Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.
Психология әр түрлі ғылыми білімдермен тығыз байланысты. Олардың ішінде философия, әлеуметтану, антропология, нейрофизиология және де басқа әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдар психиклық феномендерін, сана мен бейсананы зерттеуге мүмкіндік береді.
Еңбек іс әрекеті туралы пәндер адамның еңбек, демалыс, ойын-сауық, ғылыми іс әрекетін жеке - дара –онтологиялық, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне сәйкестеуіне психологияны бағыттайды. Тарихи-әлеуметтік ғылымдар адам психикасы мен санасының, қоғам мен адамдар арасындағы өз ара қарым-қатынас коммуникацияларының әр түрлі фаза-стадияларындағы құрылу- генерацияланудың эволюция-генезисын зерттеуге психологияға көмек береді. Физиология, нейрофизиология, антропология ғылымдары психологияға – нерв жүйесінің құрылымы мен қызметін және психика механизімдерінің рөлі мен маңыздылығын дәл, анық аңғаруға мүмкіндік береді.