БЕКІТЕМІН:
«Зерделі» ақыл-ой дамыту
мектебі» ЖШС бас директоры
___________________ Ы.Мәуіт
«09» қыркүйек 2024ж.
Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын
ұйымдастыру және өткізу ережесі
Осы ереже 3-4 сыныптар арасында өтетін республикалық «Алтын сақа»
математикалық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада)
мақсатын және
міндеттерін, оны өткізудің тәртібін анықтайды.
1.
Жалпы ережелер
1.1.
Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық
орталығының қолдауымен және
«Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен облыстық білім беру басқармалары бірлесе
ұйымдастырып өткізеді.
1.2.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні
бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық
ұғымдарды
талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі
есептерді шешуге
дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды
анықтап, ынталандыру.
1.3.
Олимпиаданың кестесі мен өткізу
мерзімдерін республикалық
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының келісімі негізінде «Зерделі» ақыл-ой
дамыту мектебі бекітеді.
1.4.
Олимпиада
мемлекеттік
және
орыс тілдерінде
оффлайн
форматта
ұйымдастырылады.
1.5.
Егер қатысушы олимпиаданың кез келген кезеңінде ашықтық пен
адалдық сақтамаса, нәтижесі бойынша ол мектеп екі жылға олимпиадаға қатысу
құқығынан айырылады.
1.6.
Олимпиада
тегін
өтеді. Ашықтық сақталып, әділ өткізуге негізделеді.
2.
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
2.1.
Ұйымдастыру комитеті құқылы:
Олимпиадаға жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
Тапсырмалардың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Олимпиаданы өткізудің жалпы тәртібін бақылауға;
Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мүшесі егер осы Ереженің жекелеген
тармақтары бұзылса, кез келген қатысушының Олимпиадаға қатысуын тоқтатуға
құқылы.
2.2.
Ұйымдастыру комитеті жауапты:
Осы Ереже
талаптарының сақталуына;
Осы олимпиаданың мақсаттарының орындалуы мен принциптерінің сақталуына
және барынша адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге;
Олимпиада тапсырмаларының соңғы нұсқасын дайындауға;
Берілген тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне.