«Зая кетпес ел үшін еткен ісі». Сабақтың мақсаты:
Білімділік. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы орын алған саяси оқиғалар, көппартиялық жүйенің құрылуы, Алашорда үкіметінің құрылуы, қазақ зиялылары, олардың атқарған қызметі туралы түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау әрекетін дамыту, ой қорытындысын өз бетінше жасай білуге, ортақ пікірге келуге дағдыландыру. Тәрбиелік: ХХ ғасырдың басындағы өмір сүрген қазақ зиялыларының бойындағы қасиеттерін айта отырып, адамгершілікке, жүректілікке және туған жерін, Отанын шексіз сүйіп, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Сен түсінесің бе? 1. Революция (төңкеріс)
- белгілі бір топ адамдардың мемлекеттік билікті басып алуы немесе ескі биліктің орнына жаңа биліктің келуін атаймыз.
2. Монархия - мемлекетті басқару жүйесінің бір түрі, мұнда билік бір адамның қолында болып, атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Оның абсолюттік (шексіз билік) және конституциялық ( шектеулі билік) түрлері бар.
3. Социализм – латын тілінен аударғанда «ортақ, тең» деген мағынаны береді
4. Партия 5. Алаш 6. Автономия 7. Унитарлы мемлекет 8. Большевик 9. Оппозиция 10. Зиялылар - ( лат. бөлік, топ) идеялары мен көздеген мақсатарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы.
– қазақ деген ұғымды білдіреді.
– бір мемлекет ішінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құрылым.
– жері біртұтас мемлекетті атаймыз.
– В.И.Лениннің саяси ойын, қозғалысын жақтаушылардың көпшілік дауысқа ие болуынан шыққан, кейінірек партия атауына ие болған ағым.
- қарсы әрекет, қарсы саясат, қарсы көзқарас жүргізу.
– латын. түсінетін, саналы, ойлаушы, яғни ой еңбегімен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.