270
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Бір ұрғашы ит шыға келді тағы және,
О дағы талар болды келе сала.
Таһир енді қайран боп қарап тұрды,
Һәрбір күйге салады Хақ Тағала.
Екі ит таламаққа аузын ашты,
Таһир енді шарасыздан кейін қашты.
Артынан ол екі ит қуды және
Оянып, қорыққанынан көзін ашты.
Ол түсін көңілімен білді жорып,
«Бір дұшпан аңдыды ғой мені қорып».
Зүһраға көргенін білдіргелі,
Шиғырмен бұлай деді жылап тұрып.
—Бүгін бір түс көріппін,
Қайран болып тұрыппын.
Алтын сарай ішінде,
Зар-сәргардан жүріппін.
Зүһражанға барам деп,
Жолға қадам салыппын.
Иттер келіп қамалап,
Ғажиз болып қалыппын.
Иттер келіп қасыма,
Жан-жағымды қамалап,
Қас қылады басыма.
Қанша ұмтылып қарасам,
Бара алмадым һәр жаққа.
Екі ит хамлә қылады,
Бір жағымнан бір жаққа.
Әлқисса, Зүһра сұлтан Таһирдің түсін жорып, бір назым
айтқаны.
—Таһир, түсің қара екен,
Мүшкіл ісің бар екен.
270
271
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Ғаріп басың қиындық
Көрер күні бар екен.
Көрген итің—дұшпан ол,
Арамызға түскен ол.
Екеумізді күзетіп,
Көп сырларды шешкен ол.
Сені менен айырар ол,
Қанатымнан қайырар ол.
Мұңды басты ғаріпке
Көп залымдық қылар ол...
Достарыңызбен бөлісу: