219
7.
амин қышқылдары (RN-ның 25%-ын құрайды) – глутамин және аспарагин
қышқылдары, глутамин, аланин, треонин, триптофан.
Жалпы RN мен мочевинаның азотының айырмасы
резидуалды азот
деп
аталады, оның басым бӛлігін бос аминқышқылдары құрайды.
8.
жұп күкіртті эфирлер және глюкурон қышқылдырының эфирлері;
9.
холин, глутатион, нуклеотидтер;
10.
гиппур қышқылы – бензой қышқылын глицинмен залалсыздандырғаннан
түзілген ӛнім.
Қалдық азоттың (RN) кӛбеюі
гиперазотемия
деп аталады, ол
ретенциондық және продукциондық деп екіге бӛлінеді.
Ретенциондық
гиперазотемия
– қан ағымына қалыпты мӛлшерде түскен азот зәрге жеткіліксіз
бӛлінгенде байқалады. Ол бүйрекке тәуелді және бүйрекке тәуелсіз болады.
Бүйректік ретенциондық гиперазотемия бүйректің
экскреторлық қызметінің
бұзылуы кезінде байқалады. Бұл жағдайда қан плазмасындағы қалдық азоттың
мӛлшері мочевинаның кӛп болуына байланысты, яғни ол зәрмен шығарылмай
қалғандықтан, RN мӛлшері де мочевинаның азоты арқылы кӛбейеді. Бүйрекке
тәуесліз гиперазотемия – қан айналымының жетіспеушілігі, артериялық
қысымның тӛмендеуі, бүйректің қан ағымының жылдамдығының тӛмендеуі,
зәр шығару жолдарының бітелуі (тас, ісік) кезінде пайда болады.
Продукциондық гиперазотемия
– қанға азотты заттардың кӛп мӛлшерде
түскенде және тін белоктарының күшті ыдырауында (қалшылдаумен ӛтетін
жұқпалы ауруларда және мүшелер мен тіндер ыдырағанда –
сыпной тиф
,
дифтерияда,
крупозная
пневмонияда, туберкулезда,
ауыр бауыр циррозында,
ұзақ уақыт бұлшық ет мыжылғанда, күйікте, ісікте, қызбада) байқалады.
Қалдық азоттың қан плазмасында жоғарлауы қан қоюланғанда, ағыл-тегіл
іш ӛткенде, кӛп мӛлшерде тер бӛлінгенде болуы мүмкін.
Клиникада
қан
сарысуында
RN-ның
орнына
мочевинаның
концентрациясын анықтайды, оның деңгейіне қарай бүйректің
зақымдану
дәрежесін анықтауға болады. Мысалы, жедел бүйрек жетіспеушілігі кезінде
мочевинаның концентрациясы 50-83 ммоль/л-ге дейін ӛсіп кетеді.
Биологиялық сұйықтықтарда орташа молекулалардың кӛбеюі барлық
патологиялық
жағдайларда байқалады, олар эндогендік улануды тудырады
және оның дәрежесі аурудың жағдайымен тығыз байланысады. Ауыр
интоксикациямен сипатталатын жайылған ірінді перитонитте науқастың қан
плазмасында
орташа
молекулалардың
концентрациясы
қалыппен
салыстырғанда 2-3 есе кӛбейеді. Бауыр ауруларында қан плазмасында орташа
молекулалардың мӛлшері 3-4 есе, ӛкпе ауруларында (қабыну) – 2-2,5 есе
жоғарылайды.
Орташа
молекулалалрдың
концентрациясының
елеулі
жоғарлауы жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
бар науқастарда
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: