Белоктың алмасуы
Белоктың маңызы және қажетті мөлщері.Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес.Белок ыдырағанда май мен көмірсу түзіледі. Егер белокты(айталық,сүттің белогын)тікелей қанға жіберсе, адам уланады. Кейбір адамдарға сиыр сүті , жұмыртқа жақпайды, Себебі бұл тамақтрдағы белок ішек-қарын арқылы ыдырамай, сол күйінде қанға өтеді.
Белоктың құрамында азот, күкірт, амин қышқылдары бар, ал май мен көмірсуында олар жоқ.
Адамның тыіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.
Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар; оттегі,сутегі,көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда(мысалы мидың белогында)бұлардан басқа күкірт,фосфор,темір т.б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады. Белок молекуласында 100 ден 30000-ға дейін мономерлер болады. Олардың массасы 17000-нан 500000-ға дейін. Не бары 20-дан астам амин қышұылдары бар. Солардан шексіз көп белоктар түзіледі, әр кісінің белоктары өзіне ғана тән етіп бейімделген.
Белоктың қажет мөлшері
-
Баланың жасы
|
Белоктың тәуліктік мөлшері,г/кг
|
2-3 айдан
1 жасқа дейін
2-3 жас
12-15
15-17
17-21
21-50
|
4,0-5,0
3,5-4,0
2,5-3,5
2,0-3,0
1,5-2,0
1,0-1,3
|
Организмдегі белоктар түрлі қызмет атқарады. Ферменттердің негізі болып зат алмасуындағы химиялық реакциялардың қарқының өзгертеді, яғни биологиялық катализатор қызметін атқарады. Кейбір белоктар транспорттық қызмет атқарып, заттарды тасымалдауға қатысады. Бұдан бұрын айтып кеткен эртироциттердің құрамындағы гемоглобин оттегі мен көмір қышқыл газын тасиды. Денедегі барлық қозғалыс арнайы белоктар актиннің және миозиннің қатысуымен орындалады, яғни белок еттің жиырылуы қызметіне де қатысады. Денедегі клеткалардың құрамының негізгісі болып,белоктар-құрылыс материалы қызметін атқарады. Сонымен, біздің өміріміздің барлық салаларына белок қатысады.
Тамақтың құрамындағы күрделі белоктар ас қорыту сөлдерінің әсерінен қарапайым түрлері пептидтерге және амин қышқылдарына айналады. Мұны біз ас қорыту жүйесінің қызметін жазғанда қарастырғанбыз.Ал сол қарапайым заттар қанмен күллі клеткаларға тасылып, олардан әр клетканың өзіне бейімделген белоктар өндіріледі.
Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұларға аргинин , триптофан, лейцин, изолейцин,валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп,дамып жатқан бала организміне бұларға қоса 10-қышқыл- гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, ұзаққа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы аурулрға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Мысалы, ауыстырылмайтын амин қышқылдарының лөпшілігі құрамында болмайтын өсімдік тағамдарымен ғана қоректенетін елдерде “квашиоркор” деген сырқат көп кездеседі.
Адам организміне тәулігіне қанша белок қажет болады?
Ауыр жұмыспен шұғылданбайтын адам үшін орта шамамен тәулігіне адамның әрбір кг 1,1-1,3 г белок қажет.
Ересек адам ауыр жұмыс істегенде, оның бұлшық еттерінде белок жиналады.ал қалыпты жағдайда белок жиналмайды, артық мөлшері майға айналады немесе азот түрінде денеден шығарылады.
Өсімдік белоктарымен салыстырғанда, жұмыртқадан басқа, жануарлар белогы сіңімділеу болады. Пісірген тамақтың белогының сіңімділігі артады. Әр ұлпаның белок қажеттілігі әртүрлі. Мысалы, мидың ақ заттарына белоктан гөрі май көбірек қажет,ал мидың сұр затына, бұлшық еттерге, керсінше, белок көбірек қажет болады. Адамның өсуі мен дамуына белоктың мөлшері ғана емес, сапасы толық болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |