Statherin-белоктар . Бұл белоктардың құрамында тирозин кӛп. Тіс
беткейіндегі фосфорлы-кальцийлі тұздардың преципитациясын ингибирлейді,
яғни минерализация үрдістерін реттейді.
Қан тобын анықтайтын антигендер. Бұл антигендер (А, В) барлық
адамдардың эритроциттерінің беткейінде болады, ал адамдардың 75%-нда олар
сілекейге бӛлінеді. Нольдік қан тобы бар адамдарда «Н» (Н-human) деген зат
бар. Сот медицинасында сілекей қан топтарын анықтауға қолданылады.
6. Сілекей ферменттері, олардың шығу тегі, маңызы. Жауабы: Альфа -
амилаза. Бұл
сілекейдің
негізгі
ферменті,
полисахаридтердің олигосахаридтерге дейін гидролизденуіне қатысады.
Әр
түрлі патологиялық жағдайларда (инфекциялық гепатит, асқазан жарасы,
гастрит, қантты диабет, эпидемиялық паротит және т.б.) оның активтлігі
ӛзгереді. Панкреатите құлақ маңы бездерінің гиперплазиясы байқалады,
сондықтан науқастарда альфа-амилазаның активтілігі 20-30 есег дейін артады.
Лизоцим. Бұл – мукополисахаридаза, бактериялық жасуша қабырғасының
құрамына кіретін α-N-ацетилмурамин қышқылын гидролиздейді. Бактерицидтік
әсер кӛрсетеді, ауыз қуысындағы жарақаттың жазылуы мен тіннің
регенерациясына септігін тигізеді.
Сілтілі жіне қышқыл фосфатазалар. Бұл ферменттер органикалық
қосылыстардан бейорганикалық фосфатты бӛліп алады. Қышқылдық
фосфатазаны сілекей бездері, бактериялар, лейкоциттер, эпителий жасушалары,
түзсе, ал сілтілі фосфатазаны (оптимальды рН 9,1-10,5) сілекей бездерінің
түтікшелеріндегі эпителий жасушалары синтездейді. Ауыз қуысының жұмсақ
тіндері қабынғанда және кариес кезінде олардың активтілігі артады.
Созылмалы гастритте, асқазан жарасында, пародонтитте олардың активтілігі
тӛмендейді. Сілтілі фосфатаза бейорганикалық фосфаттың мӛлшерін
арттырып, эмальдің минерализациясын күшейтеді.