Кіріспе Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның,ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы тоқталысымен тірілік жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар мен су ліреді де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге неген заттарды өздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқаладыАссимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.
Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады.
Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимилияция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамға ғана теңеседі. Бала кезінде ассимиляция басым болса, қартайғанда, керсінше диссимиляция басым болады.Бұлзаңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаныың қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.
Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға; белок,май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға; су,түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45л су ,15-17кг белок , 7-10кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті “құрылыс материалдары ” денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. Әр адам өмір бойы өзінің салмағынан анағұрлым артық белоктар,майлар, көмірсу ,тұздар мен суды қабылдайды. Мысалы, 65-70 жас өмір сүрген кісі шамамен 50т су ішетін көрінеді, ал жейтін белогы 2,5 т, майлары 2 т, көмірсулері 10 т, 200-300 кг ас тұзын жейді екен. Бұл зат алмасуы ның организмде күшті екенін көрсетеді. Егер денеде зат алмасуы болмаса, адам организмінде қанша заттар жиналып қалар еді!