Шығармашылық қызмет түрлерімен айналысу, танымдық кітаптар оқу, үйде көмек көрсету
Оқу тапсырмаларын орындау
Кешкі ас
Гигиеналық процедуралар
Ұйқы
Ата-аналар балалардың денсаулығын сақтау үшін жаттығулар жасатуға, демалу үшін үзілістерге және оқу уақытын ұтымды пайдалануға назар аударуы керек
Мектеп формасына талаптар
Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады;
2020-2021 оқу жылына қатысты міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді;
Санитарлық-эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса алады.
Ата-аналар балаға сабаққа ыңғайлы киім таңдап, киім тәртіпке келтіретінін және оқуға бейімделуге көмектесетінін түсіндіруі қажет
Баланы өздігінен жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыруға болады?