Етістіктерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар
1. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: ілмек, піспек, оймақ, шақпақ, сырмақ, т.б.
2. –сын, -сін – омоним. Етістік тудырады – кедейсін, керексін; зат есім – бұрқасын, бөгесін, ықтасын.
3. –мыс, -міс, -мыш, -міш: тарамыс, қылмыс, болмыс, жазмыш, өтеміс, т.б.
4. –мал, -мел: ашымал, саумал, түнемел, сүйемел, т.б.
5. –ман, -мен, -бан, -бен: көрермен, шабарман, т.б.
6. –ыр, -ір, -р, -ар, -ер – омоним. Үңгір, шұқыр, көшір, шоғыр, қайнар, т.б.
7. –ыт, -іт, -т – омоним: бөгет, шабыт, іркіт (уыт, қырат, жеміт – есімнен есім тудырып тұр).
8. –уыл, -уіл – құранды: бөгеуіл, қарауыл, шабуыл, тосқауыл, жортуыл, кешеуіл.
9. –қын, -кін, -ғын, -гін: қуғын, қашқын, босқын, қырғын, көшкін, т.б.
10. –асы, -есі: аласы, бересі, көресі, шығасы, т.б.
11. –ын, -ін, -н: боран, келін, жуын, құйын, жиын; омоним – етістік тудырады: күрсін, шегін, талпын.
12. –шақ, -шек – омоним: емшек, бөлшек.
13. –ашақ, -ешек:көрешек, туашақ.
Реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
1. –еке, -қа, -ке
2. –й
3. –тай
4. –жан
5. –қан, -ақан: балақан, бұзауқан
6. –қай, -кей: шешекей
7. –шақ (-шек): келіншек, шынашақ
8. –шық, -шік: бүршік, бүркеншік, төбешік, түйіршік
9. –ша, -ше: кітапша, сандықша
10. –ш: қалқаш, серкеш
11. –сымақ: ақынсымақ, батырсымақ
синоним жұрнақтар
12. –шығаш, -шігеш: байшігеш, ершігеш
13. –екеш, -егеш: тас екеш тас та өзгереді.
Бұл жұрнақ категориясы ретінде қалыптасып кетпеген, жұрнақ пен көмекші (шылау) сөз категориясы арасында тұрған форма.
Достарыңызбен бөлісу: |