І. ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
Түс жору ежелгі Мысыр, Үндістан, Греция, Римде орта ға-
сырлардан бастап-ақ кең өріс алған. Бұл ежелден келе жатқан
ғылым қатарына жатады. Аристотель: «Кім образды дүние-
ден шынайы нәрсені айырып шығара алса, сол—түстің ең ке-
ремет жорушысы»,—деп айтса, Платонов: «Адамның ақыл-
ойы түстің болашақты болжап тұрған тұсын айырып ала білуі
тиіс»,—деген.
Түстің мағынасы туралы зерттеу жүргізген Ә.Диваев «Түс-
тің баяны» деген еңбегінде былай деп жазады: «Әрбір адамда
екі жан болады. Бірі рух рауан, уә біріні рух сәкіндер. Әлгі рух
рауан жан бәденге кіріп-шығып жүреді. Сол рух рауан бәден-
нен шықса, адамдар ұйықтайды. Бәденге кірсе, оянып кетеді.
Бағанағы рух сәкін бәденге жайылып, қалып болып тұрады.
Бұл жан бәденнен шықпайды. Егерде бәденнен шықса, қайтып
кірмейді, адамзат өледі. Қайсы адам күндіз һәм түнде жатса,
әлгі рух рауан бәденнен шығады, аннан соң ол адам ұйықтайды.
Мысалы, өлеңге ұсап, бұл дүниенің ғаламатын білмей жатады.
Әлгі рух рауан әр түрлі істер қылып, әр шаһарға барып жүреді,
бәденімен жүргенге ұсап жүреді. Әлгі рух рауанның көріп,
қылып жүргендері түс болады».
Түс жорумен айналысқан ислам ғалымдардың ішіндегі ең
танымалы Мұхаммед Ибн Сирин болған. Ибн Сириннің «Түс
жорудың үлкен тәпсірі» атты кітабы мұсылмандардың түс
жору туралы ең алғашқы және ең белгілі еңбегі болып табыла-
ды. Бұл кітаптың ерекшелігі мұсылман қауымының түс жору
362
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
дәстүрі мен методологиясы Қасиетті Құран мен Пайғамбардың
сүннетіне негізделіп жасалған. Сондықтан «Түс жорудың үл кен
тәпсірі» басқа түс жору кітаптарынан маңыздырақ. Ислам да
Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) заманынан бері түске ерекше мән
беріледі. Түстің үш түрі болады:
1) Рахмани түстер—Алла Тағаладан келген қуанышты
хабар, пайғамбарлықтың қырық алты белгісінің бір бөлігі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтыпты: «Менен кейін әл-мубаш-
шираттан өзге пайғамбарлық болмайды». Әл-мубашшираттың
не екендігі туралы сұрағанында, Пайғамбар (с.а.с.): «Ол адам ға
түсінде енетін шынайы түстер» деп жауап беріпті. «Бірде Жа-
ратқан Ие Адамнан сұрапты: «Сен менің жаратқандарымды
көрдің, соның ішінде өзіңе ұқсағанды көрдің бе?» депті. Сонда
Адам: «Иә, Құдай, көрмедім. Маған ұқсайтын, менімен бірге
тұратын, Сені ғана мойындап, мен сияқты Саған ғана бас иетін
жұбымды жаратшы» депті. Алла тағала Адамды ұйықтатып,
сол уақытта Хауа ананы жаратып, оның бас жағына отырғызып
қойыпты. Адам ата оянғанда, Алла тағала одан бас жағында
отырғанның кім екенін сұрапты. Адам ата: «Иә, Құдай, бұл Сен
түсімде көрсеткен елес қой» деген екен. Бұл адамзаттың көрген
алғашқы түсі.
2) Шайтани түстер—бұл адамның жанына қорқыныш ұя ла-
ту үшін шайтанның әсерінен болатын түстер. Пайғамбар (с.а.с.)
айтқан екен: «Кейбір түстер Алла тағаладан, ал кейбіреу лері
шайтаннан».
3) Қияли түстер—адамның күні бойы бір нәрсе туралы ой-
лап, кейде уайымы мен қиялының нәтижесінде көретін түсі.
Қасиетті Құранның негізінде жасалған түс жорулар:
Кеме—құтқаруды білдіреді, өйткені Алла тағала айтады:
«Оны (Нұхты (ә.с.) және кемедегі жолдастарын құтқарып, ол
оқиғаны әлемдерге ғибрат қылдық» («Анкабүт» сүресі, 15-
аят).
Тас—дінінің қаттылығын, жүрегінің мейірімсіздігін біл-
діреді. Алла тағала айтады екен: «Және содан кейін де жүрек-
терің қатайып, тастай немесе одан да қаттырақ болады..»
(«Бақара» сүресі, 74-аят).
Күл—пайдасы жоқ, теріс істі білдіреді, өйткені Алла тағала
айтады: «Сондай Раббыларына қарсы келгендердің мысалы:
362
363
ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР
боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір
пайда көре алмайды...» («Ибраһым» сүресі, 18-аят).
Су—сынақ, сын. «...әрине, оларға мол су нәсіп етеміз. Олар-
ды онда сынау үшін...» («Жын» сүресі, 16,17-аят).
Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.): «Түс—Аллаһтан, ал бұзақы
түстер—шайтаннан» деген. Ізгі түстер ізгі хабар жаршысы не-
месе ескерту ретінде түске еніп, оны Пайғамбарымыз (с.а.с.)
пайғамбарлықтың қырық алты белгісінің ішіндегі бір бөлігі
ретінде қарастырған. Сондықтан түсті жору терең ілімді та-
лап етеді. Кез келген адам түсті жори алмайды. Түс туралы
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) хадистерінде мынадай сөздер
бар: «Жаман түс көрген адам оны ешкімге айтпасын, шай-
таннан да қорғауы үшін Аллаға жалбарынсын», «Жаман түс
көрген адам оянған соң сол жағына үш рет түкіріп, шайтанның
жамандығынан сақтауы үшін Аллаға сиынсын. Сонда түс оған
зиян келтірмейді», «Жақсы түс көрген адам дереу Алла тағалаға
хамд-шүкіршілік етсін», «Түсінде қуанышты нәрселер көрген
адам түсін көкірегі ояу, адал, салих кісіге айтсын. Ол да түсті
жақсылыққа жорысын», «Түс қалай жорылатын болса, солай
шығады. Сондықтан түстеріңді насихат бере алатын кісілерге
немесе ғалымдарға айтыңдар!»
Қазақтың түс жоруы туралы әр жылдары жинақтар, кі-
тапшалар жарық көріп, мерзімді басылымдарда түс жо
ру-
дың түрлі нұсқалары жарияланып отырды. 1992 жылы әде-
биеттанушы Ж.Дәдебаев түс жорудың таңдамалы үлгілерін
жинап, «Түс аяны» деген атпен жариялайды. Кітаптың бірін-
ші бөлімінде Ә.Диваевтың, этнограф ғалым Э.Б.Тайлор мен
шы
ғыстанушы Н.Н.Пантусовтың еңбектерінен түс жорудың
үлгілерін жинақтаған. Ал екінші бөлімінде тарихта болған
белгілі тұлғалардың өмірде шындыққа айналған түстері тура-
лы аңыздар топтастырылған. 2004 жылы Шымкент қаласында
жарияланған «Қазақша түс жору» жинағын Ф.Танталиева
құрастырған. 2005 жылы Алматы қаласында «Түс жору
түр
ле
рі және қазақтың ырымдары» атты кітапша шықты.
2007 жы
лы «Түс жорудың төл кітабы» жарық көрді. «Ой-
таным» журналының 2007 жылғы 4-саны түс жорудың сыры-
на арналған. Мұнда ел аузында айтылып жүрген түс жорулар
жинақталған.
364
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Айтбай Барлыбайұлы Нұралин 1907 жылы Мұхиддин ибн
Ғарабиден араб тілінен татар тіліне аударып шығарған «Тағбир-
наме» кітабынан қазақ тіліне аударып жазып, 1971 жылы
ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған. Түс жору жинаушының
қолымен қалың шақпақ дәптерлерге жазылған. Қолжазбадан
алынып, еш өзгеріссіз ұсынып отырмыз (ӘӨИ: Ш.734. 2,3,4,7-
дәп.).
Томға осы жинақтардағы түс жору үлгілері енді.
Осы үлгілердің реттік сандық көрсеткіші төменгідей:
Достарыңызбен бөлісу: |