ғай елді мекенінде туып өскен. Ақбұлақ өзені, қазіргі Бадам
станциясы маңында дүние салған. Мұсылманша хат таныған
Майлықожа өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. Оның
(Құлыншақпен, Ұлбикемен т.б.) бар.
396
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
тағайындаған» хан, сұлтандарға қарсы көтеріледі. Бұл—дәс-
түрлі қазақ қоғамының қалың бұқарасын, оның әр алуан әлеу-
меттік топтарын (қарасын да, төресін де, шаруасын да, бай-
бағыланын да, би-ақсақалын да, батыр-баһадүрін де) қамтыған,
Ресейдің отарлау әрекетіне қарсы бағытталған ұлт азаттығы
жолындағы көтеріліс еді.
Тоқтамыс—Алтын Орда ханы. Тоқтамыс—Шыңғыс ұр па-
ғы, әкесі Төлеқожа—Көк Орда ханы Орыс ханның ағайыны.
Тоқтамыстың бала кезінде Төлеқожа Орыс ханмен билікке
таласқандығы үшін өлтіріледі. Тоқтамыс ер жеткенге дейін Ор-
дада болады да, кейін өзі Орыс ханмен, одан кейінгі Темір-Мә-
лік ханмен билікке таласа бастайды, билікке жету үшін Ақсақ
Темірден көмек те сұрайды. Ақыры 1380 жылы Тоқтамыс Ал-
тын Ордада хандық билікті қолына алады.
Достарыңызбен бөлісу: