Заманауи тәрбиешіге қойылатын талаптар және тәрбиелеу үрдісі



бет1/2
Дата19.04.2023
өлшемі63,75 Kb.
#84072
  1   2
Байланысты:
Заманауи тәрбиешіге қойылатын талаптар және тәрбиелеу үрдісі


Заманауи тәрбиешіге қойылатын талаптар және тәрбиелеу үрдісі
Мектепке дейінгі тәрбие бүкіл қоғамдық, жалпы халықтық іс болып отыр, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер – жан-жақты дамыған, білімді, парасатты жаңа адам тәрбиелеп, өсіруді талап етеді.
Бала тәрбиесінің жөргектен басталатынын ескерсек, баланың ақыл-ойын, тілін, өмірге құштарлығын дамыту, оларды оқу процесіне дайындау, адамгершілік нышандарын, еңбекке икемділіктің бастамасын қалау осы мектепке дейінгі жүйелі тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асады. Ал мектепке дейінгі тәрбиенің алдына қойылатын талаптар мен мақсаттарды өз дәрежесінде орындау – білімді, бала тәрбиесін жетік білетін мамандардың ғана қолынан келеді.
Мектепке дейінгі мекеме педагогының кәсіби біліктілігі мен шеберлігі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бағдарламаларын іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагог:
-Білім беру мен дамыту процесін дараландыруды қамтамасыз етуге, өзінің балаларды дамытуға қатысты білімін пайдалануға, өзара қарым-қатынасты әрбір баланың бірегей қажеттіліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін ескеру негізінде құруға тиісті; - деп мектепке дейінгі тәрбиелеу мен дамытудың қазақстан республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде баллардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол.
Балалармен жұмыс істеу барысында педагогтар алдында көкейкесті сұрақ туындайды: «Бүгінгі баланы ертеңгі азаматты қалай тәрбиелеу қажет? Болашақ жолына қандай білім беру керек?»
Педагог кәсібі – адамзат тарихындағы ең ежелгі де құрметті кәсіптердің бірі болып саналады. «Педагог» сөзі ежелгі Грецияда пайда болған. Грек тілінен аударғанда (paidagogas)«балаларды жүргізуші» дегенді білдіреді. Педагогтар деп ең алдымен кәсіби тәрбиешілерді, сонан соң оқытушылар мен мұғалімдерді де атай бастады. Қазіргі заман түсінігі бойынша тәрбиеші – бұл кәсіп тің мазмұнына тәрбиелеу мен оқыту кіреді. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі – көптеген заманауи педагогикалық кәсіптердің бірі.
1840 жылы неміс педагогы Ф.Фребель өзінің алғашқы Бланкенбург қаласындағы мектепке дейінгі мекемесіне «балалар бақшасы» деген атау берді. Заманауи педагогтың міндеті – қазіргі заманғы қоғам ауыспалы әлеуметтік жағдаяттарына тәрбиеленушілердің бейімделіп кетуіне жәрдемдесу болып есептеледі.
Қазіргі заманғы бүкіл әлемдік күрделі мәселелер - қатігездіктің, экстермизмнің, нашақорлықтың, терроризмнің өршуі десек болады. Сондықтан бүгін қоғамдық тәрбиелеу мекемелерінде балаларға қарау міндеті – қоғам үшін ең маңызды міндеттердің бірі, мектепке дейінгі мекемеде толықанды тәрбиелеу-білім беру үрдісі жүзеге асрырылуы керек. Біздің тәрбиеленушілердің ата-аналары өз баласының дәстүрден тыс кең ауқымдағы білім алғанын қалайды (өнерге баулу, шет тілдерін меңгеру және т.б.). Демек мектепке дейінгі мекеме жағдайында мектепке дейінгі бала денсаулығы мен бос уақытына білікті қамқорлықпен қарайтын және жоғарғы деңгейдегі тәрбиелеуді қамтамасыз ететін, отбасы тәрбиесіне қатысатын, кәсіби және жалпы мәдени білімдерін үнемі толықтырып отыратын «тиімді тәрбиеші» дайындау туралы сұрақ туындайды. Ол бар күш-жігерін жұмсап, өзін өзі жігерлендіріп, өзінің іс-әрекеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарап жұмыс істеуі керек.
Мектепке дейінгі мекеме педагогының кәсіби іс-әрекеттері педагогтар мен психологтардың зерттеу ортасы юолып келді. Олар Е.А. Панько, Л.Т. Семушкина, В.И. Логинова, С. Буре. Оған барлық педагогикалық іс-әрекеттердің барлық жақтары тән екндігі анықталды: зерттеушілік, жан-жақтылық, шығармашылық, ұжымдық сипат.
Мектепке дейінгі кезеңнің адамның жеке тұлға болып қалыптасуының даму үрдісінде негізгі рольді тәрбиешіге сәйкес талаптарды анықтайды. Ең алдымен, бұл баланың (физикалық және психикалық) бақытты балалық шағы үшін жоғары жауапкершілікті сезіну - мектепке дейінгі кезеңде дұрыс тәрбиенің кепілі, өйткені бұл кезде баланың дамуы оның жағдайына, көңіл-күйіне, эмоциялық көріністеріне байланысты. Мысалы, балалар ауырған кезде тәрбиелік іс-әрекеттерді қабылдауы төмендейді, олар дөрекі қарым-қатынастан ренішті сезінеді.
Педагог қоршаған ортадағы жағдайға зейінді болу керек (балабақша бөлмелерінде, аулада), бала өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болатын әрбір ұсақ-түйектердің алдын ала білуі тиіс. Педагогтың жұмысында жауапкершіліксіз қарау – оның кәсіби жарамсыз екендігінің белгісі екендігін есте сақтау қажет.
Балалармен тәрбиелік - білім беру жұмысын жүзеге асыру –мектепке дейінгі тәрбие педагогының негізгі міндеті. Ол бұл жұмысты жүргізу кезіндегі таңдаулы әдістемелік құжаттарға негізделе отырып алдындағы жұмысты жоспарлауда жүзеге асырылады. Заманауи педагог ата-аналарды ағарту жұмыстарына қатысады, реттейді және отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелік байланыстарының келісімін жасайды. Мектепалды топтарының тәрбиешілерінің кәсіби іс-әрекеттері туралы айтып өткен жөн... Олардың кәсіби іс-әрекеттеріндегі міндетті бағыттары – өздігінен білімдерін көтеру және кәсіби шеберліктерінің өсуі. Осылайша келе педагогтың кәсіби іс-әрекеті ең алдымен дәйектерге сараптама жасайды, сонан кейін ғана осы сараптамаларға сүйене отырып, әрі қарай жұмысына болжам жасайды деген қорытындыға келемін. Тәрбиешінің өзі саналы түрде өз шеберлігін және өзінің жеке тұлғасын шыңдайды да, жақсартады.
Жеке тұлғаның даму іргетасы балалық шақтың мектепке дейінгі кезеңінде қаланатыны белгілі және балабақшада өнімді жүзеге асырылады.
Педагогтар алдындағы міндет – жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, балаларды жан-жақты даярланған азамат етіп шығару.
Баланың жан-жақты дамуы тек қана арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, сонымен қатар қарапайым гигиеналық дағдыларды орындау, тамақтану, серуендеу және еңбек ету барысында қалыптасады.
Сол себепті баланың жеке дамуын жоғарғы деңгейде түрде жүзеге асыру үшін оның балабақшаға келу уақытының әрбір мезетін сапалы да мазмұнды ұйымдастыру қажет.
К.Д. Ушинский «тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке тұлғасына негізделуі керек, себебі тәрбиешілік күш-жігер тек қана жанды адами жеке тұлғасының қайнар көзінен ғана төгіледі» деген пікірге көзін жеткізген.Жас маман немесе тәжірибелі тәрбиеші ақыл-ой дәрежесі ерекше дамыған, жеке ерекше темпереаментке ие, өзінің өзін ұстау стилі бар толықанды жеке тұлға ретінде болады.
«Баланы жақсы көріңіз. Егер өзіңізде құдай сый еткен педагог дарындылығын дамытқыңыз келсе – баланы жақсы көріңіз!» – осындай кәсіби іс-әрекет ережесін ұғынып алуды педагогтарға Ш.А. Амонашвили ұсынды.
Балалармен жұмыс барысында сүйіспеншілік пен сезімталдық өте қажет, өйткені педагог тәрбиеленушілердің болмаған кезінде аналарының орнын толтырады, яғни демек өзін көңіл бөлуге, жылы сөзге, мейірімділікке, жылылыққа, баукырмалдыққа сараңдық көрсетпей өзін ана ретінде ұстауы керек. Жоғарғы жалпы және кәсіби мәдениет, зиялы адамгершілік тазалық, азаматтық жауапкершілік қазіргі заманғы педагог үшін өте маңызды.на внимание, доброе слово, ласку, теплоту, сердечность. Балалармен жұмыс істейтін педагог үшін, ең алдымен педагогикалық такт, көрегендік, белсенділік, кәсіби қарым-қаиынас мәдениеті тән болу керек. Жас мамандарда көбінесе ата-аналармен қарым-қатынасқа түсу қиындық туғызады. Бұл қиындықтарды жеңу үшін педагогтың отбасымен байланысқа түсуге деген психологиялық .......... қажет. Ол жоғарғы нітижелерге жету үшін өзінің жіберген қателіктері мен кемшіліктерінің себептеріне қарай ойланып толғануы тиіс.
Сонымен қатар, келеңсіз жағжайлардың себебін ең алдымен өзінен іздеуі керек деген ережені ұстанғаны абзал. Жеке тұлғаны тек қана жеке тұлға ғана тәрбиелеуі мүмкін.
Мектепке дейінгі мекеме әрбір топта жоғары білікті педагог-психологқа, білікті тәрбиешіге ие болуы үшін тәрбиешілерді жеке саралап дайындау деген ұсыныс бар. Педагог-психолог балалармен бірлесіп ұымдастырылған іс-әрекеттер жүргізеді, баланың бір жас тобынан екінші топқа өткен кезіндегі жағдайы мен даму деңгейін анықтайды, ішкі отбасы жағдайларында баланың жан-дүниесінің бақылауға қатысады. Тәрбиеші балалармен әр түрлі серуендер мен саяхаттар ұйымдастырады. Бұл жерде айта кететініміз кәсңби дағдылардың тұрақталуында өзін-өзі тәрбиелеу мен біліктілігін арттыру өте маңызды роль атқарады. Ал тәжірибелі педагогтардың кеңестері көмек әрі қолғабыс болады.
Педагогикалық іс-әрекеттерге итермелейтін кәсіби өзін-өзі анықтау сатысы: педагогикалық кәсіпті таңдауға, өзін өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беруге арнауға не түрткі болды.Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын қоғам анықтайды.
Әрбір педагогта мінезі жеке тұғырымға орнығады, оны ол өз кезегінде өз іс-әрекеттерінде жүзеге асырғысы келеді. Мысалы, тәрбиелеудің мақсаты – баланың жан-жақты дамуы – мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінде бұл баланың мектепке толықанды дайындығымен, дағдыларын бекітумен, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырумен нақтыланады.
Педагогикалық іс-әрекеттің өзіне тәндігі пәннің ерекшелігімен анықталады. Педагогикалық еңбектің негізгі «құралдары» - дауыс (жоғарылығы, мәнерлігі, интонациясы, мазмұндылығы), ым-ишаралар (педагогикалық техника) – бұл педагогтың тәрбиеленушілерге әсер етудің әр түрлі жеке қабілеттері.
Педагог нақты жағдаяттарға байланысты балалармен дұрыс сөйлей білу жолдарын және қарым-қатынасқа түсу әрекеттерін таңдай білуі тиіс. Педагогикалық техника аз көлемде энергия жұмсай отырып ең жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Сондықтан заманауи педагог баланы тәрбиелеу деген – ұжымдық іс, жоғары нәтижелі жұмыстар қызығушылық танытқан ересек адамдардың барлығының күш-жігерін (тәрбиелеу жолдарын, оның мазимұнын, жүзеге асыру тәсілдерін) біріктіре іс атқаруды талап ететінін санасымен ұғына білуі қажет.
Ал енді «тәрбиелеу үрдісі деген не екендігін?» қарастырып көрелік. Бұл мақсатты бағытта әсер ететін және жеке қасиеттерін өздігінен тәрбиелейтін жеке тұлғаның даму, қалыптасу үрдісі. Тәрбиелеу үрдісі (тәрбиешілік үрдісі) маңызды орын алады. Бұл үрдістің маңыздылығын жақсырақ түсіну үшін, жеке тұлғаның қалыптасуының жалпы үрдісінің құрылымын қарастырайық.
Сұлба № 1



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет