Зат есімнің құрылымы. Дайындаған: Бабаханова М. Т. Қабылдаған: Қайырбекова Ұ. Ж. Жоспары


Қысқарған зат атаулары күрделі атаулардан қысқартылып жасалады



бет3/3
Дата15.11.2022
өлшемі339,01 Kb.
#50280
1   2   3

Қысқарған зат атаулары күрделі атаулардан қысқартылып жасалады.

  • 1. Кiсi атауларының қысқартылып берiлуi:C. М.- Сәбит Мұқанов, М.Ә.- Кiсi аттары екi жағдайда қысқарады 1) Сыйлау, құрметтеу мәнiнде үлкен адамның атының бiрiншi буынына –еке,-қа,-ке қосымшалары қосылып, Мұқтар-Мұқа, Сәкен-Сәке, Асан-Асеке болып қолданылады. 2) Баланы еркелету, жақсы көру мәнiнде де оның аты қысқартылып айтылады да, Жұмағали-Жұмаш, Садуақас-Сәкен, Нұрлыбек-Нұрыш т.б. Аталған жұрнақ зат есiмнiң рең мәнiн үстейтiн жұрнақтар қатарында аталады.
  • 2. Мекеме, ұйым, оқу орындарының т.б. атаулардың қысқартылып берiлуi: КазПИ- Қазақтың педагогикалық институты, ХҚТУ- Халықаралық қазақ-түрiк университетi, ЖАК-жоғары аттестациялық комитет, ауатком- аудандық атқару комитетi,мединститут- медициналық институты.
  • Тiркескен зат атаулары екi не одан да көп сөздердiң тiркесiп бiр мағынада қолданылуы, бiр сұраққа жауап берiп сөйлемнiң бiр мүшесi болуынан тiркескен күрделi зат атаулары жасалады. Мысалы, темiр жол , сары май, үй iшi, жақ сүйек т.б. Тiркескен зат атаулары бөлек-бөлек жазылады. Тiркескен зат атауларының ерте кезде жасалып, қалыптасқан ақ бата, жетi нан, күшiк күйеу, кiндiк шеше, жетi ата т.б. деген түрлерiмен бiрге шағын несие, ғарыш айлағы, iс қағаз қабылдау бөлмесi, оқу бөлiмi сияқты тiркескен күрделi зат атаулары кейiн жасалған

Зат есім грамматикалық категорияларға бай сөз табына жататыны. Заттардың санын дәл атау қажет емес жағдайлардың көптеп кездесуі. Тіліміздің бұл ерекшілігн білдіру үшін арнайы категория бар. Оған жекелік, көптік категориясы жататыны, жекелік-көптік мағыналарының зат есімге қатыстығы. Зат есімнің көптік мағынасы жекелік мағынаның зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде берілетіні, зат есімнің түбір сөзінде жекелік мағынаның бары, соны білдіретін қосымшаның жоқтығы, нөлдік форма арқылы беріле алатыны. Зат есімнің көптік мағынасы, оның заттың нақтылы көптік мағынасынан айырмасы. Көптік мағынаның берілу жолдары, көрсеткіштері, олардың қолданылу ерекшеліктері.
Бір заттың екінші затқа меншіктінгін білдіретін арнайы грамматикалық категория тәуелдік категория екендігі. Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы берілуі, тәуелдік жалғаудың меншіктелуін зат атауына жалғануы. Тәуелдік жалғауларының жекеше, көпше, жақты, анайы, сыпайы түрде қолданылатыны. Оңаша, ортақ тәуелдену, олардың айырмасы.
Тәуелдік жалғаулы сөздің сөйлемде үнемі ілік септіктегі сөзбен тіркесте қолданылуы, оның себебі бұндай тіркстегі сөздердің кейде біреуінің қосымшасының түсіп қалып та қолданылуы кездесетіні (мектеп үйі, біздң үй). Қолданыста тәуелді жалғаудың басқа мағына да беретіні. Тәуелдік мағынаның жұрнақ арқылы берілуі. Тәуелдік мағынаны білдіретін -нікі, -дікі,-тікі жұрнақтарының заттың иесінің атына, яғни иеленушіге жалғануы, ал меншікті заттың ешбір қосымшасыз қолданылатыны (кітіп сенікі), мұнда меншікті заттың өз тұлғасының оның меншіктігі көрінбейтіні. Оның мағынасының иеленуші зат атауымен тіркесте ғана көрінетіні.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет