Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері



бет7/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
Реферат

«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті.
Алаш идеясының негізгі ұстанымдары: біріншіден, Алаш зиялылары «жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. «Жерсіз Отан жоқ» деді. Екіншіден, елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек. Үшіншіден, Қазақстан Ресей империясының құрамына енуінен бастап қалыптасқан экономиканың шикізаттық сипатынан бас тартып, «қазақ елі толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиістігі» айтылды. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі болуы керек. Бесіншіден, ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құру еді. Алтыншыдан, қазақ жеріне түрлі жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін ортақ Отаны Қазақстанда тұруға барлық кепілдіктер мен құқықтары сақталынады. Мемлекет ғылымға негізделіп дамыған елдердің жетістіктерін үлгі тұтуы қажет. Дін істері мемлекеттен бөлінген, зайырлы біртұтас демократиялық мемлекет құру қажеттігі айтылды.
Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекет құру еді. Алаш идеясының негізгі тұжырымдамаларының өзекті тұстарын Қарқаралы петициясынан, «Алаш» партиясы бағдарламасынан және ұлттық-демократиялық қозғалыс ірі өкілдерінің еңбектерінен көре аламыз. Олардың ішінде Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси тұрғыдағы ой-пікірінің маңызы зор.
Алаш қозғалысының идеялары Әлихан Бөкейхан еңбектерінде. Алаш қозғалысының көшбасшысы, Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің жетекшісі – Әлихан Бөкейхан болды. Ол туған жерінің тарихын терең зерделеп, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы маңызды тарихи оқиғалардың барлығына белсенді қатысты. Алаш идеясының тұжырымдамалары Ә. Бөкейханның ұлт-азаттық қозғалыс, отарлық езгідегі қазақ қоғамының жағдайы туралы зерттеулері мен терең талдауларында жасалған. Ә. Бөкейхан ел болашағын болжауда өткен тарихты танып-білу қажеттігі туралы былай жазады: «Тарих – түзетуші және үйретуші. Келешек күннің болашағын білуде тарих анық құрал болады». Болашағы зор ел боламыз десек, әрбір азаматтың ұлттың тарихы мен оның сабақтарын білу қажеттігін Алаш көсемі былай деп ескертеді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешектің қандай боларына көзі жетпейді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет