Здравствуйте №1. Асқорыту оның маңызы. Асқорыту жүйесінің қызметі. Ас қорыту типтері. Ас қорыту, оның маңызы



бет13/20
Дата14.12.2022
өлшемі2,35 Mb.
#57198
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
3 РК. Физиология жауап)

Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.
1.Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
2.Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған.
3. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады.Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады. 



Ұлу өзегінде негізгі мембрананы бойлай дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орын алады.
Корти мүшесі өте күрделі орган. Ол түкті есту торшалары мен сүйеніш торшалардан құралған. Есту торшаларының ұшында өте жіңішке түктер болады. Бұл торшалар есту мүшесінің рецепторы болып табылады, олар дыбыс толқынының әсерін қозу процесіне айналдырады. Бұл торшалардың жоғарғы жағында бір ұшы сүйекті тұлғаға жалғасып, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналасады. Дыбыс толқыны ұлудағы перилимфаға әсер етіп, оны тербетеді. Осының нәтижесінде негізгі мембрана тербеледі де, онда орналасқан есту торшаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, қозу толқыны пайда болады. Бұл қозу есту нерві арқылы миға бағытталады.

19. Тері талдағышы. Рецепторлардың жіктелуі.


Теріде орналасқан көптеген қабылдағыштар сипап сезуге, яғни сыртқы орта тітіркендіргіштердің әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Терінің сезімталдық жүйесінің аумағы өте үлкен-1,4 тен 2,1 кв.м-ге дейін болады. Теріде жанасуды, қысымды, тербелуді, жылылықты,суықты қабылдайтын және ауырғанды сезетін көптеген жүйке ұшы жинақталған. Құрылысы бойынша олар әралуан терінің әртүрлі қабатында орналасады және оның бетіндегі таралуы біркелкі емес. Олардың ең көбі саусақтарда, алақанда, табанда, ерінде және жыныс мүшелерінде орналасқан. Тері талдағышы негізгі 3 түрге бөлінеді:
1) қысым қабылдағыштары- механикалық әсердің күшін анықтайды (Руффини денешіктері, Меркель тегершіктері)
2) жанасу қабылдағыштары – әсердің шапшаңдығын қабылдайды(Мейснер денешіктері)
3)діріл қабылдағыштары- күштің тербелісін немесе үдемелі өзгерісін хабарлайды. (Пачини денешігі) Түксіз теріде, яғни қол және аяқ саусақтары терісінің бүртікті қабатында, алақанда, табанда, ерндежанасу қабылдағыштары табылған.Бұлардың сырты қабықшамен қапталған, ішкі құрылысы күрделі және пішіні конус тәрізді. Басқа қабықшамен қапталған бірақ тереңдеу орналасқан, жүйке талшықтарының ұштары қатпарлы денешіктер деп аталады. Олар сіңірлерде, дәнекер қабықшаларда, шажырқайда болады.
Терініің түктері түбінде орналасқан сипап сезу қабылдағыштарымен қатпарлы денешіктер өте жылдам бейімделеді. Тері талдағышының өткізгіш бөлімі ілмектік және қапталған жолдарынан құралады. Ілмектік жолдар миелин қабықпен қапталған, жуан және тез өткізгіш жүйке талшықтарынан тұрады.Олар миға терінің жанасу, қысым сезетін қабылдағыштарынан және буын қимылдарынан туатын серпіністерді жеткізеді. Бұл жолдар, жұлынның жоғары өрлейтін жіңішке және сына сияқты будалары аяқталатын, сопақша мидың ядроларынан басталады. Сопақша мидың жіңішке ядросында негізінен тактилдік сезімнің екінші нейрондары, ал сына тәріздіде проприорецепция нейрондары жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет