АҚПАН: ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 28.02.2024 ж.
УАҚЫТЫ: 12:00
Оқуға құштар мектеп ЧЕЛЛЕНДЖІ – кітап оқу мәдениетін дәріптеу
ҰЙЫМДАСТЫРУ: барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта білім алушылар өздері таңдаған кітабынан үзінді оқиды және басқа қатысушылармен ой бөліседі
Челлендждің ӨТЕТІН ОРНЫН әр білім беру ұйымы дербес таңдайды және қатысушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет
«Сүйікті кітабым» көрмесін ұйымдастыру ұсынылады
ҚАТЫСУШЫЛАР: республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары
Іс-шараның АҚПАРАТТЫҚ ЖАРИЯ етілуін әрбір білім беру ұйымы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде позитивті ұсыну арқылы жариялайды
#оқуғақұштармектеп #люблючитать #моялюбимаякнига ҰСЫНЫЛАДЫ Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту
МАҚСАТЫ
Білім алушының функционалдық оқу дағдысын және шығармашылық қиялын дамыту
Білім алушының кітап оқуға қызығушылығын ояту
Білім алушыларда оқыған кітаптарының мазмұны мен сүйікті кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзара талқылауға негізделген қарым-қатынас жасау мәдениетін дамыту
МІНДЕТТЕРІ
Төрт тоқсан-төрт өнер
Бірінші тоқсан-Республика күні мерекесіне арналған «Ақындар айтысы» жобасы
«Республика күні басты ұлттық мереке ретінде шын мәнінде жалпыхалықтық мерекеге айналуы тиіс»
Қасым-Жомарт Тоқаев
«Ақындар айтысы» мақсаты: ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеруге және елдің мемлекеттілігін нығайтуға арналған ұлттық мереке.