27. СЕЙІТБАТТАЛ
...Бір күні Қайтұр патша түс көріпті,
Түсінде қиямет-қайым күн болыпты.
Мұхаммед Мұстафаны ол көріпті,
Жұмла пайғамбар-әулиелерді һәм көріпті.
Жұмласы Мұхаммед пайғамбарға жиылыпты,
Жұмласы шапағат тілеп, зар қылыпты.
Жұмласына шапағат ол қылыпты,
Шапағат қылған адамлары жол тауыпты.
Қайтұр сонда:—Мен де бардым оған,—депті,
Шапағат мен де сұрадым онан,—депті.
Сол уақытта ол Мұхаммед маған айтты:
—Әуелі мұсылман болғыл өзің,—депті.
Уа және шүкір күшам Сейітбатталды,
Шығарғыл ол зынданнан қазір,—депті.
Уа және құрмет қылсаң оған,—депті,
Сонда шапағат қылармын саған,—депті.
Бұ түсті көріп, Қайтұр тұра келді,
Қараса, үйінің іші нұрға толды.
Андан соңыра иман айтып, иқрар қылды,
Мансұрға көрген түсін баян қылды.
Мансұр айтты:—Мен көрдім үшбу түсті,
Жығылалы аяғына қазір,—деді.
Қайтұр сонда:—Алай болса барғыл,—деді,
Зынданнан алып келгіл мұнда,—деді.
Мансұр енді Сейітке жүгіріп барды,
Сейіттің аяғына басын қойды.
—Кінаһімды ғафу қыл,—деп ғұзыр қылды,
Басымыздан білместік өтті,—деді.
256
257
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Падишаға ол Сейітті алып келді,
Сейіттің қолын сүйіп, басын қойды.
Жұмлатән көрген түсін баян қылды,
«Хақ расулы—Мұхаммед» деп иқрар қылды.
Қайтұр, Мансұр сол жерде мүмін болды,
Қасым және жан-тәнімен тәсілім болды.
Сейіт сонда:—Қуат жоқ һеш менім,—деді,
Жұмла қуат Алладан хүкім болар,—деді.
Мұхаммед Мұстафа бабамның мұғжизасы,
Заһир бірлән ықылас қылса һәр пәндесі.
Құданың тауфиқ таппас шермендесі,
Ғафалдар қияметте армандасы...
Достарыңызбен бөлісу: |