Педагогикалық тәжірибе жоспары бойынша 1-апта ұйымдастыру кезеңі болды. Бұл кезде біз колледжбен, колледж тәртібімен, мұғалімдермен таныстық. Күнтізбелік жоспарларды толтыруды үйрендік. Тәжірибенің барлық кезеңіне жұмыс жоспарын құрып, оған әрбір күнде істелінетін шаралар, өткізілетін сабақтың тақырыбын анықтадық. Тәжірибе кезіндегі өтетін тақырыбымыз «Заманауи драматургия» болып белгіленді.
Тәжірибе кезінде педагогикалық жұмыстың қыр-сырымен таныстық. Білім берудегі ерекшеліктерді, балалардың психологиясын, сабақ өтудегі маңызды принциптарды егжей- тегжей зерттеп, оны іс жүзінде көре алдық. Сабақтың жоспарын құруды, мақсат-міндеттерін анықтауды үйрендік.
Қажетті әдеби оқулықтарды таңдап, көрнекі және дидактикалық материалдарды әзірледік. Әрі қарай апта бойы бір драматургтің шығармашылығы туралы талдаулар өткіздік. Белгілі бір драмалық шығарма жайында студенттердің ой- пікірлерін біліп, дебат ойынын ұйымдастырдық.
Тәжірибе кезінде оқушыларға дербес жанасу ойындар арқылы жүзеге асырылды. Дебат ұйымдастырылып, студенттер топқа бөлініп, алдыға мақсат қойып, командамен жұмыс істеуді үйренді.
Ашық сабақ тақырыбы: Бүгінгі театр өнеріне заманауи драматургия қаншалықты маңызды?
Мақсаты: Студенттерге драматургияның бүгінгі тынысы жайында мағлұматтар беру. Театр өнеріндегі заманауи драматургияның рөлі мен маңызын түсіндіру.
Өзектілігі: Бүгінгі қазақ сахнасы бүгінгі күннің мәселелерін батыл көрсететін, актуалды тақырыпта жаңа қойылымдарды қажет ететінін ұғыну. Заманауи драматургияның даму жолдарын айқындау.
Педагогикалық тәжірибе бізге бұл мамандық үлкен еңбек пен төзімділікті талап ететінін ұғындырды. Білім беру ол үлкен жауапкершілік. Білім алушыларға сабақ өтіп, тәрбилік жұмыстарын өткізу бірінші кезекте өзіңді тәрбиелеуден басталады екен. Сапалы білім беру үшін әрдайым ізденісте жүруді, сыныптағы әр балаға индивидуалды әдіс жасауды іс жүзінде көре алдық.