Химиялық реакция кезінде түскен заттардың молекулалары бұзылады. Оны құраушы атомдар басқаша топтасып жаңа молекулаларды түзеді. Реакция барысында сандары өзгермейді, сондықтан олардың массалары да өзгермеуге тиісті. Мысалы:
Зат массасының сақталу заңы:
Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасы тең болады. Бұл тұжырым зат массасының сақталу заңы деп аталады.
Зат массасының сақталу заңын алғаш 1748 жылы М.В.Ломоносов ашты.Кейіннен француз ғалымы А.Лавуазье де 1789 жылы М.В.Ломоносовтан бөлек осы заңды ашты.
Ашылу тарихы
Реагент
Өнім
М.В.Ломоносов
А.Лавуазье
М.В.Ломоносов металл ұнтағын мойнаққа салып аузын бекітіп, салмағын өлшеген соң қыздырды. Ол металл ұнтағының түсінің өзгергенін байқады. Мойнақтың массасын қыздыруға дейін және кейін өлшеген ғалым, оның массасының өзгермейтініне көз жеткізді. Жабық мойнақты қыздырғанда, ауа құрамындағы оттектің металлға қосылғанын дәлелдеді. Мойнақтағы ауа мөлшері азаяды. Себебі, оны ашқанда ішіне қарай ысылдап ауа сорылады.Бұл тәжірибенің қорытындысын М.В.Ломоносов заң түрінде тұжырымдады.
Бұл заң атом-молекулалық ілім тұрғысынан өте жақсы түсіндіріледі. Химиялық реация кезінде атомдар өзгермейді, тек орын ауыстырады, сондықтан реакцияға қатысатын атомдардың жалпы массасы, реакциядан түзілген атомдардың жалпы массасына тең болады.
Бұл заңның жаратылыстану ғылымдары үшін маңызы өте зор. Химия ғылымында сандық қатынастарды пайдаланудың өзі осы заңға негізделеді: 1.Барлық химиялық теңдеулер осы заңның негізінде құрылады. 2.Бұл заң жаратылыстың жалпы заңының көрінісі: жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе іс-түссіз жоғалып кетпейді. 3.Осы заңды пайдаланып, сандық есептер шығаруға болады.
Заңның маңызы:
Заттар массасының сақталу заңы Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде шығатын өнімдер массасына тең. М.В. Ломоносов бұл заңды 1748 – 1756 ж.ж. ашты. Химия осы заң ашылғаннан кейін сапалық түрден сандық ғылымға айналды.Зат массасының сақталу заңы іс жүзінде дәл заң болып есептеледі. Осы заңға сүйеніп химиялық теңдеулер құрылады, түрлі есептеулер жүргізіледі.