Зат есімнің құрылымы. Дайындаған: Бабаханова М. Т. Қабылдаған: Қайырбекова Ұ. Ж. Жоспары



бет2/3
Дата15.11.2022
өлшемі339,01 Kb.
#50280
1   2   3

Бiрiккен зат есiмдерге дербес мағыналы екi түбiр морфемадан бiрiгу арқылы жасалған зат есiмдер жатады. Мысалы, бәйтерек, белбау, қайнаға, ағайын, қолбасы, қолқанат. Бiрiккен зат есiмнiң тұтаса біріккен және кіріге біріккен деген екi түрi бар.

  • Тұтаса бiрiккен, зат атаулары екi не үш түбiр сөзден тұтаса, өзгерiске түспей бiрiгедi.Бiрiккен атаулар түрлi мағынада қолданылады. Мысалы, өсiмдiк атаулары: бозшалғын, дара түйiн, айгүл; жан-жануар, жәндiк атаулары: ақалтеке, ақбөкен, абжылан; туыс атаулары: ақсақал, қайын бике, қайын-жұрт; ауру атаулары: аққұрт, ақшешек, бақай құрт; ойын атаулары: ақсүйек, алтыбақан т.б.Бiрiккен зат атауларының сыңарлары әр түрлi сөз таптарынан жасалады. Мысалы,
  • а) Сын есiм мен зат есiмнiң бiрiгуi арқылы: Ақтөбе, қоңырқаз, алабҮға,
  • ә) Зат есiм мен етiстiктiң бiрiгуiнен: демалыс, жерсоғар, қаптесер.
  • б) Сан есiммен зат есiмнiң бiрiгуiнен: бесжылдық, бесқара.
  • в) Екi зат есiмнiң бiрiгуiнен: желбау, белағаш, қолбала.
  • г) Сан есiм мен етiстiктiң бiрiгуiнен : мыңжасар, жүзжасар т.б.
  • Кiрiккен зат есiмдерде екi не одан да көп сөздер дыбыстық өзгерiске ұшырап, бастапқы түр тұлғасын сақтамай бiр-бiрiмен жымдасып, ықшамдалып кiрiгедi. Мысалы, ошақ- от жақ, әлпет- алды бет , қарлығаш- қара ала құс, ағайын-аға іні т.б.

Қосарланған зат атауларына екі түбір морфемадан қосарланып, жасалған зат есімдер жатады. Қос сөздерге жататын күрделi атаулар түрлi мағынада қолданылады. Мысалы, ата-ана, аға-жеңге, ағайын – туған туыстық атаулар болса, дәм-тұз, өкпе-бауыр, қазы-қарта тамақ атаулары, ақыл-ой, ар-ұят,атақ-даңқ- дерексiз зат атаулары. Тiл дамуының соңғы кезеңдерiнде жаңа ұғымда қолданылатын атаулар көптеп жұмсалуда. Мысалы, мектеп-гимназия, суретшi-моделер, косметолог-дәрiгер т.б. Қосарланған зат атаулары сыңарларының мағыналарына қарай түрліше топталады.

  • 1.Мәндес қос сөздер қосарланған зат атаулары сыңарларының мағыналары бір-біріне жақын болады. Мысалы, аяқ-табақ, ел-жұрт, құрт-құмырсқа,аға-iнi,қазан-ошақ
  • 2.Бiр сыңары мағынасыз сөздерден құралып қосарланған зат есiм:
  • а) бiр сыңарының мағынасы кейiн жойылып кеткен сөздерден қосарланған: бала-шаға, өлiм-жiтiм, т.б.
  • ә) бiр сыңары мағынасыз сөздерден қосарланған: жүн-жүрқа, қатын – қалаш.
  • б) соңғы сыңары алдыңғы сынарының дыбыстық елiктеушi сияқты сөздерден қосарланған: ат-мат, шай-пай, кiсi-мiсi т.б.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет