Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет6/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
БЕЛОКТАР
АДФ
АТФ
Mg
2+
ФОСФОПРОТЕИД
протеинкиназа
Кейбір гормондар (мысалы, соматостатин) цАМФ деңгейін тӛмендетеді, 
олар аденилатциклазаның активтілігін тежейді. Бұл гормон ӛзінің 
рецепторымен байланысып, импульсін Gі-белок арқылы береді, сондықтан 
аденилатциклазаның активтілігі тежеледі. 
Фосфор 
қышқылы 
рибосомалардың, 
ядроның, 
мембраналардың 
белоктарына немесе ферменттерге тасымалдануы мүмкiн. Ферменттер 
фосфорланғанда, молекулалық конформациясы ӛзгерiп (модификацияға 
ұшырап), кейбіреулері активтенеді, кейбіреулері активсізденеді. Мысалы, 
фосфорилаза мен гормондарға сезімтал липаза фосфорланса, активтiліктері 
артады, ал гликогенсинтетаза фосфорланса, активтiгi тежеледi. Фосфор 
қышқылы рибосоманың белоктарына қосылса, олардың белок синтездейтiн 
активтiлiгi артады. Егер фосфор қышқылы ядроның белогына қосылса, онда 
белок пен ДНҚ арасындағы байланыс әлсiрейдi де, транскрипция күшейедi. Бұл 
жағдай белок синтезiнiң артуына әкеледi. ДНҚ екі түрлі белоктармен-гистондар 
және гистон емес белоктармен қоршалған. Гистондар ДНК-ның белгілі бір 
бӛлімдерімен байланысып транскрипцияны тежейді. Гистондар протеинкиназа 
ферментінің қатысуымен АТФ арқылы фосфорланып, транскрипцияның 
ингибирленуін болдырмайды. Сӛйтіп транскрипция күшейеді. Мембрананың 
белогы фосфорланса, бiрқатар заттар үшiн /иондар/ мембрананың ӛткiзгiштiгi 
жоғарылайды. 
Аденилатциклазды жүйе гормондардың сигналын бiрнеше есе күшейте 
отырып, каскад механизмi бойынша әсер етедi. Бiр ғана гормон-рецептор 
комплексі 500 цАМФ–ты түзедi. Түзiлген бiр цАМФ 100 протеинкиназаны 
активтендiредi. Ал бiр протеинкиназа 1000 ферменттің активтiлiгiн 
жоғарылатады, сонымен бiр гормон 50 млн-ға жуық ферменттi активтендiредi. 
Протеинкиназа А арқылы әсер ететін гормондар жасуша iшiндегi гликогенолиз, 
липолиз, белоктардың синтезiн, иондардың тасымалдануын, эндокриндiк және 
экзокриндiк бездердің секрециясын арттырады. 
Бұл механизм бойынша әсер ететін гормондардың әсері келесі бірнеше 
жолдар арқылы аяқталады. 
Бiрiншi, гормон-рецептор комплексі интернализация процесі кезінде 
диссоцияланып, гормон бұзылуы мүмкін. Комплекс диссоциацияланғанда оның 
G-белокқа тигізетін әсері тоқтайды. Мембранадағы ГТФ-аза әсерінен α-
суббірлікпен байланысқан ГТФ ГДФ-қа және фосфор қышқылына 
гидролизденедi (бұл кезде бӛлінген энергия G-белоктың суббірліктерінің 
бірігуіне жұмсалады), оның аденилатциклазаға тигiзетiн әсерi де тоқтайды, 
ферменттiң активтiлігi жойылады, цАМФ түзiлмейдi. 


165 
Екiншi, гормональдық сигналды тоқтату үшiн жасушада ерекше 
фосфодиэстераза (ФДЭ) деген фермент болады. Ол цАМФ-ты аденил 
қышқылына айналдырады. Протеинкиназа А-ң цАМФ-н бӛлінген реттуші 
бӛліктері катализдік бӛліктерімен қайта байланысып, активсіз фермент түзеді. 
Үшінші, протеинфосфатаза ферменттерінің әсерінен фосфорланған 
ферменттер активсізденеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет