Зат алмасуы мен оныѕ жас ерекшелігі


Май мен көмірсуының алмасуының жас ерекшеліктері



бет5/7
Дата19.11.2022
өлшемі94,5 Kb.
#51271
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-61407 (1)

Май мен көмірсуының алмасуының жас ерекшеліктері.
Балалардың майға мұқтаждылығы ересек адамдардан көбірек болады. Жарты жастағы нәрестелер қажетті қуаттың 50% майдың амасуынан алынады.Бұл кезде дененің массасының әрбір килограмына 6-7г, 2-4жаста-3,5г, мектепке барар алдында-2,5г май қажет.
6 айдан 4 жасқа дейінгі балаларға қажетті қуаттың 30-40%, л одан үлкенірек балаларға-25-30% майдан алынады.
Май қышқылдары баланың жүйке жүйесінің дамуына аса қажет, әсіресе нәрестелердің жүйке жүйесінің қалыптасуында, дамуында май қышқылдары маңызды орын алады, сондықтан баланы емізетін аналардың азығында май жеткілікті болуы тиіс.
Өсу барысында балалардың көмірсу қажеттілігі жоғары, себебі ыдырау қарқыны бұл кезде үздіксіз жоғары деңгейде болады. Және жас өспірімдерде көмірсу белок пен майдан өте аз мөлшерде түзіледі, сондықтан оның қоры көп болмағандықтан жылдам жұмсалады.Ал,жалпы алғанда, бала денесінде көмірсу тиімді түрде сіңеді. Дене массасының 1кг-ы шаққанда көмірсуының мөлшері емшектері нәрестеде 10-12г, 1-3жаста-12-13г, 4-7жаста-13-14г, 8-13жастағы балаларда-10-11г болады. Ересек адамдарда оның мөлшері 3г/кг-нан аспауы керек.
Тұздар мен судың алмасуы


Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері,жас ерекшеліктері. Тұздар адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің сұйық ортасының құрамында кіреді,сөйтіп ішкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігін мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45%кальций,1,58% фосфор,0,65% калий,0,45% хлор,0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар. Олар қан өндіруге, гомондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады,сүйек,шеміршек т.б. ұлпалардың құрамына кіркп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің қызметінде маңызды орын алып, электрофизиологиялық жағдайын қалыптастырады. Темір гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий, калий, кадьций т.б. организмге айтарлықтай шамада қажет.
Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысады,йодқалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасының,әсіресе эмалінің дұрыс қалыптасуына қажет. Бұлар организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан микроэлементтер деп аталады.
Жалпы алғанда микроэлементтер зат алмасуын реттейді.Көптеген микроэлементтер белокпен қосылып ферменттер, гормондар мен витаминдердің түзілуіне қатысады.
Балалар мен ересек адамның минерал заттарына мұқтаждығы әртүрлі. Минерал заттарының тамақта жеткіліксіз болуы бала организміндегі зат алмасуын бұзады,олай болса баланың өсуі мен дамуы кешігеді. Кейбір элементтердің организмге қажетті мөлшері 20-шы кестеде берілген.
1жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет, бұл кезде оның қажет мөлшері 2жастағыдан 8есе артық. Кальций мен фосфор тұздарының ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1.8-10жаста 1:1,5жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп, жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет.
Организмге қажетті тұздар көбінесе жеткілікті мөлшерде тамақтың құрамында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет