Үздіксіз (психология- педагогикалық) практика күнделігі дневник непрерывной (психолого-педагогической) практики



бет11/13
Дата03.12.2023
өлшемі499,99 Kb.
#133859
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Месяц и число

Атқарылған жұмыстың қысқаша мазмұны/ Краткое содержание выполненных работ

Жетекші белгісі*/ Отметка руководителя*

29.11.2023ж

Менің осы семестрдегі соңғы практикалық сабағым. Бұл күні мен 6 сабақ бойына, оқушылардың өзін-өзі ұстауын, сабаққа деген қызығушылықтарын және мұғалімдердің сабақ өту әдіс-тәсілдерін бақылап отырдым. Сол бақылау барысында, бұл мектептегі мамандар баланың энергиясын, құлшынысын дұрыс жұмсай білуге әдеттенгенін байқадым және өзімнің қойын дәптеріме керекті деген нәрселерді түртіп алдым. Сабақ барысында өзімнің біршама әдіс-тәсілдер мен оқушы және мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қандай болу керектігін меңгергенімді және біраз тәжірибе жинағанымды ой-елегімнен өткіздім. Осы мектептегі білікті мамандар өздерінің ақыл-кеңестерін айта отыра, болашағыма бағдар сілтеді. Сонымен қатар, менімен біраз уақыт бірге болған 9 «В» сыныбына және жетекшім Сейдалиева Сәуле апайға үлкен алғысымды білдіріп, қоштастым. Осылайша, менің үздіксіз (психология-педагогикалық) практикам өз мәресіне жетті.








Практикадан өту барысында студенттің пайдаланған оқу-әдістемелік материалдарының тізімі/ Описание учебно-методических материалов, использованных студентом в период прохождения практики
Үздіксіз (психология- педагогикалық) практика туралы студент қорытындысы Заключение студента по итогам непрырывной (психолого-педагогической) практики
Университетінде, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс, 204 тобында білім алушымын. 07.11.2023-09.12.2023 күндері аралығында 147 гимназия мектебінде үздіксіз (психология-педагогикалық) практикасынан өттім. Маған іс-тәжірибе бойынша білікті маман Сейдалиева Сәуле апай жетекшілік етті және 9 «В» сыныбын бақылауға берген болатын. Үздіксіз практикалық бақылау басталған күннен бастап, педагогикалық іс-тәжірбиенің арқасында университетте берілген теорияны тәжірбиеде іске асыра алдым. Өзімді болашақ педагог болуға дайындап,болашақтағы өмірімді көз алдыма толықтай елестетуге тырыстым. Оқушылармен жұмыс барысы өзіме өте ерекше әсер қалдырды. Оқушылармен дұрыс қарым–қатынас орнатудың жолын,оларды психологиялық түрде зерттеу және оқушының жағдайын мұғалім ретінде түсінудің маңыздылығын іс жүзінде толықтай игере алдым.
Шын мәнінде мұғалім болудың қиын тұстарын да,жағымды тұстарын да байқадым.Іс жүзіне келгенде бәрі басқаша екенін білгендеймін. Мектепке практикаға келген күні оқушылар үшін ұстаз болып, сабаққа қатысу арқылы мен болашақ ұлтты тәрбиелеуге мұғалімнің рөлін анық байқай түстім. Бақылау практикасында барлық баланың тілін тауып,әр пәнге қызығушылығын ояту ұстаздың міндеті екен. Осы мектептегі ұстаздар баланың құлшынысын, энергиясын дұрыс жұмсай білуге әдеттенген екен. Маған да жетекшім қандай баламен қалай жұмыс істеу керектігін, шулап отырған баланы қалай өз еркімен сабаққа қатыстыру керектігін, осының барлығымен бөлісті. Жетекшіміздің үйреткен жаңа әдіс-тәсілдері мен үшін өте пайдалы болды, сабақ барысында қолдануға тырыстым.
Сонымен қатар, оқушыларға қатысты іс-қағаздармен таныстырды және қысқа мерзімді жоспар жасауды да үйреткен болатын. Жаңа дүниелерге үйреткен жетекшіме алғысым шексіз. Сабақ барысында түрлі әдіс қолдандым, жеке де жұппен де жұмыс жасатуға тырыстым., Айта кетер тағы бір жәйт, өзімнің өткізген тәрбие сағаттарымда университетіміздің электронды кітапханасынан «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы», «Дін мен дәстүр» секілді кітаптарды және ғылыми мақалаларды алып,қолдандым. Іс-тәжірибиенің соңғы аптасында ұстаздардан ақыл-кеңес алдым, сыныппен қорытынды сабақ өткіздім. Қорытындыласам,осы педагогикалық іс-тәжірбие барысында шынымен де үлкен тәжірбие мен болашақ мамандығыма деген қызығушылықты толықтай ала алдым. Бұл мектеп маған біраз тәжірибе мен жаңа таныстық сыйлады. Әр практикаға барған кезде өз мамандығыма әсіресе білікті мамандарды көргенде қызығушылығым арта түседі. Осы үздіксіз практика 100% ға тәжірибелі, әрі пайдалы болды деп айта аламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет