«Психология» термині грек сөзінен аударғанда екі сөздің мағынасын білдіреді: psyche — жан, психика және logos — мәнмағына, ақыл-ой, таным, зерттеу (ғылымдардың дәстүрлі атауы сияқты бірінші бөлігі – ғылым нысанын, ал екінші бөлігі – оған жету жолын білдіреді). • Сонымен, тура мағынада психология — бұл психика туралы білім, оны зерттейтін ғылым.
Ю. Б. Гиппенрейтер бойынша, «Психология қазіргі танда адамға белгілі ең күрделі құбылыс туралы ғылым. Өйткені психика — бұл жоғары ұйымдасқан материяға тән қасиет. Егер де адам психикасы туралы айтсақ, онда «жоғары ұйымдасқан» деген сөзге «ең жоғарғы» деген сөзді қосу керек: себебі адамның бас миы – бұл бізге белгілі ең жоғары ұйымдасқан материя».