Харон ар-Рашид (763-809)—Аббас әулетінен шыққан бе-
сінші халиф. Харон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа
созылған Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды,
сонымен бірге халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, сау-
да және мәдениет едәуір дамыды. Сондықтан болар тарихи
тұлға—Харон Рашид есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен
ертегі-жырға айналып кетті. Шығыс халықтары ертегілері мен
аңыздарында ол әділ билеуші, халық қамқоршысы бейнесін де
суреттеледі.
Хасан әл-Басри—ерте Исламның (642-728) аса ірі пірада-
ры. Мәдинеде туған, 657 жылдан Басрада тұрып, сонда дүние
салған. Мұсылман баласы пейішке бару үшін өздерінің ал-
дында шахаданың: «Бір Аллаһтан басқа құдырет жоқ» деген
бөлігін оқу керек дегенді айтады. Аралық көзқарасты ұстан ған
әл-Хасан әл-Басри үмбетінің бірлігін, мұсылман қауымы ның
қарулы қақтығысқа бармау жағын көздеді. Оның сақта
лып
қалған уағыздарынан мейірбандығымен қоса кейбір ха
дис-
тар ды тарату мен мұсылман рәсімінің кейбір жайттарын тү-
сіндіруде рационалдық бағыт ұстанды, сондай-ақ факихтарға
сын көзбен қарады.
Достарыңызбен бөлісу: |