Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет84/99
Дата06.01.2022
өлшемі1,94 Mb.
#12226
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99
ҚырымАлтын орданың орнында пайда болған хандық-

тардың бірі, ХVII ғасырдың екінші жартысына дейін дербес 

мемлекет болған. Қазіргі Қырым түбегінде орналасқан.



408

409


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Мекке—Әлем мұсылмандарының қасиетті қаласы. Онда бас 

мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның 

негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел-

ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа 

құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта 

оның есігін соған қаратты (құбыла). Мұсылмандардың Меккені 

630 ж. жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрық ша 

жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары 

дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес 

парызының бірі болып саналады.



Мәдина—арабша қала деген сөз. Меккеден кейінгі екінші 

қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед 

пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуына 

байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген ата-

уы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жылынан 

(хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі қаланғанда 

Мәдина оның алғашқы астанасы болды. 

Моғол империясы—Үндістан аумағында өмір сүрген 

ірі мемлекет (1526-1858). Дели сұлтандығы ыдырағаннан 

кейін құрылған. Негізін Темір әулетінен шыққан Захир әд-

Дин Мұхаммед Бабыр қалады. Бабыр мен оның ұрпақтары 

Моғолстаннан шыққандықтан үнділіктер (оларды «мухгал» 

деп атаған) мен еуропалықтарға Ұлы Моғолдар деген атпен 

белгілі болды. Ұлы моғол империясы барынша ұлғайған кезін-

де аумағының оңтүстігіндегі шағын князьдіктер мен патша-

лықтардан басқа Үндістан түбегін түгелге дерлік қамтыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет