Үшінші кезең – облыстық олимпиада кезеңі. Өткізу уақыты –
сәуір айы . Облыстық
білім басқармасының бұйрығы негізінде өңірлік «Дарын» орталықтары мен
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесіп өткізеді. Облыстық кезеңде ең жоғары
ұпай жинаған 3-сыныптан 5 оқушы, 4-сыныптан 5 оқушы республикалық кезеңге
жіберіледі.
Облыстық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
бірінші бөлім - тест жұмысы;
екінші бөлім – бос орынды толықтыру;
үшінші бөлім – шешу, дәлелдеу, есептеу. Берілетін уақыт – 90 минут.
Төртінші кезең (қорытынды) – республикалық олимпиада кезеңі. Олимпиаданы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Дарын»
ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту
мектебі ұйымдастырып өткізеді. Өткізу уақыты –
мамыр айы .
Республикалық кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады:
бірінші бөлім - тест жұмысы;
екінші бөлім – бос орынды толықтыру;
үшінші бөлім – шешу, дәлелдеу, есептеу. Берілетін уақыт – 100 минут.
5. Олимпиаданың қазылар алқасы 5.1.
Республикалық олимпиаданың пәндік қазылар алқасы (бұдан әрі -
қазылар алқасы) төраға, хатшы және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының
саны 5-7 адамнан құралады. Олимпиада қазылар алқасының төрағасы мен құрамын
әр кезеңнің жауапты өкілі анықтайды және бекітеді. Облыстық олимпиада
кезеңінде қазылар алқасының құрамына «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің
өкілдері қатысып, оқушының жұмысын тексеруде жетекшілік етеді.
5.2.
Олимпиаданың қазылар алқасы:
1)
Оқушының орындаған жұмысына әділ баға беруді жүзеге асырады;
2)
тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды
тексереді және бағалайды;
3)
олимпиадаға қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келіспеушілікті
талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
4)
жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды беру үшін ұйымдастыру
комитетіне ұсыныс береді;
5)
олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды
және үйлестіруді жүргізеді.