Балаларыңыздың интернетте немен айналысатындығы туралы хабардар болыңыз.Олардан өзіңізді бұрын қолданбаған қосымшаларды қолдануға үйретуді сұраңыз;
Пайдалы сайттарды, танымдық ресурстарды ашуға үйретіңіз;
Ақпаратпен танысқаннан кейін не қызықты екенін сұраңыз;
Балаларыңызға өздері туралы ақпаратты желіде орналастырмау керектігін түсінуге көмектесіңіз;
Егер Сіздің балаңыз спам (қажетсіз электрондық пошта) алса, оған мұндай хаттарда жазылғандарға сенбеуге және жағдайда оларға жауап бермеу керектігін ескертіңіз;
Балаларға бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашуға болмайтынын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда келіссіз немесе агрессивті мазмұндағы фотосуреттер, бейнелер болуы мүмкін екенін жеткізіңіз;
Интернеттегі кейбір адамдар өтірік айтуы мүмкін және өздерін басқа адамдардың атынан көрсетуі мүмкін екенін түсіндіріңіз;
Балаларыңызбен үнемі сөйлесіп отырыңыз, интернеттегі басқа адамдардың іс-әрекеттеріне қалай дұрыс әрекет ету және жауап беру туралы кеңес беріңіз;
Егер біреу желіде ренжітсе немесе агрессивті мазмұндағы материалды көрсе балаларыңызды дұрыс жауап беруге үйретіңіз;
Сіздің балаларыңыз қолданатын компьютерде жасына қарай зерделеу құралдары орнатылып, дұрыс конфигурацияланғанына көз жеткізіңіз.
Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау
Компьютерді көрінетін жерге қойыңыз;
Сабақтан тыс уақытта Интернетте пен ойын уақытын шектеңіз (күніне 15-30 минут);