Зат пен энергия алмасуының жастық ерекшелігі



Дата26.01.2022
өлшемі6,19 Mb.
#24372

Зат пен энергия алмасуының жастық ерекшелігі

ОРындағандар :Туланали Азамат

Мырзатай айзат

Оңайбаев Нариман

Оспанов Ахмадия

Қожабай Әбдірахман

Адам ағзасындағы энергия мен зат алмасу

  • Зат алмасу ағзаның барлық жасушаларында, ұлпаларында, органдарында жүреді. Ол адам өмірін сақтауға және ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға әсерін тигізеді. Зат алмасу процесі кезінде пайда болған заттар жасушалар мен тканьдерді құру үшін қажет. Зат алмасудың мынадай түрлері болады: су, минералды заттардың, витаминдердің, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың алмасуы. Зат алмасу процестері бір – бірімен күрделі биохимиялық реакциялар арқылы тығыз байланысты. Бұл реакциялардың бәрі орталық жүйке жүйесі арқылы, гармондардың көмегімен реттеліп отырады. Зат алмасу процесі кезінде бөлініп шыққан энергия адам ағзасындағы биохимиялық реакциялардың жүруіне және жылу мен механикалық энергия жоғалтуына кетеді. Зат алмасу кезінде ағза жоғалтқан энергиясының орнын толтырады. Энергия адам ағзасына өмір сүру үшін қажет. Зат алмасу бір – біріне қарама қарсы екі түрлі процеспен анықталады. Ассимиляция және диссимиляция, бұл процестер ағза мен қоршаған орта арасындағы қарым- қатынасты үздіксіз тоқтатпай жүргізіп тұрады.

Энергетикалық баланс

  • Энергетикалық баланс деп адамның тамақтанудан пайда болған энергиясы мен жұмсалған энергиясының, яғни ағзадан шығарған энергиясының арасындағы қатынасты айтады. Егер адам ағзасына тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан кем болса, ол кезде теріс энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам азады. Егер адам ағзасында тәулігіне тамақтанудан пайда болған энергия, ағзадан шығарылған энергиядан көп болса, ол кезде оң энергетикалық баланс болады. Бұл кезде адам семіреді, денесінің салмағы көбейеді. Ол қан қысымының көбеюіне және атеросклероз ауруының пайда болуына әкеліп соғады.

Диссимиляция

  • Диссимиляция дегеніміз заттардың ыдырауы, олардың оттегінің көмегімен тотығып, қышқылданып, ағзадан шығарылуы. Бұл екі процесс ағзада үздіксіз жүріп тұрады және бір – бірімен өте тығыз байланысты. Өмірдің кейбір кезеңдерінде бұл тепе – теңдік бұзылады. Өсіп, жетіліп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер ағзасында ассимиляция процесі, диссимиляция процесіне қарағанда басым болады. Энергия – калория немесе джоульмен өлшенеді. Энергия көзі – тамақ болып табылады.

Ағзаның энергия жоғалтуы

  • Ағзаның энергия жоғалтуы: негізгі зат алмасудың, тамақ тағамдарың арнайы — динамикалық әсері, дене және ой еңбегімен істейтін жұмысқа байланысты жұмсалған энергияның қосындысынан тұрады. Негізгі зат алмасу мен арнайы-динамикалық әсеріне жұмсалатын энергия адамның ырқымен реттелмейді, сондықтан оны реттеуге болмайтын энергия жоғалту деп атайды. Жұмыс істегенде, спортпен шұғылданғанда немесе басқа да бір жұмысты орындауға кеткен энергия адам ырқымен реттеледі, сондықтан адам өзінің жұмыс қабілетіне байланысты істейтін жұмысының көлемін көбейтіп немесе азайта алады.

Тамақ тағамдарының арнайы – динамикалық әсері

  • тағамдар ағзада қоректік заттарға айналған кезде, ағзада тотығу процесінің күшеюіне байланысты энергия жоғалту көбейеді. Тамақ қабылдаған кезде энергия жоғалту зат алмасудың күшеюімен бірге жүріп отырады. Аралас түрде тамақтанған кезде ағзада негізгі зат алмасудың тәуліктік мөлшері 10-15% -ға артады. Тағамдық заттар негізгі зат алмасуға әр түрлі әсер етеді: мысалы, ақуыздар 30-40%, майлар 4-14%, көмірсулар 4-7% негізгі зат алмасуды көбейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет