Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Гуанилатциклазды мессенджерлі жҥйе



Pdf көрінісі
бет7/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Гуанилатциклазды мессенджерлі жҥйе 
Гуанилатциклазаның екі түрлі формасы белгілі, оның біреуі мембранамен 
байланысқан, ал біреуі цитозольде болады. Мембранамен байланысқан 
формасы (мол.массасы 180000) 3 бӛлімнен тұрады: жасуша мембранасының 
сыртында орналасқан тану (рецепторлық) бӛлімі; ішкі мембраналық 
(трансмембраналық) домен және катализдік компонент (ферменттердің барлық 
формаларында бұл бӛлімі бірдей). 
Гуанилатциклаза кӛптеген органдарда және тіндерде табылған (жүрек, 
ӛкпе, бүйрекүсті бездері, ішек эпителиі, кӛз торы және т.б.), бұл оның цГМФ 
арқылы жасуша ішілік метаболизмді реттеуге кең түрде қатысатынын 
кӛрсетеді. Мембаранамен байланысқан гуанилатциклаза натрий-уретикалық 
пептид арқылы, бактериялық термостабильді эндотоксиндермен активтенеді. 
Натрий-уретикалық 
пептид 
жүрекшеде 
қан 
кӛлемі 
кӛбейгенде 
(гиперволемия) оған жауап ретінде синтезделіп, қан арқылы бүйрекке түсіп 
гуанилатциклазаны активтеп, натрий мен судың экскрециясын қамтамасыз 
етеді. Тамырлардың тегіс бұлшық ет жасушаларында да гуанилатциклазды 
жүйе болады, оның әсерінен бұлшық ет босаңсуы іске асады. Бұл жүйе арқылы 


166 
эндогенді және экзогенді вазодилятаторлар әсер етеді. Ішектің эпителий 
жасушаларында 
гуанилатциклазды 
жүйенің 
активаторы 
бактериалды 
эндотоксин болуы мүмкін, ол ішекке судың сіңірілуін баяулатады және 
диареяны дамытады. 
Гуанилатциклазаның ерітіндідегі формасы (цитозольдік) – құрамында гемі 
бар фермент, апоферменті (мол. массасы 152000) 2 суббірліктен тұрады. 
Гуанилатциклазаның бұл формасының активаторы жүрек ауруларында 
қолданылатын нитрозовазодилятаторлар (нитроглицерин, нитропруссид және 
т.б.), тамырлардың босаңсуын (релаксация) туғызатын эндотелиалды фактор - 
азот оксиді (NO) және липидтердің пероксидті тотығу радикалдары болып 
табылады. Бұл факторлар цГМФ-ті активсіз жай ГМФ-ке ыдырататын цГМФ-
фосфодиэстеразаны 
ингибирлейді. 
цГМФ 

суббірліктен 
тұратын 
протеинкиназа G немесе цГМФ-тәуелді протеинкиназаға әсер етеді. Оның әрбір 
суббірлігінде 2 реттеуші, 2 катализдік орталық бар. цГМФ протеинкиназа G-ң 
реттуші бӛліктерімен байланысып, оны активтейді. Протеинкиназа G 
диссоцияланбайды, ол протеинкиназа А сияқты жасушаішілік белоктарды 
фосфорлау арқылы әр түрлі биологиялық эффект кӛрсетеді. цГМФ кальций 
(Са
+2
) мӛлшерін тӛмендетіп, тегіс бұлшық ет босаңсуын және тамырлардың 
кеңеюін туғызады. Протеинкиназа G және протеинкиназа А серин-тирозин-
киназа болып табылады, олар әр түрлі биологиялық әсер кӛрсету арқылы әр 
түрлі 
белоктар 
мен 
ферменттердің 
фосфорлануын 
жылдамдатады. 
Протеинкиназа 

гликогенсинтетазаның 
активтілігін 
арттырады, 
тромбоциттердің агрегациясын тежейді, фосфолипаза С-ны активтейді, Са
2+
деподан шығуын қамтамасыз етеді. Сонымен, ц-ГМФ ц-АМФ антогонисі болып 
табылады. Бiр гормон цАМФ арқылы немесе цГМФ арқылы да әсер етуi 
мүмкiн. Бұл жағдайда гормондардың эффектісi гормон қай рецептор арқылы 
әсер етуiне байланысты. Мысалы, адреналин α-рецептормен де, β–рецептормен 
де байланысуы мүмкiн, сондықтан байланысқан рецептордың типіне 
байланысты әр түрлі эффект кӛрсетеді. Егер адреналин β-рецепторлармен 
байланысса, цАМФ, ал α-рецепторлармен байланысса, цГМФ түзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет